Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аралы ОСП 2016 каз 1 замер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.99 Кб
Скачать

Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»

«Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм

тапсырысы бойынша

ЖК «Г.М. Досниязова»

Бадамша – 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6

ЖАППАЙ СҰРАУҒА ҚАТЫСҚАН РЕСПОНДЕНТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

11

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

13

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, ХҚКО ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ

19

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, ӘСІРЕСЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

21

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАҚ-ҚА ҚАТЫНАСЫ МЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

22

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

24

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУЫ

27

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

30

КІРІСПЕ

Осы сараптамалық есеп 2016 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» тақырыбымен өткізілген әлеуметтік зерттеу мәліметтері негізінде дайындалған.

Тақырыптың өзектілігі.

2016 жыл Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтуде, оған қоса, өткен 2015 жыл барлығы үшін жаңа жеңістер уақыты болды. Осы жылы мемлекет экономиканың терең реформаларына көшті. Ұлт жоспарына сәйкес қабылданған жаңа заңдар Қазақстанның барлық құқықтық базасын жаңартты. Индустриаландырудың екінші бесжылдығы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру басталды. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі өзекті трендтермен есте қалады – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуі, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге, Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары ретінде «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» ұсынылуы мен бекітілуі. «Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» кіріспе сөзінде: «Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген. Ұлт жоспары Қазақстанның дамуының мол әлеуетін ашатын тұтас міндеттерді нақты жүзеге асыруды алға қояды.

«100 қадам» - бұл мемлекеттік даму мен қоғам өмірінің барлық қырын реформалауды қамтитын Елбасының 100 нақты тапсырмасы мемлекет, экономика мен қоғамның кезең-кезеңмен жаңғыртуының негізін қалайтын 100 толық және тәжірибелік шешімдерден тұрады.

Қоғамдық-саяси ахуалға, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік хал-жайына әсер ететін маңызды оқиғалардың бірі бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің инфляциялық таргеттеуге көшуі, доллар курсының рекордты өсіміне және ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты тез төмендеуіне әкелген болатын. Геосаяси турбуленттілік және ірі елдердің санкциялық саясаты, жаһандық экономикалық өсімі бәсеңдеуі, Орталық Азия тұрғындарын қатарына жиі-жиі тартатын ДАИШ (ИГИЛ) кейіпіндегі халықаралық лаңкестік - халықтың ынтымағы мен стратегиялық міндеттеріне айнымастығы зор маңызға ие болған Қазақстанның алдында тұрған қауіп қатерлердің соңғысы емес.

Ұлт жоспары «100 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген бағытқа айнымастығын сақтап, жинақталған реформалар нәтижелері мен инновация тәжірибесін, даму динамикасын жоғалтпай мемлекеттік құрылымның жаңа сатысына көтерілгенін атап өтті.

Қоғамдық-саяси ахуалдың қалыптасуына, кез келген мемлекетте әр қилы сыртқы және ішкі факторлардың әсері тиеді. Республиканың әр өңіріндегі қоғамдық саяси ахуалға: бірқатар құрамдас бөліктерді, соның ішінде; әлеуметтік экономикалық жағдай, этносаралық тұрақтылық, поликонфессиялылық және төзімділік, жалпы жайлы психологиялық деңгей, қорғалу сезімі, саяси қатысу деңгейін және тағы басқа да факторларды жатқызуға болады.

Осы орайда, республиканың аймақ тұрғындары арасында толғандырған өзекті мәселелерді, сонымен қатар, қоғамдық-саяси ахуалды анықтау мұқтаждығы туындайды. Аудан тұрғындары арасында толғандырған өзекті мәселелерді анықтап, уақытылы өз шешімін табу және қоғамдағы әлеуметтік-саяси тенденцияларды жіті бақылау қажет.

Соңғы жылдары, Қазақстанда азаматтық қоғамның бөлігі ретінде БАҚ тың үздіксіз дамуы мен жастар саясатын жүзеге асыру және өзара қатынас пен мемлекеттік билік органдарының тарапынан қолдау негізінде, қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі олардың рөлін күшейту үшін барлық жағдай жасалынған.

Діни ахуал мәселесі қазіргі таңдағы Қазақстан жағдайында; ел басынан өткізіп жатқан әлеуметтік өзгерістер көлемімен тікелей сәйкес зор маңызға ие. Сондықтанда, қоғамдық-саяси, діни ахуал ерекшеліктерін, жастар саясатының жүзеге асуы және БАҚ рөлін, негативті салдарлардың қалыптасу заңдылықтары мен күшін жою тәсілдерін анықтау шынайы өзектілік тудырады. Аталған қоғамдық-саяси және экономикалық іс-шараларға байланысты, аталған әлеуметтанулық зерттеуді өткізу өзекті болып табылады.

Қазіргі таңда, жастарды зерттеу өзектілігі бірнеше себептермен байланысты: біріншіден, бұл әлеуметтік топ өз жас ерекшеліктеріне сәйкес ең белсенді; екіншіден, халықтың басым бөлігін құрайды; үшіншіден, жаңашылдыққа бейім инновацияның әлеуметтік базасы ретінде қарастырылады; төртіншіден, өмірлік циклдің маргиналды орнына ие бола тұра, жастар өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайында осал, бесіншіден, жастар қоғамдағы саяси ықпал мен күрес нысаны болып табылады. Әсіресе, аудан жастарының қазіргі таңдағы жағдайының зерттелуі міндет.

Аталмыш зерттеу Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу бойынша «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тапсырысы бойынша өткізілген.

Алынған мәліметтер біріншіден, халық ортасындағы қоғамдық-саяси ахуалды шынайы бағалауға, екіншіден, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқы Жолдауында, сондай-ақ «Ұлт жоспары - Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында аталған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ұтымды шаралар қабылдауға септігін тигізетін жедел ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны. Зерттеу аудан аумағында тұрып жатқан 14 жастан бастап және 29 жасқа дейінгі тұрғындарға бағытталған. Бастапқы жас шегі осы жастан бастап индивид әрекет қабілеттілігіне ие бола бастайды, яғни өзі үшін азаматтық міндеттерді қалыптастырып, оны орындай бастайды. Индивид саналы түрде мәдени әлеуметтік бейімделудің алғашқы белгілерін білдіре бастайды, өзінің мамандығын, оқу орнының типін анықтайды.

Зерттеу пәні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал болып табылады.