Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАГ. ФИЛ. вступительный-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Іі блок

  1. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әдісінің тарихы, теориясы, зерттелуі туралы баяндаңыз.

  2. Қазтуғанның өмірі және шығармашылығы туралы әңгімелеңіз.

  3. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымдардың басты бағыттарын сипаттаңыз.

  4. Орхон-Енисей жазбалары туралы зерттеулерді саралап айтыңыз.

  5. Орта ғасырлардағы жалпы түркі халықтарына ортақ туындылардың ерекшелігі туралы айтыңыз.

  6. Жыраулық поэзия туралы зерттеулерді саралаңыз.

  7. Қазақ әдебиетіндегі ежелгі түркі дәуірінің (VІ–Х ғ.ғ.) ерекшелігін сипаттаңыз.

  8. «Қисса-сұл әнбия» жәдігерінің діни-танымдық сипатына талдау жасаңыз.

  9. Қазақ әдебиетіндегі сын жанрының қалыптасу жолдарына талдау жасаңыз.

  10. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  11. «Күлтегін» жәдігерлігінің зерттелуін сипаттаңыз.

  12. Б.Күлеев шығармашылығы және оның зерттелуін баяндаңыз.

  13. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттарды саралаңыз.

  14. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық туралы пайымдаңыз.

  15. Қазіргі кездегі абайтанудың бағыт-бағдары жайлы әңгімелеңіз.

  16. Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қазақ прозасының даму үдерісіне талдау жасаңыз.

  17. ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың зерттелу мәселелерін саралаңыз.

  18. Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесін сипаттаңыз.

  19. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдеріне тоқталыңыз.

  20. С. Торайғыров шығармашылығының зерттелуі ерекшелігіне тоқталыңыз.

  21. «Абай жолы» эпопеясы және оның зерттелуі туралы баяндаңыз.

  22. Ғ. Мүсірепов шығармашылығының зерттелуіне тоқталыңыз.

  23. С.Мұқанов шығармашылығын зерттеуге арналған бүгінгі күнгі еңбектердің ерекшелігіне тоқталыңыз.

  24. Ә.Тәжібаев шығармашылығының басты салалары және негізгі бағыттарын сипаттаңыз.

  25. З.Қабдоловтың ғылыми зерттеулерінің мәніне тоқталыңыз.

  26. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесіндегі тәуелсіздік идеясына, проблематикасына талдау жасаңыз.

  27. Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» және «Жат қолында» романдарындағы замана шындығын ашыңыз.

  28. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму үдерісін (1990–2010 жылдар) сипаттаңыз.

  29. Т.Ахтанов шығармашылығының негізгі арналары мен басты бағыттарын сипаттаңыз.

  30. Б.Момышұлы шығармашылығы. Әскери тақырып және соғыс шындығын көрсетіңіз.

  31. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы. Тарихи шындық және көркемдік шешімді анықтаңыз.

  32. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік ізденістерді көрсетіңіз.

  33. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістерді саралаңыз.

  34. І. Есенберлиннің тарихи романдары: тарихи дерек және көркемдік қиялды ажыратып көрсетіңіз.

  35. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші ғалымдардың танымал еңбектерін атап, олардың өзіндік ерекшелігін сипаттаңыз.

  36. А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы екендігін дәлелдеңіз.

  37. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын жүйелеп, саралаңыз.

  38. Әдебиет және мифологияның байланысын сипаттаңыз.

  39. Қазақ әдебиеті және фольклорының байланысын сипаттаңыз.

  40. Б.Кенжебаев және қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселелеріне тоқталыңыз.

  41. М.Әуезов және қазақ әдебиеті тарихының зерттелуін сипаттаңыз.

  42. З.Қабдоловтың қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесін саралаңыз.

  43. Т.Кәкішевтің қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеуге қосқан үлесін саралаңыз.

  44. Қазақ әдебиетін зерттеудің жаңа бағыттарын атаңыз, олардың өзіндік сипатын баяндаңыз.

  45. Қ.Жұмалиевтың қазақ әдебиеті тарихына қатысты еңбектерінің ерекшелігіне тоқталыңыз.

  46. З.Ахметовтың абайтануға қосқан үлесін саралаңыз.

  47. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігіне талдау жасаңыз.

  48. ХХ ғасырдың 50–60 жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жаңашылдықты саралап жазыңыз.

  49. ХХ ғасырдың 60–80 жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму тенденциясын саралап жазыңыз.

  50. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму тенденциясын саралаңыз.