- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
Жұмыс орны дегеніміз мамандығы бар белгілі бір жұмыскердің еңбек функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті орын және онда орналасқан өндіріс құралдары мен еңбек құралдары. Жұмыс орындары әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: жұмысшылар категориялары, кәсібі, орындаушылар саны, біліктілік дәрежесі, автоматтандыру және технологиялық жарақтандыру деңгейі, орналасқан жері бойынша.
Жұмыс орнын үш тұрғыдан зерттеуге болады: әлеуметтік, экономикалық және технологиялық. Әлеуметтік – еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұранысты білдіретін және жұмыспен қамтылу көзі ретінде сипаттайды. Экономикалық тұрғы – жұмыс орнын пайдаланудан түскен табыстың оны жасау құнынан асқанынан пайда табу көзі ретінде. Технологиялық – жұмыс орнын еңбек құралдарын пайдаланып түрлі технологиялардан туындайтын жұмыстар мен функцияларды орындау жөніндегі еңбектің алғашқы шарты ретінде сипаттайды.
Жұмыс орны[1] – жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын.\
Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Негізгі жабдықтарға жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады.
Технологиялық жарақ – өлшеу‚ кесу аспаптарынан‚ көмекші және басқа аспаптардан құралады.
Ұйымдық жарақ бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ қосалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтиды. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық‚ қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай‚ күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып‚ өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыруда оны еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етудің‚ жұмыс орнына қызмет көрсету желісін жасаудың маңызы елеулі. Жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторлары‚ қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар кешенді түрде бағаланады.
Жұмыс орнын аттестаттау
Ол негізінен, кәсіпорын қайта құрылғанда‚ жаңа техника мен технология енгізілгенде‚ шикізат пен материалдардың жаңа түрлері пайдаланылғанда, еңбек жағдайы мен сипаты өзгергенде, ұйымдық-технологиялық шараларды жүзеге асыру есебінен еңбек жағдайы жақсартылғанда, жалдаушының немесе оған уәкілетті органның‚ кәсіподақ комитетінің немесе еңбек ұжымының басқа сайланбалы органының‚ кәсіпорын қызметкерінің бастамасымен өткізілуі мүмкін. Жұмыс орнын аттестаттау үшін арнаулы аттестациялық комиссия құрылады. Ол:
қажетті құқықтық‚ нормативтік-анықтамалық базаны тұжырымдайды‚
оны зерделеуді ұйымдастырады;
мүдделі органдармен (еңбек жағдайының сараптамасымен‚ санэпидемиологиялық қызметпен‚ еңбек инспекциясымен) және кәсіподақ органдарымен өзара іс-қимылды айқындайды;
аттестатталуға тиіс жұмыс орныдарының тізбесін жасайды;
орындаушылардың барлық кезеңдерде жүргізілетін жұмысының барысына ұйымдық‚ әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
жұмыс орнының техология және ұйымдастырылу деңгейінің жобалық құжаттарға‚ еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына‚ құрылыс және санитарлық ережелерге сай келуіне өндірістік баға береді;
эиянды және қауіпті өндірістік факторларды зерттеулердің көлемін айқындайды және оларды жүргізеді;
жұмыс орнының ұйымдық-технологиялық деңгейін бағалау картасын‚ жұмыс орнындағы еңбек жағдайының картасын және жұмыс орнын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдістемесінде көзделген басқа да құжаттаманы жасайды.
Жұмыс орнын аттестаттау нәтижелері бойынша қызметкерлері ерекше еңбек жағдайына байланысты жасы бойынша зейнетке шығуға құқығы бар. Жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚ кәсіптер мен қызметтердің‚ қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қызметкерлеріне үстеме ақы төленетін жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚ кәсіптер мен қызметтердің‚ жұмыс орныдарын еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сай келтіру мақсатында оларды оңтайландыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралардың тізбесі жасалады.
