Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз

Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады. Сарапшылардың бағалары бойынша еңбек нарығын құруда екі үлгідегі рыноктың қалыптасуы байқалады: сыртқы(кәсіптік) және ішкі нарықтар.

Енбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі , онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады .Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады . Еңбек нарығы – экономикаға жағдай көрсетудің айнасы , тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын , жұмыссыздықтың сала бойынша , кәсіби біліктілік , демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.

Еңбек нарығының әлеуметтік – экономикалық теориясы нарықтық экономиканың дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктерімен сипатталған.

Еңбек нарығын реттеуге байланысты мәселелер, оның негізгі құраушылары жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесін зерттеу көптеген белгілі экономикалық ғылым өкілдерінің, түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың қарастыратын негізгі нысаны болды. Жалпы алғанда, тарихи даму барсында еңбек және оның мәні туралы алғашқы ғылыми зерттеулер нарықтық экономиканың реттелмейтін жағдайындағы оны қолданудың күрделі мәсілелерін жария етті.

Заманауи еңбек нарығының аса маңызды компоненттерінің бірі еңбек бағасының өзгерістері түрінде алынған ақпараттар негізінде жалданып жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті тұрғындар мен жұмыс берушілердің алуан түрлі мүдделерінің өзара әрекеттестігі мен келісімділігіне тұжырымдалатын оның өзіні-өзі реттеу механизмі болып табылады. Аталған механизмнің құрылымы өзіне еңбекке деген сұранысты, еңбек ұсынысын, еңбек бағасын және бәсекелестікті кіргізеді.

Еңбек нарығы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі ЕН – бұл бір к/о шеңберіндегі жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жұйесі.

Сыртқы ЕН – елдің, аймақтың, саланың аумақтарымен шектеледі.

Сыртқы немесе кәсіптік еңбек нарығы фирмалар мен кәсіпорындар арасындағы жұмыс күшінің жұмылдырғыштығын жобалайды және ішкі нарықпен салыстырғанда кадрлардың жиі тұрақтаулармен сипатталады.

Ішкі еңбек рыногында еңбек қатынастарын реттеу жұмыспен қамыту кепілдіктеріне және бір кәсіпорында ұзақ жұмыс істеу стажын ынталандыруға негізделеді.

Ішкі және сыртқы еңбек нарықтары бір-бірімен органикалық байланысты және бір-біріне тікелей әсер етеді. Олар бірін бірінсіз бола алмайды.

Ішкі еңбек нарығын қалыптастырудың мақсаты - түрақтылық пен мобильділік принципі негізінде кәсіпорынды қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің икемді түрлерін қалыптастыру. Бұл мақсатта кәсіпорын нақты тұрақты штатты қалыптастырып, қалған жұмысшыларды сыртқы нарықтан қалыптастырады. Тұрақты және уақытша персоналдардың көлемі өнімдер мен технологияның жаңару жылдамдығына тәуелді. Сыртқы еңбек нарығы жұмыс күшінің кәсіби және әлеуметтік белгілірінің негізінде қалыптасады.

Жұмыс күшінің құны екі фактор арқылы анықталады: біріншіден, жұмысшының кәсіби-квалификациялық деңгейі арқылы ( қажетті білімдер мен дағдылардың жиынтығы); екіншіден, тұтыну корзинасына кіретін өмірлік құралдардың жиынтығы арқылы. Осыдан келіп, жұмыс күшінің құны ақша түрінде оны оқытуға, дайындауға, мамандығын көтеруге кететін шығын түрінде көрініп, тұтыну корзинасының орташа құнын әлеуметтік-демографиялық жағдайларды есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]