Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАГ. ФИЛ. вступительный-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

LFSKYa 1304 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы – 3 кредит

FFSKYa 1306 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы – 3 кредит

MSSKYa 2309 Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы – 3 кредит

UNT 1301 Халық ауыз әдебиеті – 3 кредит

VL 1302 Әдебиеттануға кіріспе – 3 кредит

4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

1.БАҚ және тіл мәдениеті.

БАҚ – қазақ әдеби тілінің тарихында қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан ерекше стиль түріне жатады. БАҚ беттеріндегі тіл мәдениетінің сақталуы маңызды, егер сақталмаса, әдеби тілдің мәртебесіне, қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

2.Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар.

Қазақ тілінің сөздік қоры жаңа қолданыстармен толығып отырады. Олардың кезеңдік сипаты мен жасалу жолдары бар.

3.Фразеологизмдердің мағыналық варианттары.

Фразеологизмдер – ұлттық сананың тілдегі көрінісі. Олардың мағыналық, семантикалық ұқсастықтары, соған орай варианттары болады.

4.А. Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, А. Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері тілдік деңгейлердің барлығын қамтиды. Олардың көбі қазіргі кезде қолданыста жүр.

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»

  1. Сингармонизм – қазақ тілінің негізгі заңы.

Үндестік немесе сингормонизм заңы – түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің негізгі заңы болып саанлады. Бұл заң туралы алғашқы ғылыми еңбектердің авторының бірі – Х. Досмұхамедұлы.

  1. Қазақ тіліндегі интонация.

Сөйлеу әрекеті кезінде интонация ерекше рөл атқарады. Интонацияның түрлері бар, интонацияны зерттейтін сала – интонология деп аталады.

  1. Қазақ тіліндегі ықпал заңдары.

Фонетикада қалыптасқан бірнеше заңдылықтар бар. Солардың бірі ықпал заңдылығы. Оның ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал дейтін түрлері бар.

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»

  1. Күрделі етістіктердің түрлері.

Күрделі етістіктердің күрделі сөздерге қатысы қандай және олардың тұрақты формалары бар ма, түрлері қандай, қандай да болмасын грамматикалық мағынаны қалай білдіреді, оларды етістіктің еркін, жай тіркесінен қалай айыруға болатыны қарастырылады.

  1. Нөлдік форма және грамматикалық мағына

Арнайы грамматикалық мағынасы болғанмен, арнайы көрсеткіші болмайтын ерекше тілдік формалар грамматикалық тұлғасыз да грамматикалық мағынаны білдіреді. Оларды нөлдік формалар деп атау қалыптасқан. Олар сырттай түбір тұлғаға аса ұқсас болып келеді.

  1. Күрделі сөздер және олардың зерттелуі

Сөздер грамматикалық құрылымына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Күрделі сөздердің фонетикалық, лексика–семантикалық, грамматикалық фактор арқылы жасалу жолдары бар. Олардың бірнеше түрі бар. Бір жүйеге түскен жазу емлесі толық қалыптаспаған. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерді зерттеу даму үстінде.

  1. Қос функциялы қосымшалар

Қосымша морфемалар кейде қалыптасқан қызметінен бөлек басқа қызметтерді атқарады. Сондықтан оларды қос функциялы қосымшалар деп атау үрдісі қалыптасқан.

  1. Көмекші сөздердің морфологиялық ерекшеліктері

Атауыш сөздер лексикалық мағынасының солғындауынан, дербестігінен айырылып, грамматикализацияланып, десемантикаланып, көмекші сөздерге айналады. Түркі тілін зерттеген ғалымдар оларды сөз деп есептейді, себебі олардың тұлғалары тұрақты. Олар дербес тұлғалы сөздер сияқты есім және етістік көмекшілер болып бөлінеді.