- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт – ол еңбегінің лайықты бағаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен анықталады. Қазақстандағы жалақының өсімі дағдарыс жылдарына тап келгендіктен ресми деректерде жіпке тізгендей көрсетілетін әдемі цифрларды инфляция жұтып жатқаны анық. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде орташа айлық номиналды жалақының өсімі жылына 7 пайыздан артық көрсеткішті құрап отыр. Ресми мәліметтерде осы мөлшердегі қарқынмен халықтың ақшалай табысы да өскені айтылады. Бізде кедейшілік шегін есептеу 2000 жылы шыққан үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асады. Қаулыда «кедейшілік шегі экономикалық мүмкіндіктерге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен анықталады» деп анық көрсетілген. Нақты критерийлер мен сандар жоқ. Ал, дамыған елдердегі есеп мүлдем өзгеше. Біздің Кедендік одақ бойынша серіктесімізде де күнкөріс минимумынан төмен табысы барлар кедей саналады. Сондықтан, көптеген мемлекетте күнкөріс минимумы мен кедейшілік шегі дегеніміз – бір көрсеткіш. Ал бізде ол әртүрлі. Алайда, халықтың әл-ауқатының деңгейі тек жалақы, айлық табыс, зейнетақы және басқа да төлемдерден ғана өлшенбейді, өзге де факторлар бар. Егер кейбір тұтыну тауарларының бағасы жайында есептейтін болсақ, жағдай басқаша белең алары сөзсіз. Мәселен, негізгі азық түрлері ет, сүт, жұмыртқа құны әлдеқашан дамыған елдердегі бағамен теңесіп кетті. Іс жүзінде біздегі тұтыну себетінің деңгейі қазіргіден 2-2,5 есе көп болуы тиіс. Ол үшін еліміздегі нақты жағдайды есепке ала отырып, күнкөріс минимумын қайта қарастырып шығаруға тура келеді. Күнкөріс минимумы керек екен. Ол: - халықтың тіршілік деңгейін бағалауға және кедейшілік шегін анықтауға; - әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауға және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шарасын жүзеге асыруға; - айлық еңбекақы мөлшерінің төменгі мөлшерін, зейнетақының төменгі мөлшерін және негізгі әлеуметтік төлемді анықтауға негіз болады. Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары – бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі.
24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
Күнкөріс минимумы дегеніміз – адамның өмір сүруін сақтау үшін қажетті өмірлік қажеттіліктердің минимум құны. Күнкөріс минимумы адам денсаулығын сақтау мен оның өмір сүруін қамтамасыз ететін тамақтану өнімдері, сатылмайтын тауарлар мен қызметтер, төлемдер мен салықтардың ең аз бағаларынан тұратын тұтыну себетінің бағасын құрайды. Бұл көрсеткіш еңбекақы, шәкіртақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындауда ескеру үшін есептелінеді. Статистика түсіндіргендей, күнкөріс минимумы керек екен. Ол: - халықтың тіршілік деңгейін бағалауға және кедейшілік шегін анықтауға; - әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауға және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шарасын жүзеге асыруға; - айлық еңбекақы мөлшерінің төменгі мөлшерін, зейнетақының төменгі мөлшерін және негізгі әлеуметтік төлемді анықтауға негіз болады. Әр елде күнкөріс минимумы әрқалай есептеледі. Қазақстанда ол азық-түлік себетінің төменгі құнынан және қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге кететін төменгі шығындар үлестерінен алынып есептеледі. Біздің күнкөріс минимумымыз 60 пайыз азық-түлік себетінен және 40 пайыз азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады. Ақшалай арақатынас бойынша – тиісінше 10 295 теңге мен 6 863 теңге. Азық-түлік себетінің көлемі азық-түлік тұтынудың физиологиялық ғылыми негізделген нормалары бойынша есептеледі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіледі. Оған 40-тан аса азық-түліктердің түрі кіреді. Азық-түлік емес бөлігіне коммуналдық қызметтер, көлік, киімдер, аяқ киім, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары кіреді. Қазақстанда 2010 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша күнкөріс минимумы 12 141 теңгені құрайды. Тұтыну себетінің құрылымы: ет және балыққа – 20,3%, сүт, май өнімдеріне және тұқымдарға – 17,1%, көкөніс және жемістерге – 10,1%, нан өнімдеріне – 9,6%, қант, шай және басқа заттарға – 2,9%. Ал студенттердің шәкіртақысы 20000 теңге, жоғары санаттағылар 23700 теңге алады.
