- •«6М020500 – «Филология» (қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2016
- •Мазмұны
- •1 «6М020500 – Филология» мамандығының мақсаттары, міндеттері:
- •2 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- •3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- •4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
- •«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану»
- •«Халық ауыз әдебиеті»
- •2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
- •3. Лирикалық өлеңдер.
- •4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
- •«Әдебиеттануға кіріспе»
- •«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
- •«Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
- •4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
- •«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
- •XX ғ.Б. Қоғам дамуы және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ баспасөзі және әдебиет.
- •XX ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
- •XX ғ.Б. Әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
- •«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
- •Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
- •Қазіргі қазақ прозасы. Әңгіме жанры.
- •Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.
- •«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
- •Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.
- •Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой–пікірде алатын орны.
- •Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
- •5. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15. Момынова б., Саткенова ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
- •6. «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан сұрақтары і блок
- •Іі блок
- •Ііі блок
Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді
«___»________ 2016 ж. Хаттама № ___
«6М020500 – «Филология» (қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2016
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология» мамандығы бойынша құрастырылды.
Бағдарламаны құрастырғандар: филолология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақымбек С., филология ғылымдарының докторы, профессор Темірболат А., филол.ғ.к., доцент Сағындық Н., филол.ғ.к., аға оқытушы Әлімтаева Л.
Бағдарлама қазақ филологиясы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедраларының мәжілісінде қаралды.
«___»___ 2015 ж. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ Ақымбек С.
«___»___ 2015 ж. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ Темірболат А.
Филология және әлем тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«___»___ 2015 ж. Хаттама № ___
Әдістемелік кеңес төрағасы: _____________________________ Досанова А.
Филология және әлем тілдері факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.
«___»___ 2015 ж. Хаттама № ___
Ғылыми кеңес төрағасы,
факультет деканыны_______________________________ Әбдиманұлы Ө.
Ғалым-хатшы _________________________________________Сағындық Н.
Мазмұны
1 «6М020500 – Филология» мамандығының мақсаттары, міндеттері:
Халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары, өзіндік дамуға, әлеуметтік бейімделуге жарамды кәсіби элитаны дайындау;
Кәсіби ұтқырлыққа кепіл беретін ғылымдар тоғысындағы іргелі білімдерді алу үшін алғышарттарды қамтамасыз ету;
Саяси ғылымдар мен педагогикалық қызметте теориялық және тәжірибелік жеке дайындықтарды тереңдету;
Білім алушының белсенді өмірлік қызметінің барлық саласына қажетті жаңа білімдерді өзіндік шығармашылық деңгейде игеруге жағдай мен мүмкіндіктерді жасау.
Магистратурада мамандар даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:
Мемлекеттік стандарт негізінде;
ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы негізінде;
Оқу–бағдарламалық құжаттары негізінде;
Магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;
Белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде;
Емтиханның алыну формасы. Қабылдау емтиханының формасы – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы жауап парақтарына берілген сұрақтарға жауаптарын жазады. Шифрланған жұмысты емтихан комиссиясы тексереді.
2 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Оқу бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың ғылыми зерттеуінен, ғылыми жарияланымдарынан және магистрлік диссертациядан тұрады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай–ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.
«6М020500 – Филология» мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттілігіне қойылатын талаптар:
Түлектің әлеуметтік мобильділігін қамтамасыз ететін Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық, мәдени–тарихи жағдайлар туралы түсінігі болу керек;
Қазақстандық филологиялық ғылыми мектептер туралы түсінігі болу керек;
Жас ерекшелігі психологиясы туралы түсінігі болу керек.
Лингвистикалық және әдебиеттану саласындағы зерттеулердің әдістері мен амалдарын білуі керек;
ҚР білім беру тұжырымдамасының негізгі бағыттары мен мәселелерін білуі керек;
Инновациялық технологияны, ЖОО–да және мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың дәстүрлі амалдары мен тәсілдерін;
Тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі керек.
