Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз

Конституциялық құқықтың еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін нормаларының қатарына ҚР Конституциясының 24-бабының қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына сай болатын еңбек жағдайларына құқықты белгілейтін нормалары жатады. Ата заңға сәйкес, адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғау конституциялық құрылыстың негіздеріне жатады. Әркімнің өзінің еңбекке деген қабілеттіліктерін еркін басқаруға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға құқығы, сондай-ақ әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай жағдайлардағы еңбекке және жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы адамның аса маңызды құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондай-ақ, 29-бапқа сәйкес, азаматтар денсаулықты қорғауға, соның ішінде, еңбек қызметі барысында қорғауға құқылы.

ҚР Конституциясы құқықтың бүкіл жүйесінің қалыптасуы бастау алатын негізгі заң болып табылатындықтан, онда еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі үлкен маңызға ие. Себебі Конституцияда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайтын, адам мен азаматтың ең негізгі, аса маңызды құқықтары бекітілген. Басқа жағынан алып қарағанда, негіз қалаушы құжатта еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі заңды, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін олардың еңбек қызметі барысында қорғау әлеуметтік мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің құрамдас бөлігі және конституциялық-құқықтық деңгейде регламенттелмей қалуы мүмкін емес өте маңызды категория болып табылады.

Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына қатысты Конституция нормалары еңбек заңнамасы актілерінде дами түседі. Мысалы, Еңбек кодексінің 4-бабында ҚР еңбек заңнамасының принциптерінің арасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың мәселелерін мемлекеттік реттеу сияқтылары көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көрсетілген актінің 5-тарауы арналған .

Еңбек заңнамасының азаматтық заңнамамен тығыз байланысты екені белгілі. Соңғысы тауар-ақша және қатысушыларының теңдігіне негізделген басқа да, мүліктік қатынастарды реттей отырып, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты қатынастарды да реттейді.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді . Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді

Қазақстан Халықаралық Еңбек Ұйымына 1993 жылы мүше болды (бұдан әрі – ХЕҰ). 1995 жылдан бастап ХЕҰ Қазақстандағы Өкілдігі жұмыс істейді.

ХЕҰ офисінің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметіне, жұмыс берушілер (кәсіпорын иелері) және еңбекшілер (кәсіподақтар) ұйымына еңбек қатынастары, Жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында практикалық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын ратификациялау мен оларды орындауға қажетті саясатты құру және кеңестер, ұсыныстар, басқа да бағытталған, арнайы оқу бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы техникалық көмек көрсетуде жәрдемдеседі.

Қазақстан Өкілдері көрнекті және практикалық тәжірибе алу мақсатымен түрлі елдерде өтетін халықаралық конференциялардың жұмысына, семинарларға, симпозиумдарға шақырылып тұрады.

Туриндегі ХЕҰ халықаралық Оқу Орталығындағы оқу курстар жұмысты одан әрі жетілдіруге пайдалы. Оқу орталығында тұрақты негізде республиканың әлеуметтік серіктестіктің үш жақ өкілдері біліктіліктерін арттырады.

ХЕҰ еңбек туралы заң жобасының, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобасының, еңбекті қорғау саласындағы қамсыздандыру туралы заң жобасының, Еңбек Кодексінің және басқа да заңдар жобасының сараптамасын жасап, халықаралық еңбек нормативтеріне негізделіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне түсініктер, сипаттамалар берді.

Қазақстан ХЕҰ адам құқықтарының негізгілері жөніндегі барлық Конвенцияларын бекітті.

Бұл қауымдастық еркіндігі және коллективтік келіссөздер (№№ 87 және 98 Конвенциялар), еріксіз еңбек (№№ 29 және 105 Конвенциялар), мүмкіндіктер мен үндеулер теңдігі (№№ 100 және 111 Конвенциялар), балалар еңбегі (№ 138 Конвенциясы) бойынша Конвенциялар.

2010 жылы Женевада Қазақстанның әлеуметтік серіктестіктің үш жақ өкілдері Халықаралық еңбек ұйымымен 2010-2012 жылдарға арналған Лайықты еңбек бағдарламасына қол қойды.

Аталған бағдарлама дүниежүзілік қаржы және экономикалық дағдарысты ескере отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алдыңғы бағдарламалардың жалғасы болып келеді. Бағдарлама Мыңжылдық даму мақсаттары ережесімен және даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Шеңберлік бағдарламасын (UNDAF) басшылыққа алады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында, 2024 жылға дейін Қазақстанның орнықты дамуға өту Концепциясы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар сияқты үкіметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларында белгіленген ұлттық артықшылықтарға негізделген.

Ынтымақтасудың басым бағытының негізінде жұмыс орындары туралы ХЕҰ Ғаламдық пактісінің принциптерін жылжыту жатыр.

Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға және үш бағыт бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті басты индикаторлар мен стратегиялар нақты тұжырымдалған:

- халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді реттеу;

- ер мен әйелдердің тиімді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу;

- үшжақты ынтымақтастықты және әлеуметтік диалогты одан әрі дамыту.

Бағдарламаны іске асыру бойынша ХЕҰ және Қазақстан Республикасының үшжақты әріптестерінің конструктивті ынтымақтастығы нәтижелерге қол жеткізуді және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жағымды өзгерістермен қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]