- •«6М020500 – «Филология» (қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2016
- •Мазмұны
- •1 «6М020500 – Филология» мамандығының мақсаттары, міндеттері:
- •2 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- •3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- •4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану»
- •«Халық ауыз әдебиеті»
- •2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
- •3. Лирикалық өлеңдер.
- •4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
- •«Әдебиеттануға кіріспе»
- •«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
- •«Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
- •4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
- •«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XX ғ.Б. Қоғам дамуы және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ баспасөзі және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
- •XX ғ.Б. Әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
- •«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
- •Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
- •Қазіргі қазақ прозасы. Әңгіме жанры.
- •Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.
- •«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
- •Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.
- •Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой–пікірде алатын орны.
- •Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
- •5. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15. Момынова б., Саткенова ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
- •6. «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан сұрақтары і блок
- •Іі блок
- •Ііі блок
XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері. XIX ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. XIX ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері. Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. XIX ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни–ағартушылық ағым. Әдебиеттегі жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат женген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғасуы.
XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
XIX ғасыр әдебиеті сонымен бірге ендігі күн не болмақты ойлаған, жауыңның тілін біл, коргенін көр, жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністен туды. Дініңді, тіліңді билеп–төстемек, содан сақтан деген қауіпсіздендіруден туды. XIX ғасыр әдебиеті белгілі бағыт ұстанған ұлт әдебиетіне, жазба әдебиетке айналды.
4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
XIX ғасырдағы оқу–ағарту, кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбүрыс бағыттар. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалгасуы. Жаңа жанрлардың тууы.
«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
XX ғ.Б. Қоғам дамуы және әдебиет.
ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдай және әдебиеттің даму жайы мәселесі. Қазақстанның Россия отаршылдығындағы хал–ахуалы. Басты үш мәселе – жер, оқу–ағарту, саяси күрес. Ағарту, мектеп, кітап басу, баспасөз ісінің дамуы, "Айкап", "Қазақ" басылымдарының тарихи аренаға шығуы. Осынау өркендеу істеріндегі қазақ зиялыларының алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау барысына назар аудару. Қазақ зиялыларының саяси топтары, олардың өзіндік көзқарастарының әдеби бағыт–ағымға әсері.
XX ғ.Б. Қазақ баспасөзі және әдебиет.
Баспасөз бен әдебиет байланысының жайын ашу. Қазақ баспасөзінің тарихына қысқаша шолу. Ежелгі жәдігерліктердегі көсемсөздік үлгілер көріністері. Халық ауыз әдебиетіндегі көсемсөздік белгілер."Түркістан уалаятының газеті" (1870–1882 ж.ж.), "Дала уалаятының газеті" (1880–1902 ж.ж.) басылымдарының орыс газеттеріне қосымша ретінде шығуы, ресми газеттер ретіндегі сипаты. Олардың мәдени, әдеби мәні. Әдеби шығармалардың жарық көруінде елеулі қызмет атқарғандығы.
XX ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ағым–бағыттар. Бағыт, ағым туралы жалпы түсініктер. Бағыттардың өріс алуына негіз болған қоғамдық–саяси көзқарастар. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы, осыған орай қазақ зиялыларының жіктелуі. Оның әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуына тигізген әсері. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1. Діни–ағартушылық бағыт. 2. Ағартушы–демократтық бағыт. 3. Азатшыл–демократтық бағыт. Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтары, ортақ ізденістер.
XX ғ.Б. Әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
ХХ ғасыр басындағы жанрлардың даму үдерісі, ерекшеліктері. XX ғ.б. қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері, өсу белестері. Қазақ өлеңінде бұрынғы жалаң өсиеттік, дидактикалық насихаттың азайып, Абайдың өміршең поэзиясы дәстүрлерінің дамуы. Әдебиеттің эстетикалық құндылықтары. Құрғақ ақылмандықтан гөрі, образдылықпен суреттеудің белең алуы. Өмір шындығын көркемдік шындық деңгейіне көтеру мақсатқа алынып, әлеуметтік мәселелердің тереңірек көтеріле бастауы.
«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
Қазіргі қазақ әдебиетін замана өзгерістеріне сәйкес дәуірлеу принциптері. Көзқарас. Зерттеулер. 1991–2011 жылдардағы тарихи–әлеуметтік жағдайлардың әдебиетке әсер–ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі тақырып, жанр мәселесінің даму ерекшеліктері. Шығармашылық ізденістер сипаты. Орыс және әлемдік әдебиетпен байланысы. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер сомдау проблемасы, әлемдік өркениет және қазақ әдебиеті. Қазіргі әдебиеттегі адам және табиғат мәселесі.
