Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аралы ОСП 2016 каз 1 замер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.99 Кб
Скачать

Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен

Толығымен қанағаттанамын

Ішінара қанағаттанамын

Қанағаттанбаймын дегенім дұрысырақ

Қанағаттанбаймын

Жауап беруге қиналамын

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасы

47

41

3,5

1

7,5

Этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты

43

42,5

4

2,5

8

Конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты

48

37

3,5

2,5

9

Мемлекеттік жастар саясаты

40,5

37,5

6

6,5

9,5

Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі

«Cіз өзіңізді патриот ретінде санайсыз ба?» деген сұраққа сұрау алынған респонденттердің көпшілігі «иә» - 64,5%, « иә дегенім дұрыс» - 16,5% деп жауап қайтарса, теріс жауапты Қарғалы ауданының жас тұрғындарының тек 9% берді. Оған қоса, респонденттердің 10%ы қандай да бір жауап қайтарудан бас тартты. Дәл солай, тұрғындар арасында елжандылық деңгейі жоғары деп санауға болады, дегенмен де, тұрғындар арасында тағы да атап өтуге болатын азаматтар санасында көрініс тапқан экономикалық ахуал себепкер болған теріс көңіл күй орын алады. Жалпы, патриоттық пиғылдағы азаматтардың жалпы саны 81% құрайды.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Қарғалы ауданы тұрғындары арасында көпшілігі «патриотизм негізінде өз еліне деген сүйіспеншілік жатыр» деп санайды. Дәл осылай, респонденттердің 50,5% «Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді?» деген сұраққа жауап қайтарды. Сұрау алынғандардың 21% пікіріне сай, «патриот болу» елдің игілігі үшін жұмыс (әрекет) деп санайды, респонденттердің 7 % патриот елдегі жағдайды оның жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін өзгертуге ұмтылуы тиіс деп көрсетеді (кесте 3). Жоғары білімі бар азаматтар сұрақтың осы екі нұсқасын жиірек таңдады. Көп жағдайда 19 және 24 жас аралығындағы жастар патриотизм мәнін елге сүйіспеншілік деп көрсетеді және оны белсенді позицияны білдірумен байланыстырмайды: тек 25% үшін патриотизм ел игілігі үшін жұмысты, ал 18% үшін – елдегі жағдайды өзгертуге ұмтылысын білдіреді.

Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)

1

Өз елін сүю

50,5

2

Елдің гүлденуі үшін/ игілігі үшін жұмыс жасау/ қызмет ету

21

3

Елдегі жағдайды ,оның жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін өзгертуге ұмтылу

7

4

Елді кез келген орынсыз шабуыл мен айыптаулардан қорғау

6

5

Өз елін басқа елдерден жоғары санау

0,5

6

Өз елің туралы ащы болса да шындықты айту

1

7

Елдің ешқандай оқылығы жоқ деп санау

5

8

Жауап жоқ/ жауап беруге қиналамын

9

Қорыта келе, аудан тұрғындары, әсіресе жастар арасында бірқатар параметрлер бойынша елжандылық деңгейінің жоғары екені анықталды.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАҚ ҚА ҚАТЫНАСЫ МЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

БАҚ төртінші билік ретінде, тұрғындардың қатынасы мен сенім деңгейі - күтілімнен төменірек болды. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, респонденттер белгілі бір мәселе пайда болған жағдайда, ең соңында ғана пресса көмегіне жүгінеді. Дегенмен, респонденттерден «жаңалықтарды үнемі қадағалайсыз ба?» деген сұраққа басым бөлігі (71%) «иә» деп жауап қайтарды, ал қалғандары не «жоқ» (13,5%), не «жауап беруге қиналамын» (15,5%) деп жауап берді. Шамамен, Қарғалы ауданы халқының үштен бір бөлігі жаңалықтарға көп көңіл бөле бермейді.

Диаграмма 8. Ақпарат көзі (респонденттердің жауаптары бойынша)2

Қарғалы ауданы тұрғындары, бұқаралық ақпарат таңдауда басымдылықты телеарналарға береді. Телеарналардың жинақты үлесі (оның ішінде республикалық және жергілікті телеарналар) 64% құрайды. Салыстырмалы түрде, баспасөздің жинақы үлесі (оның ішінде республикалық және жергілікті баспасөз) алғашқыға қарағанда 2,56 есе аз. Интернеттің үлесі қалғандарына қарағанда аз, бұл қалғандарына қарағанда қол жетімділігі төменділігімен де байланысты. Ақпарат көзі ретінде «mail.ru», «nur.kz» «tengrinews.kz» және т.б. ғаламтор ресурстары аталды.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Балалар мен тәуекел тобындағы отбасыларға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсететін түрлі ведомстволық мекемелер желісін кеңінен дамытуды қарастыратын біздің мемлекетіміз өзінің әлеуметтік саясатын күзету- қорғау тұжырымдамасы негізінде құруда. Елімізде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, оларға қатысты жазалау шараларын шектейтін ювеналды соттар қызмет етеді. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай жалпыға ортақ, балаларға достық ілтипаттағы құқықтық жүйені құруға бағытталған, балаларға арналған сот төрелігі жүйесінің реформасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жастар арасындағы қылмыстылық – әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және тәрбиелік мәні бар факторлар кешенімен байланысты болып отыр. Жастар арасында қылмыстың таралуына көбінесе жастарды әлеуметтендірудегі кемшіліктер ықпалын тигізеді.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде алынған деректерге сәйкес, Қарғалы ауданы жастардың басым бөлігі бейәлеуметтік мінез-құлыққа теріс қарайды. Ауданның жас тұрғындары көп жағдайда тонауға, ұрлыққа (82%), педофилияға (80%), сондай-ақ, кісі өлтіруге және өзін өзі өлтіруге (79,5%), есірткі пайдалануға (79,5%) және ерте жыныстық өмірге (79,5%) жол бермеу қажет деп санайды (толығырақ 9 диаграмма).

Диаграмма 9. ... қатысты өз көзқарасыңызды білдіруіңізді өтінеміз3

Сонымен қатар, жастардың басым бөлігі бір жыныстық нәпсіқұмарлыққа (79%), діни экстремизмге (79%), жезөкшелікке (78,5%), өзімен бірге қару алып жүруге (78%) және дәстүрлі емес діндерге (87,4%) теріс қарайтындығы туралы пікірлерін білдірді.

Жастардың тек аздаған бөлігі дәстүрлі емес діндерге (3%), отбасылық жанжалдарға (2%), діни экстремизмге (2%) және отбасылық ажырасуға (1,5%) оң көзқарас танытады. Көрсеткіштер тым жоғары болмаса да, бұл назарға алынуы тиіс факт болып табылады.

Диаграмма 10. «Сіз жастар арасындағы қылмыстылық себебі неде деп ойлайсыз?» сұрағына респонденттердің жауаптар нәтижелері

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері қылмыстың ең маңызды факторларына мыналарды жатқызуға болатындығын көрсетті: жастар арасындағы жұмыссыздық (37%), нашар отбасылық тәрбие (36,5%), ТВ-ға, фильмдерге еліктеудің кері үлгілері (17,5%). Жастардың пікірі бойынша, жастар арасындағы қылмыстың себептері жастардың құқықтық білімінің төмен деңгейі (10,5%), білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының әлсіздігі(9%)

және тынығу және ойын-сауықтық мекемелердің болмауы (7,5%) қоғамда ұғынықты өнегелік идеалдардың болмауы болып табылады (диагр. 10). Сонымен қатар, жастар қылмысының себептері арасында қоғамда ұғынықты өнегелік идеалдардың болмауы (6,5%) бейқамдық, жауапкершілік сезімінің жоқтығы (5%), бұқаралық жастар ұйымдарының жетіспеушілігі (4%), діни тәрбиенің болмауы (3,5%), өзіне сыни көзбен қараудың және өз-өзіне адекватты баға берудің жоқтығы (1,5%) атап көрсетіледі.

Жас тұрғындар жоғарыда аталып өткен мемлекеттік саясатпен сәйкесінше шектесетін түрлі бағыттағы жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын бағалады. Мәселен, Қарғалы ауданы жастарының басым бөлігі ҚР мемлекеттік рәміздеріне құрметті насихаттау бойынша жұмысты (52,5%) «жоғары» бағалады, «жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу» бойынша жұмысты ауданда «жоғары» деп тек 38% бағалады. Респонденттердің 45% қазіргі жағдайда аудандағы діни экстремизмді алдын алу бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын бағалады.