- •«6М020500 – «Филология» (қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2016
- •Мазмұны
- •1 «6М020500 – Филология» мамандығының мақсаттары, міндеттері:
- •2 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- •3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- •4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану»
- •«Халық ауыз әдебиеті»
- •2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
- •3. Лирикалық өлеңдер.
- •4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
- •«Әдебиеттануға кіріспе»
- •«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
- •«Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
- •4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
- •«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XX ғ.Б. Қоғам дамуы және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ баспасөзі және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
- •XX ғ.Б. Әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
- •«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
- •Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
- •Қазіргі қазақ прозасы. Әңгіме жанры.
- •Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.
- •«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
- •Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.
- •Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой–пікірде алатын орны.
- •Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
- •5. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15. Момынова б., Саткенова ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
- •6. «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан сұрақтары і блок
- •Іі блок
- •Ііі блок
«Әдебиеттануға кіріспе»
Сөз өнері туралы ғылым.
Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдау сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.
Сөзбен сомдалған тұлға.
Образдылық – суретті сөз. Әдебиеттің обектісі – өмір, предметі – адам екендігі туралы тұжырымдар. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Қаламгер қиялының көркем бейне жасаудағы қызметі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. Образ – адам – көркем бейне.
Сөз сыры.
Көркем әдебиеттің тілі туралы ұғым–түсініктер. Тілдің қоғамдық фукциялары. Көркем сөз. Оның болмысты әсерлі түрде бейнелейтіндігі. Тіл – стильдік құбылыс. Тіл байлығының қайнар көздері: полисемия, синонимия, омонимдер, антонимдер, архаизмдер, неологизмдер, идиомалар,диалектизимдер (жергілікті сөздер) және т.б. Сөздердің тура және бұрма мағыналары.
«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.
Біздің заманымыздан бұрынғы жазу–сызулар. Сақ дәуіріндегі аңыз–әңгімелердің идеясы. Ғұндардың қаһармандық жырларының ой–мұраты. Деректі жазу бар жерде әдебиеттің болатындығы.
Ислам дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Х–ХІІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде бірте–бірте ислам діні мен мәдениетінің қалыптаса бастауы. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар мен ақын–жазушылардың орны.
Алтын Орда дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси–әлеуметтік жағдайы. Мемлекеттің мәдениеті мен әдебиеті. Жібек жолының маңызы. Алтын ордаға байланысты тарихшылардың қалдырған дереккөздері. Осы кезде өмір сүрген дарын иелері. Бұл кезеңдегі көркем әдебиеттің екі бағытта болғандығы, яғни аударма–нәзира және тыңтума әдебиеттің қалыптасуы.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Қазақ хандығының құрылу тарихы. Мәдениеті мен әдебиеті. Жыраулар поэзиясының қалыптасуы. Жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Жыраудың әлеуметтік тұлғасы. Жырау–ақын. Жырау–сазгер.
«Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
XIX ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.
XIX ғасырдағы тарихи жағдай. Саяси–әлеуметтік, экономикалық реформалар. Ресейдің отаршылдық саясатындағы батыл бетбұрыстар. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай–Махамбет бастаған ұлт–азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. (1836–1838) Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы поэзиясындағы ұлт–азаттық сарын.
