- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»
- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм
- •Бадамша – 2016
- •Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- •Іріктемені қалыптастыру
- •Мәліметтерді жинау әдісі
- •Құралдар құрылымы
- •Диаграмма 4. Қарғалы ауданы тұрғындары арасында адаптантар мен дезадаптанттардың үлес салмағы (жалпы респонденттердің жауаптары)
- •Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
- •Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
- •Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі
- •Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
- •Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
- •Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
- •Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар
Іріктемені қалыптастыру
Іріктеме жиынтығының көлемі – аудан тұрғындары арасында 200 респондент.
Әлеуметтік сауалнаманы өткізу аймағы – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аудан орталығы мен ауылдық округтері.
Зерттеуде бөліктелген көпдеңгейлі іріктеме қолданылады. Ең басында, аудан орталығы мен ауылдық округтері бойынша тұрғындар санына байланысты іріктеме көлемі анықталды.
Аталмыш зерттеуде бақылау бірліктерін іріктеу бірнеше кезеңнен өтті және іріктеменің ықтималдық дизайны қолданылды. Іріктеменің ықтималдық дизайны кезінде кез келген адам (14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі), жиынтық шеңберінде талдау үшін іріктеуде тең мүмкіндікке ие.
Бөліктелген көпдеңгейлі іріктеме қолданылды. Дәл осылай, негізгі страталар ретінде түседі:
1 Деңгей. Аудан орталығы және ауылдық округтар бойынша іріктеу – 14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі Қарғалы ауданының аудан орталығы мен ауылдық округтарының тұрғындар санынан іріктеме көлемі анықталды.
2 Деңгей. Бастапқы орынды іріктеу – әрбір тұрғылықты мекен шеңберінде ықтималды түрде бағдардың бастапқы орындары мен респонденттер саны анықталды.
3. Деңгей. Үй шаруашылықты іріктеу – бастапқы орыннан бағдар бойынша «сол қол» ережесіне сәйкес үй шаруашылығы іріктелді.
4 Деңгей. Квотаға сәйкес респонденттерді іріктеу– әрбір үй шаруашылықта респонденттер екі жас-жыныстық квота бойынша – респонденттің жасы 14 жастан төмен емес, сонымен бірге жынысы бойынша репрезентатты өкілді (сұрау алынатын ерлер мен әйелдердің саны Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес есептелінген) болуы қажет.
Іріктеме репрезентативті, яғни көрсетілген параметрлер бойынша респонденттер құрамы бас жиынтықтағы (2015 жылдың статистика Агенттігі мәліметтері бойынша) сәйкес пропорцияларға жақындатылған. Оған қоса, іріктеме жиынтықтың орташа сипаттамалары бас жиынтықтың орташа сипаттамаларынан ауытқушылық ± 5% шегінде.
Мәліметтерді жинау әдісі
Осы зерттеуде қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін мәліметтерді жинау, сандық әдісі – респондентпен жеке сұхбат арқылы анкетаны қолданумен жаппай сауалнама қолданылады.
Мәліметтерді жинау әдісі «face to face» жаппай сауалнама болып табылады. Аталмыш әдіс, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы объективті мәлімет алуға мүмкіндік береді.
«Face to face» жаппай сауалнамасы Қазақстан Республикасында кеңінен қолданылады. Ол - зерттеуде іріктеме негізінде іріктелген және өзінің әлеуметтік топтар құрылымы жиынтықтарын білдіретін респонденттердің зор көлемінің қатысуын білдіреді. Өткізілген жаппай сауалнама нәтижелері негізінде белгілі бір деңгейдегі дәлдікпен жаппай ғадет туралы болжам құрылады. Жаппай сауалнаманың негізгі міндеттері – адамдардың пікірі, олардың әлеуметтік құбылыс сарындары мен бағалары туралы, қоғамдық, топтық және тұлғалық сана жағдайы туралы мәліметтер алу болып табылады.
Жаппай сауалнама шеңберінде мәліметтер жинау респонденттердің тұрғылықты жері (пәтер сауалнама), немесе оқу / жұмыс орны / жұмыспен қамту орталықтарында (мақсатты топтарға жедел ізденіс және қол жетімдік үшін) жүргізіледі. Жаппай сауалнама құндылығына ұзақ сұхбаттар жүргізу мүмкіндігі мен сұхбаттасушылар жұмысын бақылау өткізу оңайлығы жатады. Пәтерлік сауалнаманың қиындықтарына респонденттер тарапынан күмәнді қатынас, байланысқа түсуге ниетінің болмауы мүмкіндігі жатқызылады. Алайда, бұл қиындықтарды сұхбаттасушылар жақсы біліктілігімен жеңіп шыға алатынын ескере кету керек. Осы принцип бойынша құрастырылған сауалнама бірнеше кезеңдерден тұрады. Сұхбаттасушыда жобасы супервайзер мен менеджерлерден алған нұсқауларға сәйкес жүріп, оған қоса сауалнама жүргізілген уақыт, мекен-жай, сұхбат саны, сәтті және сәтсіз сапарлар, респонденттердің байланыс телефон номерлері тіркелетін бағдарлы парақ міндетті түрде болуы тиіс.
