- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
Жұмысбастылық – маңызды макроэконоикалық көрсеткіш, экономиканың, халықтың байлығының ең басты мінездемесі. Бірақ та, жұмысбастылық тек-қана экономикалық құбылыс емес, сонымен қатар, ол әлеуметтік сипатқа да ие. Ол қоғамға пайдалы қарекет ету арқылы өзін-өзі көрсету көмегімен адамдардың тек-қана табысты керек етушілігін емес, сонымен бірге, қоғамның дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейінде сұрауларға қанағат болу сатысын айқындайды.
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.
Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.
Еңбек аясында қажеттіліктерін қанағаттандыру мен еңбекке байланысты қатысы бар адамның дамуының әлеуметтік аспектілерінің ең негізгілерінің бірін жұмысбастылық ашады.Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мен оларды әлеуметтік қорғаудың мәселелерін шешудің көптеген жолдары бар. Көптеген әлеуметтік байланыстар қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі мен жұмыссыздық көбейген кезінде олардың қайсысы ең тиімді екен деген сұрақ туады. Дағдарыс кесірінен тұрғындардың нақты ақшалай табыстары мен өмір сүру деңгейі төмендеп, экономиканың салалары мен мемлекет аймақтарында өткір қақтығыстар пайда бола бастайды.
Тұрғындардың кедей категорияларының ақшалай табыстарының, зейнетақы мен төлемдердің, жалақының минималды және орта мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пен халықтың табыс деңгейі бойынша бөлінуі әжептеуір көбейді және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны да өсті.
Қазіргі кезде жұмысбастылықты басқару мәселелері бірінші ретте шешілуі тиістілердің қатарына қосылып, оларды шешудің жолдары өзінің шегіне жеткенін көрсетті. Тұрғындардың түрлі категорияларын әлеуметтік қорғаудың нақтылы іс-шаралары керек. Әлеуметтік-еңбек аясындағы жағдайдың шиеленісуіне кірісу үшін жаңа шешу жолдарын табу керек. Олардың дәстүрлік жолдары қазіргі кезде орындалуы тиіс мәселелерге қатыса алмайды.
Қазіргі таңда мүгедектер, жастар және әйелдер сияқты әлеуметтік қорғаусыз қалған тұрғындар категориясын жұмысбастылар қатарына қосу мәселелерін ұйымдастырудың жаңа жолдарын табу өте маңызды. Бұл азаматтар категориясы мемлекеттің аса қатты қорғауын сұрау етеді. Өйткені, төменгі әлеуметтік статуспен шектелген еңбекке деген жарамдылығы бар адамдар ұшін қазіргі кездегі жағдайда жұмыс табу өте қиын.
Қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.Жастардың жұмыс бастылығын ретке келтiрушi жүйе реттеушiлiк әсерiн тигiзу жұмысбастылықты басқарудың парадигма сұлбасына бағытталған тұтас жүйе болып көрiнуi мүмкiн. Оның мәнi “емдеуде” емес, әлеуметтiк қолайсыз жағдайлардың алдын алуда, сол сияқты жастардың жұмысқа орналасу талаптарын қанағаттандыру мақсатында болып отыр. Жастарды басқару жүйесiнiң негiзiн реттеушi қызметтердiң мақсаттары мен мiндеттерi құрайды. Реттеудiң негiзгi функциялары: алдын алу, терапия, түзету, реабилитацияның маңыздары қаралған. Реттеушi ықпалдардың элементтерi: басқарудың субъект немесе объектiнiң бiлiми құндылық бағыттары, мотивтерi, мақсаттары, әрекеттiк стратегиялары, ықшам социумы түсiндiрiлiп жазылған және атап көрсетiлген. Технологиялық база – нормативтiк, операциялық және инструментальдық блоктармен көрсетiлген. Жастардың жұмысбастылығын басқару жүйесiн қарастыру ұйымдастырылу жүйелерi қорытындылайды. /4/
