- •«6М020500 – «Филология» (қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2016
- •Мазмұны
- •1 «6М020500 – Филология» мамандығының мақсаттары, міндеттері:
- •2 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- •3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- •4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану»
- •«Халық ауыз әдебиеті»
- •2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
- •3. Лирикалық өлеңдер.
- •4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
- •«Әдебиеттануға кіріспе»
- •«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
- •«Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
- •4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
- •«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XX ғ.Б. Қоғам дамуы және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ баспасөзі және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
- •XX ғ.Б. Әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
- •«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
- •Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
- •Қазіргі қазақ прозасы. Әңгіме жанры.
- •Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.
- •«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
- •Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.
- •Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой–пікірде алатын орны.
- •Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
- •5. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15. Момынова б., Саткенова ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
- •6. «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан сұрақтары і блок
- •Іі блок
- •Ііі блок
«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану»
1. Мезгілдік ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.
Мезгілдік ұғымның сөйлем құрылымына сай берілу еркшеліктері. Жай сөйлемнің қрамындағы мезгілдік мағына. Құрмалас сөйлем құрамындағы мезгілдік мағынаның берілу жолдары. Қатар орындалған әрекеттер, бірінен кейін бірінің орындалуы, іле–шала орындалуы т.б. Мезгілдік, мезгілдес, мезгіл бағыныңқылы терминдерінің ерекшеліктері.
2. Жақтылық және жақсыздық категориясы синтаксис деңгейінде.
Сөйлемнің жақты және жақсыз болып құрылуы. Жақсыз сөйлемдердің бір негізді сөйлемдердің құрамында қарастырылуы. Олардың жасалу жолдары. Сөйлемнің жатық болып құрылуының сөйлем семантикасына әсері. Олардың екі негізді сөйлемдердің құрамына қарастырылуы.
3. Функциялас салалас және сабақтас сөйлемдер.
Құрылымдық грамматикада сөйлемдер «формадан мағынаға» қарай принципі бойынша топтастырылатын болса, соңғы кездері «мағынадан формаға» қарай принципі басшылыққа алынып жүр. Осы принциптің негізінде құрмалас сөйлемдердің белгілі бір ұғымдық категорияны білдірудегі функциясына қарай топтастырылуы.
4. Сөз тіркестері: етістікті, есімді сөз тіркестері.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы. Синтаксистік тіркестерді тану принциптері. Қазақ тіліндегі байланысу формалары туралы ғалымдардың көзқарастары.
5. Сөйлемдерді құрылымына сай топтастыру принциптері
Қазақ тіліндегі сөйлемдер негізіне, айтылу мақсатына сай, информацияның көлеміне сай, жақтың қатысуына қарай топтастырылады.
«Халық ауыз әдебиеті»
Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы, ерекшелігі туралы түсінік.
“Халық әдебиеті”, “Фольклор”, “Ауыз әдебиеті”, “Халық поэзиясы”, “Халықтың сөз өнері” деген атаулардың ерекшеліктері. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдедбиет пен жазба әдебиеттің ара–қатынасы. Фольклордың пайда болуы, жанрлары мен түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс–бітімі, әдет–ғұрыппен байланысы.
2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро–эпос, тарихи эпос және жиналу мен зерттелу жайы. Көне эпостың құрамы мен тақырыбы. Синкреттік сипатының басымдылығы. Миф, аңыз–әңгімелерімен байланысты болып келуі. Образдар жүйесі: бас қаһармандар мен қаскөй күштер (дию, пері, мыстан, т.б.) болып келетіндігі.
3. Лирикалық өлеңдер.
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән өлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолды ұйқасқа (а, а, б, а) құрылады. Қара өлеңнің әнмен айтылып, қайырмасы болады. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады.
4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж. Жабаев, И. Байзақов, Н. Байғанин, К.Әзірбаев, О. Шипин, Н. Бекжанов, Т. Көбдіков, Қ. Жапсарбаев, І. Манкин, т.б. ақындар. Бұлардың басты ерекшелігі – қолма–қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындарың сынға түсіп, танылатын жері – шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді.
