Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕҢБЕК ШПОРРРРРР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.04 Кб
Скачать

1.Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).

Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның «Қазақтың халық қолөнері» атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген – орда кілем, көлемі өте үлкен – қалы кілем, тығыз тоқылған – масаты кілем, сүттей аппақ – ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды. Түкті кілемдер тігінен қойылған өрмектерде тоқылады. Астыңғы арқау жіп үстіңгі арқау жіппен қоса қабат шалынып отырып тоқылады да, екі рет өткерме жіп жүргізіледі. Кілем түгі 4-7 см болады. Кілем тоқитын жүнді алдын-ала әртүрлі өсімдіктердің тамырынан, жапырығынан алып дайындалған табиғи түсті бояулармен бояп, реңі қанық, түсі тұнық түрлермен кілем бетін құбылтып, үндестік шешімінің көркемдік сұлулығын аша білген. ХХ ғасырдың соңына қарай түкті кілемдердің көркемдік шешімінде еркін орын алған жаңа ою түрлері пайда болды. Олар: бидай, (517-тқ), шемішкегүл (506-тқ), жебе (508-тқ) және жиек оюларының жеке құрылымы Әсия шет (531-тқ) оңтүстіктің кілемдерінің жеке тұрпатын сараландырып, көркемдік құнын арттыра түсті. Заманның ыңғайы мен халықтың сұранысына қарай дәстүрлі ою-өрнек қатарына гүлдердің, ақ тиіннің, құстардың, аққудың, халық аузына іліккен кинофильмдердің сүйікті кейіпкерлері, басқа елдердің қолөнер туындыларының көшірмесі орын ала бастады ( 529-тқ). Бұл сұранысқа сәйкес өтімді сәнділіктің белең алғаны және тоқымашының жекелеген өнерпаздыққа бой ұрғанын анық байқауға болады. Өтпелі кезең белгісі ретінде мұндай кілем түрлерінің музей қорында бірнеше түрі сақталуда.

Тоқыма түрінің атауымен аталған бескесте кілемі орталық бөлігінің ою-өрнегінің бедерленіп түсуімен көз тартса, қошқар мүйіз, кілт мүйіз өрнегінен тұратын ірі торкөздер қатары байыпты тиянақтылықты білдіреді (465-тқ). Өрнек салуға қатысқан жіптер кілемнің теріс жағында кесте жіптері сияқты кесіліп бос қалады.

Орталық бөліктен және бірнеше жиек оюларынан тұратын үлкен кілемдер ішінен өзінің нәзік көркемдік шешімімен келген алашалар – өздерінше ерекше бір дүниелер. Олар тұрмыстық қажеттілікте кеңінен қолданылады. Алашаны ұзын жалпақ жолақтармен тоқиды да, оларды кесіп, бір ұзындықта біріктіріп тігіп, жерге төсейтін немесе керегеге ілетін кілемше ретінде де ұсталынады. Алаша жасауда тоқудың бірнеше түрлерін пайдалану арқылы шебер бұйымның ою-өрнегін түрлендіру арқылы құлпырта түседі. Алаша тоқудың негізгі заңдылығы  ою-өрнектің тек жолақтарға түсуі, тоқу әдісінің сырына бағынышты болса керек. Жергілікті жердің шеберлерінің қолданатын тоқу әдісіне, өрнекті жолақтарды реттеп орналастыруына қарап алашалардың қай жерлерде тоқылғанын ажыратуға болады. Музей қорында теңдесі жоқ тамаша өнер туындысы болып саналатын алашалардың бір тобы бар. Оларды сана-сезімнің биік сатысында белең алатын көркем шығармашылық шабыттың нәтижесі деуге болады ( 398-тқ , 445-тқ , 404-тқ , 402-тқ ).

 Көркемдік сипаты жағынан баға жетпес ақ басқұрлар мен ақ баулар киіз үйдің сәндік келбетін жандандырып, ерекше салтанат құрады. Ақ түстің үстіне түскен түкті оюлар заттың көркемдік бағасын арттырып, туындылық сатысын биіктетеді. Ақ басқұрлар киіз үйдің архитехтоникалық құрылымында кереге мен уықтардың біріккен жерін тұтастырып, өзінше жеке сәндік жүйе құрайды. Киіз үй интерьерінің ішкі сипатымен үндесіп, түстік қарама-қайшылыққа түспей, бір қалыпты жарасым табады. Ақ басқұр тоқуда кеңінен қолданылатын бәйтерек ағашының өрнегі әртүрлі құбылыста берілген. Ол төгілген жапырағының немесе шешек атып келе жатқан бүршіктерінің, жай ғана жас шыбықтарының таң қаларлықтай шындыққа жақындығы адамды табиғаттың ұлылығына тәнті етеді.

Ғасырдан ғасырға, атадан балаға өзінің өміршеңдігімен үзілмей жетіп, жетіліп отырған қасиетті тоқыма өнерінің баға жетпес айтулы туындылары – кеше мен бүгіннің ертеңге қалдырар асыл мұрасы.