Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАГ. ФИЛ. вступительный-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Қосымша әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.

  2. Әмір Р., Әмірова Ж. Құрмалас сөйлем қазақ тілінің құрылымдық, функционалдық жүйесінде. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009.

  3. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. – Алматы, 1941.

  4. Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. – Алматы: Қазақстан, 1983.

  5. Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі. – Алматы: Арыс, 2008.

  6. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.

  7. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. – Алматы, 1983.

  8. Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1991.

  9. Қордабаев Т., Ғаламов Т.Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы, 1975.

  10. Өмірәлиев Қ. ХІУ–ХУ ғғ. қазақтың ескі жазба әдеби тілі. – Алматы, 1983.

  11. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 2010.

  12. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар мәтіндері. – Алматы, 1973.

  13. Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Рауан, 1991.

15. Момынова б., Саткенова ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.

16. Әуезов М. Шығармалар жинағы (20 томдық). – А, 1979-85.

17. Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы: Ғылым, 1961.

18. Қабдолов 3. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 1992.

19. Қазақ әдебиетінің тарихы (3 том). – Алматы: Ғылым, 1967.

20. Кенжебаев Б.Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986.

21.Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. –Алматы: Мектеп, 1973.

22.Ахтанов Т. Керуен. – Алматы: Жазушы, 1969.

23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996.

24. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.

6. «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан сұрақтары і блок

  1. А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін қалыптастырудағы рөліне тоқталыңыз.

  2. Қ.Жұбановтың қазақ тілін зерттеудегі мұрасына ғылыми тұрғыдан бағалау жасаңыз.

  3. Ғ.Мұсабаевтың қазақ тілінің лексикология саласының ғылыми негізін қалаудағы атқарған қызметіне сараптау жасаңыз.

  4. А.Ысқақовтың қазақ тілінің ғылыми морфологиясының негізін қалаудағы еңбегін зерделеп жазыңыз.

  5. М. Балақаевтың ғылыми синтаксис жүйесін дамытудағы рөліне тоқталыңыз.

  6. А.Қайдаровтың тіл саласындағы еңбектеріне талдау жасаңыз.

  7. Р. Сыздықтың қазақ әдеби тілі тарихы мәселелеріне қатысты пікірлеріне сараптаулар жасаңыз.

  8. Тіл дыбыстарына физикалық, анатомиялық, физиологиялық аспектілермен байланыстыра отырып шолу жасаңыз. Мысалдар беріңіз.

  9. Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері мен табиғатына тоқталыңыз.

  10. Дыбыс пен фонема. Олардың ортақ жақтары мен айырмасын ғылыми түрде анықтаңыз. Мысалдар беріңіз.

  11. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен дыбыстарды жіктеудің маңыздылығына тоқталыңыз.

  12. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлерін сөйлеу мүшелерінің қызметі тұрғысынан саралап шығыңыз.

  13. Қазақ тіліндегі буындардың ерекшелігіне тілдің табиғаты тұрғысынан сараптау жасаңыз.

  14. Екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметін нақты мысалдар арқылы дәлелдеп беріңіз.

  15. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі. Бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ығысуы) оның себептерін көрсетіңіз.

  16. Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері. Принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

  17. Әдеби тілдің негізгі белгілеріне тоқталыңыз. Сөздің морфологиялық құрылымына тоқталыңыз. Түбір мен қосымша, олардың зерттелуіне шолу жасаңыз.

  18. Еркін тіркес пен тұрақты тіркестердің мағыналық байланысын көрсетіңіз. Тұрақты тіркестің тарихи дамуына тоқталыңыз.

  19. Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні. Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптеріне тоқталыңыз.

  20. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып, даму жолдары көрсетіңіз. Сөздік құрамның туынды сөздер негізінде дамуындағы сөзжасам тәсілдерінің қызметін ашыңыз.

  21. Синонимдер, антонимдер, омонимдер және сөздердің көп мағыналылығы. Олардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

  22. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің түрлеріне, белгілеріне, зерттелу тарихы мен стильдік қызметіне тоқталыңыз.

  23. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы баяндаңыз. Сөздік құрамның баспасөз құралдарымен байланысын көрсетіңіз.

  24. Терминдердің зерттелуі. Термин сөздерді аудару, қалыптастыру принциптері туралы көзқарастарға (Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы еңбектері бойынша) шолу жасаңыз.

  25. Ұғым. Мағына. Сөз формалары. Әрқайсысына анықтама беріңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз.

  26. Сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары, нақты және дерексіз мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

  27. Әдеби тілдегі стильдер жүйесі туралы тұжырымдарды дәлелдеңіз.

  28. Стилистикалық категориялар  мен  ұғымдар туралы ғылыми тұжырым жасаңыз.

  29. Әдеби тіл нормалары туралы тұжырым жасаңыз.

  30. Әдеби тілдің қалыптануы (кодификациялануы) мен нормалануы жайлы баяндаңыз.

  31. Функционалды стильдердің классификациясын ажыратып көрсетіңіз.

  32. Қазақ тіліндегі нумеративтік өлшемдерге нақты мысалдар бойынша сипаттама беріңіз.

  33. Грамматикалық мағына мен грамматикалық категорияға анықтама беріңіз.

  34. Күрделі сөздерге анықтама беріңіз. Олардың түрлері, зерттелуі, орфографиялық қиындықтары туралы баяндаңыз.

  35. Біріккен сөздер сөзжасамының аналитикалық тәсіл арқылы, оның ішінде сөз қосым түрі арқылы жасалуы. Біріккен сөздің емлесі мен оған қатысты қайшылықтарды көрсетіңіз.

  36. Кіріккен сөздердің көне құбылыс болып саналуы, оның ерекшеліктері мен біріккен сөздердің ерекшеліктері. Бұлардың түрлі сөз табына қатысы, сөздік қордан алатын орнын ашыңыз.

  37. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуын (морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы: негіз сөз бен жұрнақ) түсіндіңіз.

  38. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің қызметі туралы баяндаңыз. Сан есімдердің этимологиясы туралы көзқарастарды саралаңыз.

  39. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының негіз болуын түсіндіңіз.

  40. Есімдік сөзжасамының өзіндік ерекшелігі. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысын және аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалу жолдарын ашыңыз.

  41. Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің ерекше орын алуын және етістіктің туынды түбір етістіктерге байланыстылығын ашыңыз.

  42. Етістіктің функциялық категориялары. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып сипаттама беріңіз.

  43. Қимылдың өту сипатын етістіктің дербес грамматикалық категориясы ретінде дәлелдеңіз. Өзіндік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, берілу тәсілдерін көрсетіңіз.

  44. Үстеудің семантикалық сипатын көрсетіңіз. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жайларын, түрлі белгілерін білдіретін өз алдына жеке сөз табы ретінде қарастырыңыз.

  45. Қазақ тілі сөз тіркестерінің сипатына тоқталыңыз. Есім сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесінің айырмашылықтарын көрсетіңіз.

  46. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Оның синтаксистік және стилистикалық мәні. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверсиялық түріне тоқталыңыз.

  47. Жақты сөйлемнің сипаттамасы. Белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалу жолдарына тоқталыңыз.

  48. Үйірлі мүшенің жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардың айырмашылығын ашыңыз. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдарын түсіндіңіз.

  49. Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясын нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.

  50. Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ит түрк» еңбегінің зерттелуі туралы баяндаңыз.