Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕҢБЕК ШПОРРРРРР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.04 Кб
Скачать

Билет № 1

1.«Бастауыш кластағы еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы» курсының құрылысы мен мазмұңы.

2.Матаны пішу, тігу ережелері. Тігістің түрлері.

3. 1-сынып енбек оқулығына талдау жасаңыз.

1.«Бастауыш кластағы еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы» курсының құрылысы мен мазмұңы.Еңбек пәнінің әдістемесі-бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.Өйткені ол педагогика,психология және техника мен өнеркәсіп технологиясындағы қазіргі ғылыми жетістіктерге негізделген.Еңбекке баулу әдістемесі курсын психлогияны,оқу процесін ұйымдастырудың талаптарын,сонымен қатар техника,техналогия,өнеркәсіп эканомикасының заңдылықтарын білмей,меңгеру мүмкін емес.Педагогикалық мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесін тыңғылықты меңгеруді үйрету қажет,әрбір нақты жағдайда қандай оқу әдістері жақсы нәтижелер беретінін,қандай көрнекіліктерді пайдалану неғұрлым тиімдірек болатынын және т.б білу қажет.Мұғалім өзінің шығармашылық,сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі жетілдіріп тұруы тиіс. Еңбекке баулуды оқыту курсының негізгі мақсаты:-педагогикалық коледж оқушылрына,болашақ мұғалімдерге,еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуге үйрету,оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік,еңбексүйгіштік маңыздылығын оның қоғам өміріндегі әлеуметтік-эканомикалық рөлін түсіндіру;-мектеп оқушыларын еңбекке баулудың теориялық және практикалық білімдерін,іскерліктерін,дағдыларын қылыптастыру;-сабақта және өнеркәсіптерде қолданылатын құрал-саймандармен,құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету;-Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында қарастырылған түрлі бұйымдарды жасауға,оқушыларды өзін-өзі күтуіне,көркем,ауылшаруашылық,техникалық еңбек бойынша жұмыстарды орындауға үйрету;-мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар алу үшін оларды үнемі кәсіби-техникалық училищелерге,фабрикаларға,зауыттарға және т.б.орындарға апарып,саяхат ұйымдастыра білуі;-оқушының тұлғасын,оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыру мен дамытуда сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыра білу.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың міндеттері:Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу оқушыларды-еңбек материалымен (өңдейтін материалдармен);-еңбек құралдарымен (өңдеуші құрал-саймандармен);-еңбектегі адамның қызметімен (еңбек құралдарына сүйенумен);-еңбек нәтижесімен (аяқталған бұйымдармен) таныстырады. 2.Матаны пішу, тігу ережелері. Тігістің түрлері. Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.Лекалоларды жайып пішу.Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.Инемен тігілетін тігістер. Адамзат киім-кешек тігу барысында сан ондаған тігіс түрлерін ойлап тауып, әр тігістің ерекшеліктері, көрінісіне қарай ат қойып, айдар тағып отырған. Тігіс түрлері адамзаттың үстіне киім, лыпа кие бастаған кезден бастау алу мүмкін десек тігіс түрлерінен екі бөлек затты біріктіру үшін қолданылған "жөрмеу" тігістің басы, ең көнесі десек артық емес.ТүрлеріҚарапайым тігістер - жөрмеу, көктеу, тепшу, айқас бүгіс тігіс, бүрме тігіс, қаю тігіс, қабу тігіс, қусыра ызу, сыру, өбістіру, торлап тігу, тұмаршалап тігу, қосбасарлап тігу, шарбақтап тігу, жара тігу, топшылау тігіс, шалып тігу, маржан тігіс, бастырып тігу, бұзау тіс, шанша тігу, бедерлеп тігу, тышқан із тігіс, жапсыра тігу, тебе тігу, т.б. көркем тігістің негізі деуге болады. Және олардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.Көркем тігістер - қаю, айқас тігіс, қусыру, бастырып тігу, маржан тігіс, бедерлеп тігу, шаршылау, өткермелеп тігу, сыру, бүгіс тігіс, тышқан із, таңдайлау, қабырға тігіс, керегекөз тігіс, ілмелеп тігу, шалу, торлау деп аталатын көркем тігіс түрінің алақұрт, сағат бау, шытыра, су тару, ирек түсіру, кереге көз сияқты күрделі өрнек түрін салатындығына байланыста атауы да көп болып келеді.Көктеу Ежелден келе жатқан орындалуы тым қарапайым, тұрмыста жиі қолданылатын "қазақы тігіс" осы көктеу тігісі. Көктеу іс аяқталғанда сөгіліп тасталады.ТепшуЕң көп қолданылатын тігіс түрі. Бұл тігісті екі матаны біріктіруге, мата шеті сетінеп кетпес үшін және киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың тігістерін тіккенде қолданылады. Сапасы бос көркемдік жағынан нашар тігіс түріне жатады. Тепшіп тігу тігісі оң жағынан да, теріс жағынан да бірдей болып түседіЖөрмеу.Ең көне тігіс. Тігілген жіптің сирек және жиі шаншылуына байланысты әр түрлі атаулары бар: жай жөрмеу, жиі жөрмеу, ендіріп жөрмеу, әдіп жөрмеу, түйіп жөрмеу. Қайып тігу Ең мықты және көркем тігіс болып есептеледі. Бұл тігістің бет жағы тігін машинасының тігістері тәрізді түседі, яғни ине шаншымы суырылған жеріне қайтадан шаншылады. Өте мықты тігілген қаю тігісі әсем тігіс ретінде қолданылады. Қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияның, кимешек, жаулықтардың маңдайын, шыттың шетін тіккенде қолданылады. Шаша қаюҚайып тігу қажет болмағанда, әрі тезірек бітуді көздегенде, шаша қайып тігіледі. Шаша қаюдың қаюдан парқы үстіңгі бетіндегі жіп болмысы нүктедей ғана көрініп, жіптің ауданы (көлемі) матаның астына түседі. Шаша қаю да мықты болып есептеледі. Сирек қаюБұл тігу әдісінің орындалуы барысында мата жіптерін ине үстіне шығарып бір шаншиды да, инені артқа жіберіп, екі жіпті алып, екінші шаншиды. Бұл тігіс матаның жеке бөліктерін біріктіргенде қолданылады. Қос жіпті қаюЕкі түрі бар: тепшіп қаю, арқаулап қаю. Тепшіп қаюда екі жіп айқасып түсіп отырады. Ал арқаулап қаюда үстіңгі жіппен астыңғы жіп өзара ауыспайды, машинаның тігісіне ұқсайды. Қос жіпті қаюға қос ине қолданылады.Теріс қаюӘсемдеп істелетін тігіндерге қолданылады. Теріс қаюда жіптің ауданы матаның үстіңгі бетіне түседі. Жіп бедері айқын көрінеді. Бүгіс тігісКиімдердің етегін, жең ұштарын, қалтаның аузын, осы сияқты киім шеттерінің екі шетін қосып бүгетін жағдайда қолданыладыБүрме тігісМатаның шетін жинай тіккенде қолданылады (желбіршектерді, қос етектерді, бүрмелі жағаны).Жапсырма тігіс Бір заттың бетіне жамау салғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына астар салғанда қолданылатын тігіс.Жара тігіс эКиіздерді құрастырғанда, етіктің ұлтарағы, киіз байпақтың қонышын, табанын қаусырғанда, тері тігістерінде жиі қолданылады. Мұнда тігіп отырған екі заттың шеттерін не астыңғы, не үстіңгі бір жақ қыртысынан ғана шаншып, инені сол шеттің ортасынан жара шығарып отырады. Шалып торлау.Әр түрлі маталардың тері, киіз сияқтылардың жалаң кемерін жиып мықтауға және көркемдеуге қолданады. Ою-өрнектерге бастырма оюлардың шетін жиюға, әсемдеу тігіндеріне қолданылады.Түйіп торлауШалып торлаумен ұқсастау формада шалынған жіптен иненің тұзақтап, бір орап тігіннің қыр кедерінен айқындай тігу түйіп торлау деп аталады. Ілмелеп тігуІлме сырт формасы ілме бізбен орындаған.Кестелеу кестеге ұқсайды. Инемен тігілген оңай сөгілмейді. Орысша "тамбурный шов" деп аталады.Шыраштап тігуКестені әсемдеуге қолданылады. Ойыстырылған киізді біріктіруге, бастырылған оюдың шетін жиюға және мата үстіне сызықшалап әсем бедер өрнектер салуға пайдаланылады.Кереге бас торӘсемдеп тігілетін әдіптердің және мата шетін әсемдеп емерудің үстіңгі бетіне қолданылады. Кереге көз тігіс.Кереге көз тігіс - кесте тігісіне қолданылады.ҚабуМақта және жүннен істелген бұйымдарды асты үстіндегі матадан іліп алысырақ шаша қаю формасында тігуді қабу дейді. СыруҚаю, шаша қаю формасымен жиі қатарлап тігуді жәнек формадағы кескіндерді салып тігу. Жіп салып тігуЖіпті екі-үш қабаттап жуантық етіп ширатып алады да оны матаның бетіне салып тігеді. Айқас тігісИнемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Қабырға тігісИнемен көркемдеп тігудің бір әдісі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен біркелкі көлденең шаншып отыру арқылы тігіледі. Екі шеттің біріккен жігін басуда, киімнің бойын, балағын, жеңін әшекейлеуде қолданылады. Таңдай тігісҮш сызықтың үстімен қиғаш шаншып тігілетін "қос қабырға" мәнерімен орындалады. Мұндай ерекше тігістермен кимешек жақтарын, жаға, жеңдердің аузы, сырмақтың шеті тігіледі.3.1сынып еңбек окулыгына талдау жасаныз.Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту. Еңбекке баулу сабағы жайлы мағлумат беру.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбектену адамға көп жетістіктер әкелетінін түсіндіру.Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.Табиғат пен адамның арасындағы тығыз байланысты біледі. Өзінің жасаған жұмысын басқалардың бағалауы және критерий арқылы бағалау.Ең бірінші қарастылатын ол табиғатқа саяхат тақырыбы,яғни табиғат жайлы түсініктерін молайту.Оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғаттың ұқыптылққа және шынайылыққа тәрбиелеу.Табиғаттың кереметтілігін ұғынады және оны қорғауды біледі.Сонымен қатар табиғаттан алынатын табиғи материалдармен де танысады.Ол материалдан не жасалатынын карастырады.Өсімдіктерден аппликациялар жасау «Көжек»Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу.Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды үнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.

Билет № 2

1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.

2.Қөркем еңбектің мазмұны.

3. 2- сыныпта ағашты, металды өңдеу жұмыстары бойынша жоспарын қүрып, сабақ үлгісін көрсетіңіз.

1.Оқу барысында оқушылар адамның еңбек іс-әрекетінің маңыздылығын және қоғамдағы жалпы еңбек мәдениетін бағалай білуді үйрену керек. Адам оміріндегі еңбектің маңызын жете түсінуге және еңбек адамы тұлғасын, түрлі мамандық иелерін, қоғамда еңбектін алатын орнының зор екенін ұғындыра білу керек.1 сыныпқа бұл туралы берілетін ақпарат күрделі болып корінгенімен ол бұл сынып оқушылары үшін оте қызықты тақырыптардың бірі болып есептеледі.

Бұл оқушылардың еңбек адамының тұлғасын үлгі етіп, соларга карап қызыгушылыгы артып, баланың оскенде сол кызыққан маман иесі болуға тырысады. Баланың омирдегі жолының айқындалуына сеп болады. Болашакка, мамандыққа деген жол осы алғашқы сыныптардан басталады. Сондықтан да бул баланың еңбекке деген ынтасын, оң көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, болашақ өміріне де, мамандық тандай білуіне де сеп болады.

2.Мектептегі бастауыш сыныптарда еңбек сабағында және үйірме жұмыстары барысында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды көркем еңбекке баулу халқымыздың мәдени мұрасын жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қиялына қозғау салып, көркем еңбекке баулуда сыйлық заттар жасатудың тәрбиелік мәні зор. Ұлтты танытатын сыйлық заттар жасау барысында әр бұйымды, дәстүрді зерттеу арқылы ізденіс туындайды, оқушылар бойында патриотизм қалыптасады. Ең басты міндет оқушыларды көркем еңбек арқылы қызығушылықтарын арттырып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке деген ынтасын арттыру.Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарын талдап қана қоймай, соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылық жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырады, әдемі заттар жасауға талпындырады, рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбек адамдарына құрметі қалыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында эстетикалық мәдениет элементтері де үлкен мәнге ие болады.3.сабақтың тақырыбы:агашты, металды оңдеуСабақтың мақсаты: оқушыларды ағаштың,металдың түрлерімен қасиетімен таныстыру, өңдеу құралдарын таныстыру.Міндеті:оқушыларға көркемдік тәрбие беру, онертуындыларымен таныстыру.Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, суреттер, сөзжумбақ, слайдСабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу;

Назарларын сабаққа аудару;

Үй тапсырмасын сұрау:Жаңа сабақты түсіндіруЖаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.Ол ушін слайдтан өңдеу деген сөз шыгатын созжумбақ шешіледі. Балаларга такырып айтылып, жаңа сабақ түсіндіріледі.Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған.Ағаштан бұйым жасағанда қазақ шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады. Өте қатты, тығыз, берік ағаш емен сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Тез жарылғыш келетіндіктен баппен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған саз аспабы уақыт өте табиғи өрнектері ашылып, жалтырай түседі. Сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш терек бабымен кепсе жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Одан бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды. Иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш саналатын тал кебе келе қатайып, жеңілдейді. Өзекті, сәмбі талдан киіз үйдің ағашына таптырмайтын ең қолайлы шикізат деп саналады. Тұт ағашын негізінде жібек құртын өсіруге пайдаланатындықтан «тұт еккенің - құт еккенің» деп бағалаған. Ол саз аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағашқа айналады. Ұзақ уақыт, тіптен бірнеше ғасыр өседі делінетін тұт ағашын шаппайды, тек бұтақтарының тармағын орақпен кесіп алады. Қатты әрі тығыз ағаш үйеңкінің сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді.Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Тас ғасырында-ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен күміс болатын. «Металдар» деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі ІV мыңжылдықта алынса, келесі ІІІ мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты.

Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.

Біздің заманымыздың бас кезінде небәрі жеті металл белгілі болса, ХVІІІ ғасырда оның оң жетісі ашылды.

Топ сайысын откізу

Сыныпты 2 тоқа бөлу:ағаш және метал тобы деп.

Топтардың топ басшысын сайлау

Балалардың білімін кеңейту,сабақты ашу мақсатында сұрақтар койылады.

Оқушыларға алдын ала дайынлап акелинген бинероликті корсетип,оқушылардың ойын сұрау. Бинеролик ағаш пен металдың пайдасы, одан жасалган қол өнерлер туралы. Одан киін ағаштар тобына ағаштан өнделіп жасалған бүйымдардың( домбыра,ағаш сандық) суретін салу,олардың қасиеті пайдасы туралы ақпарат беруге тапсырма беріледі. Ал темір тобына да дәл осындай тапсырма ьеріледі, ягни олар темірді қорғап шыгады.

Қорытынды:сабақты қорытындылау кезінде оқушылрға және топқа жеке жеке сипаттама беріледі.сабақтын барысын қорытындылап оқушыларды мадақтайды. белсенділігігн,шығармашылық ізденімпаздықтарына,шапшандығына қарай оқушыларға баға береді.

Билет № 3

1.Бастауыш кластағы еңбек пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.

2.Техникалық еңбектің мазмұны.

3.3-сыныпта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу жоспарын құрыңыз және сабақ үлгісін көрсетіңіз.

1.Бастауыш класс мұғаліміне қойылатын талаптар;1. Еңбекке баулу пәніне мұғалім техникалық қауіпсіздік пен еңбек гигиеналық ережелерін жақсы біліп, оны мұқият орындауы қажет және бұл ережелерді бұлжытпай орындауды оқушылардан талап ету керек. Еңбекке баулу пәні басқа пәндер мазмұнымен де тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін, білік, дағдыларын еңбекке баулу сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланды.2.Жеткілікті түрде біліміінің болуы.2. Техникалық еңбек мына түрлерді қамтиды:І. Қағазбен және картонмен жұмыс. 2. Табиғи материалдармен жұмыс. 3. Текстильді материалдармен жұмыс (мата, жіп). 4. Конструктор детальдармен жұмыс. 5. Ағашпен жұмыс. 6. Сым темір және жұқа қаңылтырмен жұмыс.(фольга). 7. Электр техникасымен жұмыс.Техникалық еңбек: көркем өңдеу, қағаз, қатырма қағаз, құрастыру, техникалық модельдеу, ағаш, металл өңдеу. Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеуде оқушылар әртүрлі бұйымдар, ойынға керекті жабдықтар, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасап үйренеді. Құрастырудың бірнеше түрі беріледі. Қағаз, мата, табиғи материалдар, дайын жиынтықтардан техникалық құрастыру секілді жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушыларға белгілі бір бұйымды жасау барысында оның өмірді, тұрмыстағы қажеттігі тұрғысынан мәлімет беріп, заттың негізгі бөліктерін ажырата білуге, әр бөлік пішінінің, мөлшерінің, орналасуының, осы құрастыруда пайдаланылатын жағдайлар мен үйлесімділігін анықтау жолдары үйретіледі.3.3-сыныпта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу жоспарын құрыңыз және сабақ үлгісін көрсетіңіз.Сабақтың тақырыбы: «Түйе мүсінін сомдау»Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту. Үй жануары түйе туралы түсінік беріп, таныстыру.Дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүние танымын, шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.Тәрбиелігі: мүсін өнерінің айрықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: дәстүрлі емесСабақтың типі: іскерлікпен дағлықыты қалыптастыруСабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, түсіндіруКөрнекілігі: түйенің, Бурабайдың фото суреттері, Х.Наурызбаев туындыларыКеректі құралдар: саз балшық, тақтайша, сүлгіСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.ә) Бір-біріне көмек беру, көмекке шақыру, сабаққа назарын аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпқа байланыстытопқа сұрақтар қойып жауап алу.• Мүсін өнері дегеніміз не? (Мүсін өнері-көркем өнердің бір түрі)• Анималистік жанр дегенді қалай түсінеміз? (Анималистік жанр-латынша жануар, хайуанаттар дүниесін бейнелеу өнері)• Сомдау дегенді қалай түсінесіңдер? (Сомдау орыс сөзінен алғанда лепка-мүсіндік шығармаларды саз, балауыз, ермексаз секілді жұмсақ материалдан жапсырмалау арқылы сомдау әдісі) • Стека дегенді қалай түсінесіңдер? (Стека саз балшық, пластелин секілді жұмсақ материалдармен жұмыс істеу үшін ағаштан, металдан, сүйектен жасалған жұмыс) • Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз-ойлап табу деген мағынаны білдіреді)• Мүсіндеудің негізгі обьектісі? (Мүсіндеудің негізгі обьектісі-адам)ІІІ. Жаңа сабақ.Мүсіндеу-көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетіледі. Мүсіндеудің негізгі обьектісі-адам. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде адамдарды да, хайуанаттарды да түрлі заттарды да бейнелейді. Мүсінді «скульптура» деп те атайды, ол латынның - Sculptura деген сөзі «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндеудің негізгі обектісі – адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды.

Кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма мүсін деп аталады. Мүсін бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін қатты немесе пластик материалдардан жасалады. Мысалы; ағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрету үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық және пластилин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсіннің формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы.Оқушылар мүсінмен айналысқанда қолданатын басты құралдары: тақтайша, карказ, қалақша т.б. Мүсін - өнерінде, тарихта қайталанбас туындылар өмірге келген. Мысалы: Алтын адам, Мысыр перғауындары, Микиланджеланың «Давид» мүсіні т.б көптеген мүсін түрлері дамыған. Қазақ мүсін өнерін дамытуға алғашқы қазақ мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың еңбегі зор. Мүсіндеудің түрлері: жұмыр мүсіндеу және рельеф. Жұмыр мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Мүсін өнерінің тұрақты орнына байланысты маска немесе бас, дене, жартылай фигура, статуя түрінде болуы мүмкін. Ал рельеф мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі. Біз оны әр түрлі тиянақшалардан кездестіре аламыз. Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді. Денелер фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан көбірек шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсіндеу техникасына жабыстыру, ою, шабу, шекіме, металдан құю жатады. Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылар, монументтік және сәндік болып бөлінеді.Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт-ақшыл, күміс, саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы. Қазақ мүсін өнерін дамытуда алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың еңбегі зор.Ал балалар! Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Түйе мүсінін сомдау». Түйе ол өте қасиетті төрт түлігіміздің бірі. Мінсең көлік, шөлге шыдамды, ертеректе алыс жолға түйемен баратын болған. Сүтінен шұбат жасап, жүнінен жіп иіріп, шұлық тоқып, көрпеде тігіп жатады. Екі топқа түйенің фото суретін құрастырыпжарыстыру.Тәжірбиелік жұмыс:Қауіпсіздік ережесін есте сақта!-Ермек сазды ауызға салмау.-Жұмыс орнынды таза ұстау.-Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.-Орамал қолдану.Үлгімен таныстыруІV.Сарамандық жұмыс• Саз балшықпен жұмыс жасау техникасының ерекшелігін түсіндіру.• Сурет бойынша түйенің анатомиясын таныстыру.• Түйенің мүсінін жасау жолдарын көрсету.«Толықтыруды қажет ететін тест»1. Мүсінөнерінің бір түрі станокты 2. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады3. Табиғат көрінісін қас-қағым сәтте бейнелеу этюд деп аталады 4. Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерін бейнелейтін көркем шығарманы пейзаж дейміз

Қорытындылау.І топЖануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады? (Анималист)ІІ топЖұмыр мүсін деп нені айтамыз? (Жұмыр мүсінді жан жағынан қарауға болады)Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып, баға қою.

Билет № 4

1.Бастауыш клас оқушыларың еңбек құралдарымен таныстыру.

2.Декоративтік аппликацияның технологиясы.

3.«Ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын көрсетіңіз.

1.Бастауыш класс оқушыларын еңбек құралдарымен таныстыруЕңбек кабинетінің алдында басқа да міндеттер қойылады. Соның ішінде бастылары:• Мұғалімге оқыту білімінің деңгейін теориялық санасын дамытуда көмек көрсету• Мұғалімге методикалық көмек ретінде оқыту процесін кемеліне жеткізу• Көрнекі құралдарды табу және дайындау студенттердің өз бетімен материалдарды меңгеруге көмектесу• Техникалық шығармашылық үйірмесін ұйымдастыру, әр түрлі конструкторлық бюросына, заводтарға, мектептерге экскурссия жасау, сызбаларды дайындау және бұйымдарды құрастыру мен таныстыру.• Әр түрлі дыбыс жазылған ленталар, пластиналар, фильмдер жинағы көрмеге дайындалу, кітаптар мен журналдардың жинағын жасау.• Технология кабинетінің дұрыс жабдықталуы жан – жақты оқытудың жаңа әдістерін меңгеруде және мамандардың сапалы дайындығына ықпалы зор.Ондағы жоғарғы оқу орындарының, орта техникалық және кәсіптік- техникалық оқыту орындарының мектеп мұғалімдерінің бірлестігі өткізіліп тұрады.2. Декоративтік Аппликациямен жұмыс. Сәндік аппликация түрлері қара қағаздардан открыткаларды безендіруде қолданылады.Сәндік аппликация үлгісімен әртүрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәнді өрнектің аппликацияны үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек ішінде ою өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.Жұлдыз бұл геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздың натуралды қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою өрнектердің ортасында кездеседі.Кемпірқосақ ою өрнегі бірнеше түстен жолақтар жасап алма кезек орналасады.Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар. Ақ түс –ақиқаттың, тыныштықтың.Сары түс- ақыл парасаттың , қайғының , мұңның.Жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы.Бұл өрнектер алаша, қоржын, тоқуда жиі пайдаланады Тұмарша ою өрнегі ұшбұрыш үлгілес болып келеді.Үш гүл ұшбұрыш тәрізді тұмарлар тіл көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес үй жануарларына да бой тұмар ретінде тағылады.3.Ұлтық ою-өрнектерінің ерекшеліктеріОю-өрнектердің ерекшеліктеріСабақтың мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.Білімділігі: Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.Тәрбиелігі: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың мұраларын, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.Сабақтың типі:Жаңа сабақ.Сабақтың әдісі:Түсіндірме, практикалықСабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, дүниетану, математикаСабақтыңбарысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Сынып тазалығын тексеру. 3. Оқушының назарын сабаққа аудару.II. Жаңа сабаққа дайындық:Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)III. Жаңа сабақ:1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінікБіздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, «ornament» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.2.Ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіруӘр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керекОю-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып тұру керек. (слайд суреттер)4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету (cхема).5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?4. Көбіне қолданылатын өрнек?Y. Сабақты қорытуОқушылардың жұмыстарын талдау.YI. БағалауҮйге тапсырма: Оюлар түрін салып үйрену.

Билет № 5

1.Бастауыш кластағы тұрмыстық еңбектің міндеттері мен мазмұны.

2.Қолданбалы кол өнер. Қазақ халқының киімдері.

3.4-сынып бойынша «Кестелі тақия тігу» тақырыбына сабақ жоспарын құрыңыз және талдаңыз.

1.Баст.сыныпт.тұрмыстық еңбек.Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт. Осыған байланысты білім беру саласында «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бұрынғымен салыстырғанда жетілдірілген нұсқасы 2002жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мемтеп және мектепке дейінгі білім институтының бастауыш білім беру лабараториясында жарық көрген.

Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы бойынша мынадай бөлімдер қамтылған.

-техникалық еңбек;

-көркем еңбек;

-дизайн.

-тұрмыстық еңбек;

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру: қасықтар мен сулықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші жартыжылдықтан бастап асханада кезекшілік ұйымдастыру, тәрбиешінің көмекшісіне дастархан мәзірін дайындауға көмектесу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына орналастыруға үйрету.

Балаларды киіну, шешіну, жуыну процестерінде дербестікке ынталандыру. Балаларды киінуге, шешінуге, ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге (түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешу), шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету.Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмысты еңбекке қатыстыру. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстел мен орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соңынан ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстарға арналған астаушаларды жуу, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс жасау.Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.

Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік түріндегі ынтымақтастық процесінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді (қалақшамен құм алу, тарақпен шаш тарау) орындауға үйрету.

2. Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.

Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған.

Билет № 6

1.Бастауыш кластағы еңбек пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар.

2.Аппликация (жапсырмалау) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Заттық, тақырыптық аппликация

3. 2-сыныпта ермексаздан мүсіндеу тақырыптарын талдаңыз.

1.Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларына еңбек сабағы өткізіледі. Бұл пәннің негізгі өткізілу мақсаты баланы кіші мектеп жасынан еңбексүйгіштікке, еңбекті қалыптастыруға ,баланы жан-жақты дамыған білімді азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Жалпы білім беретін орта мектептерде еңбекке баулу сабағы белгілі бір оқу бағдарламасы бойынша өткізіледі. Еңбекке баулу сабағының негізгі мақсаты- білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты ерекшелігі- балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу ,қоғам игілігі үшін еңбек жасату,оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейіуіне ,ғылым мен техника туралы білімнің негізделуіне жан-жақты білуі шарт.Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді .Еңбек сабағы-мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай,ең бастысы оқушыларды ізденімпаздыққа ,еңбекқорлыққа баулитын сабақ болып табылады.Жалпы еңбек сабағы өте қарапайым болғанымен,балалар үшін күрделі болып табылады. Ең бастысы мұғалімге қойылатын талаптар барынша сабақты балаларға қызықты өткізу. Сабақтың неғұрлым жақсы өтсе баланыңда сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы одан әрі арта түседі.

2. Аппликация (жапсырмалау)қай халықтың өнерінде болса да кездеседі.Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.Бұл өнер түрі Батыста орта Азияда жақсы дамыған.Аппликация латынның (жапсыру,қиыстыру деген) деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі;

-түрлі-түсті қағаз ,қатты кардонмен орындалатын жапсырма.

-әр түрлі мата,киіз,тері,мақта,қауырсын,жіп және т.б. материалдарды қолданумен орындалатын тапсырма

-табиғи материалдармен (сабан,ши,қамыс,дәндер т.б)қолданумен орындалатын жапсырма.

Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі-екі түстен құрақ құрап,жапсырмалау .Негізгі жүннен жасалған жұқа киіз бетіне түсті барқыттан өрнекті құрал жасап бұйым жасайды.Сондай-ақ ақ,қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмақтың өзі жапсырмалау өнерінің бір туындысы. Бұл өнер киімде ,әсіресе баскиімдерде көптеп қолданылады.

3.Қазіргі уақытта 2-сынып оқушыларына ермексаздан мүсін жасау жұмысы қолданылады. Бұл жұмыста 2-сынып оқушылары барынша қызығушылық танытады.Сонымен қатар ермексаздан көптеген қызықты мүсіндер жасауға болады.Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары еңбек сабағында ермексазды көптеп пайдаланады. Сол арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға болады.Ермексаз-мүсіндеу үшін арналған шикізат.Әсіресе ермексаз мүсіндеу үшін өте ыңғайлы ,қолға жабыспайды .Балалардың қолданылуына өте ыңғайлы.

Билет № 7

1.Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты, турі, мазмұны

2.Ұлттық өрнек ою өнері. Өрнектің класиффикациясы.

3. 4 сынып бойынша «Ағаштан көрсеткіш жасау» тақырыбын талдаңыз.

1.Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты,түрі,мазмұны

Еңбекке кластан тыс жұмыстардың мақсаты:Оқушыларға еңбек туралы ұғым беру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: дөңгелек үстел (әңгіме құру,ребус,сөзжұмбақтар жасыру), дебат, «мың бір мақал мың бір жұмбақ» (еңбекке байланысты мақал жасыру)

Еңбекке кластан тыс жұмыстардың мазмұнына келек болсақ.Мысалға «мың бір мақал мың бір жұмбақ» алар болсақ.Оқушыларды топқа бөліп жарыс түрінде өткіземіз:1тур экранда мақал мәтел жалғасын табу.(еңбекке байланысты)

2тур еңбекк құралдарына байланысты ребус құраутырна күрек(тырна,күрек)

3тур жұмбақ еңбек байланысты

4тур сөзжұмбақ (еңбекке байланысты)

2.Ұлттық өрнек ою өнері.Өрнектің класиффикациясы

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі қазақ жерін мекендеген тайпалар өнері әсеерімен ғасырлар бойы қалыптасып белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.Олар негізінен малгершілік, саятшылық,әдет-ғұрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған.Әр оюдың өзіндік мәні бар болған.Бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар қазақтың ою-өрнегін 230дан астам түрін тауып,7 топқа жіктеп, ғылыми түрде анықтама берді.

Аспан әлеміне бай.ты өрнектер:ай,айшық,жарты ай,жұлдыз,кемпірқосақ,шұғыла.Құстарға бай.ты өрнектер:қазмойын,қазтабан,құсқанат.құсмұрын.Жер,су,гүл өрнектер:ирек,райхангүл,үзілмес,шиыршық.Қару құралдарына бай.ты:айбалта,балдақ,балта.т.б.Үй жиһаздарына кең пайдаланылатын қазақ оюының бір түрі-өсімдік сипатты өрнектер.Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі.Өсімдік сипатты ою өрнек көбінесе кебеже мен жүкаяқтарда тігін беттерінде көп кездеседі.

3.4 Сынып бойынша «Ағаштан көрсеткіш жасау»тақырыбын талдаңыз

Мысалға мен 4сыныпты алма ағашы деп алайын.1 сыныпта олардың аты-жөнін,әлеуметтік жағдайын білемін сонымен қатар ата- анамен қарым қытынас жасаймын.Оны алма ағашының тамыры деп алайық.Содан кейін оқушыларға білім бере отырып,4жыл бойы оларды шығармашылыққа,ізденімпаздыққа даярлаймын.Яғни сол алма ағашының бағбаны біздер педагог,мұғалімдер боламыз. 4 сыныпта алма ағашы түйнек беріп жемісін жесем міне сол біздің жетістігіміз.Демек оқушыларымыздың үздік атануы

Билет № 8

  1. Натуралды талшықтардың түрлері мен қасиеттері.

  2. Матаның түрлері мен қасиеттері.

  3. Бастауыш кластағы еңбек бөлмесін жабдықталуын түсіндіріңіз.

1.натуралды(табиғи) талшықтардың түрлері және қасиеттері, Талшықтардың классификациясы — талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады. Табиғиталшықтардың түрлері Жібек Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде ол талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше піллә түзеді. Өндірістік жібек негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін(асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90% береді. Көп еібек қажет ететіндіктен жібек ең қымбат талшық саналады, сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болғандықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары әрі жақсы диэлектрик, 120-130 С ыстыққа төтеп береді, тек 160-170С та ыдырай бастайды. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды ерте замандарда адамдар өте жоғары бағалаған. Жібек маталар алғаш Қытайда шығарылып, Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа елдеріне таралған. Жібек құрты қазір тек Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т. б. елдерде өсіріледі.Жүн. Қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түрі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. бағып, күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.Кендір талшығы.Кендір талшықтары беріктігімен қатар ұзын әрі жіңішке, жұмсақ әрі жылтыр келеді. Сондықтан одан тоқыма өндірісінде пайдаланылатын жіп иіріледі. Кендір талшығы кендір паясынан алынады да, сапасына(ұзындығына, жуандығына және түсіне)қарай бөлініп, түту машинасына жіберіледі. Түту нәтижесінде тал, тал ұзын талшықтармен қатар шатысқан қысқа талшықтар да алынады. Бұлар сапасына қарай әр түрлі жұйемен иіріледі. Ұзын талшықтардан жіп иіру үшін түтілген кендір алдымен дестелеуүш машинадан, сонан соң 3-4 лента машинасынан өткізіліп шүйкеленеді. Шүйкеленген талшық иіру машинасында қажетті мөлшерге дейін жіңішкертіледі де, беріктігі тиісті шамаға жеткізіле ширатылады. Қысқа талшықтардан жіп иіру үшін олар алдын ала көпсітіліп әрі тазартылып, білікті түту машинасының көмегімен ленталанады. Бұл лентадан екі, үш лента машинасы мен бір созу машинасынан өткізе отырып шүйке жасайды.

2.Мата (лат. textile — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінед. Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.

Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек

3. Кабинет бөлмесін таңдап алу барысында, оқушы мен мұғалімнің қабілеттілігін арпттыруда, санитарлық- гигиеналық факторларды сақтауға кері әсерін тигізбеу үшін барлық жағдайларға көңіл бөлу керек.

Бөлменің көлемін таңдаған кезде оқушының жұмыс жағдайында көрушілік ерекшелігін, организімге қажетті ауаның болуын, сонымен қатар жабдықтарды қолайлы жерге орналастыруына көп көңіл бөлген жөн. Тіктөртбұрышты терезелерді оны ұзына бойына қабырғасына орналасқан бөлме формасы мақсатына пайдалану сәйкестігін туғызады. Терезелердің бұлай орналасуы оқушының жұмыс орнына бір жағынан жарық түсіруін қамтамасыз етеді және 30оС-35оСта көру бұрышын сақтайды. Қарау бұрышы кабинет тақтасының жағдайындағы горизонтальды қарау сызығының арасындағы бұрыш деп түсінеміз.Егер айтылған бұрыш 30оС-тан аз болатын болса, тақтада орналасқан бетінің көріну жағдайы нашарлатады және оқушының (көру, қарау) мүмкіншілігін туғызады. Қажетті көру бұрышын тұрғызу үшін, бірінші столдың тақтадан екі метр қашықтықта орналасу керек.Ұзындығына қатысты бөлменің ені 2:3 немесе 3:5 болу қажет, яғни бөлменің ұзындығы 110-11м болған жағдайда ені 6-6.5 м болуы шарт.

Бөлменің тым енді болуы да жарамайды, терезеден тым қашықта орналасқан столдарға табиғи жарықтың түспеуінен оқушыларға қолайсыз жағдай туады, ал тақтадан 10м артық қашықтықта орналасса оқушының көру әсері төмендейді. Қарастырылған бөлменің көлемі кабинеттің гигиеналық талаптарын қанағаттандарады, егер жалпы көлемі 66 м2 құрса, биіктігі 3 м- ден кем болмауы керек. Әр оқушыға кем дегенде 1,5-2,4 м2 қарастырылады. Үсіретін есік ббірінші стол- жақтан болған жөн, басқалай орналасқан жағдайда қосымша алаңдар керек, сызу кабинетінде міндетті түрде лабораториялық бөлме керек, көлемі 15-20м2. Кабинеттің кең етіп орналастыруда, ең алдымен бөлмені күн сәулесінің түсуінен микроклиматты сақтауға көр көңіл болу керек. Күн көзінің биологиялық әсері адам организіміне көп көмегін тиггізеедді.

Билет № 9

1.Табиғи материалдарды, пластмассаны өңдегенде жұмыс орынын дайындау.

2.Матаны бояумен әшекейлеу. Батик ( салқын, ыссы 3.Еңбекке баулу сабағының 3- сынып бойыншажылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сипаттама беріңіз.

1. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді. Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жаткан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттык колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалык, эмоционалдык, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз. Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Табиғи материалдармен жұмыс бастауыш сыныптарда кеңінен қарастырылған. Мұндай жұмыстарды жасату барысында оқушыларға жұмыс жасатумен қатар, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелейміз. Сондықтан да елімізде табиғатты қорғау заң арқылы реттеледі. Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.Табиғи матералдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған. Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып, реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.

2.Батик сөзі яван тілінен аударылғанда - ыстақ балауызбен сурет салу деген мағына береді. Бұл матаны ерітілген балауызбен әшекейлеу әдісі.Өнердің бұл түрімен әлемнің көптеген халқы (үндістер, қытайлықтар, мысырлықтар, перулықтар) ежелден айналысып келген, соның ішінде, суреттің қанықтығы мен көркемдігі және техникалық жетістігі жағынан ең жоғары деңгейге жеткен - явандықтар болды.Яван батиктері көркемдігімен, әдемілігімен бүкіл әлем халқын таң қалдырды, ал индонезиялықтар үшін бұл қарапайым ғана өрнек.Өйткені, батик – индонезиялықтар үшін Ява, Бали және басқа аралдардың тұрғындары үшін – ер адамдар да, әйелдер де киетін жай ғана ұлттық киім.Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. өте кең тараған - өмір қуанышы өрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекше үйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктерде – мифтік Гаруд құсының бейнесі көбірек кездеседі.Батикке салынған суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.Матаны кескіндеудің негізгі әдісі. Батик техникасының негізі бояуды резервте ұстау принципінде, яғни қажет кезінде қолданылатын артық бояуды сыйымдылыққа (ыдысқа) жинақтау принципінде жатыр. Бұл матаның өрнек жасалатын белгілі бөліктерін боямай қалдыруға мүмкіндік береді.Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик.Суық және ыстық батик жайма бойымен аққыштығы шектеулі, сыйымдылықтағы (резервтегі бояу) бояумен жұмыс істеуге негізделген.«Суық» батик.Осы тәсіл «ыстық» батиктен резерв температурасымен, құрал - жабдықтарымен ерекшеленеді. Сурет резерв сызығымен шектеледі. «Суық» батикте резервті алып тастау қажет емес, ол өте ыңғайлы және әдемі.Батик жасау үшін бізге құрал - саймандар қажет, олар:Жақтау - бұл айлабұйымды сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі «суық» батигімізде мақта матасын қолданамыз.Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары. Батик (малайяша - batɪk) - айшықтау әдісі және нақышталып, безендірілген алуан түсті мата. Бұл әдіс бойынша бояу сіңбейтін құрамдас заттармен ( «ыстық батикті» қолданғанда қыздырылған балауыз, «суық батикті» қолданғанда резина желім) матаға әр алуан айшықты кескіндер, нақыш-өрнектер салады, одан кейін матаны бояйды. Қосымша түс, рең беру үшін жапсырылған балауыз ара-тұра аланып тасталады да, мата еселеніп қайта боялады.Индонезия, Үндістан т.б. халықтары ыстық батикті ертеден білген. Индонезиялық батиктің негізгі түс-реңі көгілдір және қоңырқай болып келеді. Дәстүрлі нақыш-өрнек, айшықтар әр алуан әрі белгілі бір мағынаны білдіреді. Еуропада батикті сәнді маталарға 20 ғ. басында қолдана бастады.

3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Сабақ-тың реті Сабақтың тақырыбы Сағат саны

1 2 3

Табиғи материалдармен жұмыс (12сағат)

1 Жұмыс орнын дайындау. 1

2 Табиғат және адам қолымен жасалған әлем

Көрінісі 1

3-4 Ағаш бұтақтарынан әртүрлі пішіндер

Құрастыр 2

1 2 3

5 Сабаннан бұйымдар жасау 1

6-7 Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл»

композициясын құрастыру 2

8 Қарағай ағашы туралы мәлімет 1

9 Өсімдік дәндерімен безендіру 1

10 Құс қауырсынымен жұмыс жасау 1

11-12 Жүннен жасалған «Гүл» алқасы 2

Қағаз және қатырғықағазбен жұмыс (12 сағат)

13-14 Қатырғықағазды бүктеу 2

15 Қатырғықағаздан қорап жасау 1

16 Цилиндр пішінді қорап жасау 1

17 Қатырғықағазды қағазбен қаптау 1

18 Қатырғықағазды матамен қаптау тәсілі 1

19 Циркульдің көмегімен шеңбер сызу және қию 1

20 Сыйлықтық қобдиша 1

21 Фольга материалы туралы түсінік 1

22 Фольгадан жылан жасау 1

23 Фольгадан түйе жасау 1

24 Фольгадан құлын жасау 1

Тоқыма материалдармен жұмыс (6 сағат)

25 Киімдерді жөндеу жұмысы 1

26 Шыртетпе, ілгек және ілмек тігу 1

27-28 Тігіс түрлері 2

29-30 Кестелеу өнері 2

Техникалық үлгілеу (4 сағат)

31-32 Конструктор бөлшектерінен ұшақ, тікұшақ

Құрастыру 2

33 Конструктор бөлшектерінен самокат құрастыру 1

34 Қағаздан зымыран құрастыру 1

Ұлттық киімдер (5 сағат)

35 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері 1

1 2 3

36 Орыс халқының ұлттық киім үлгілері 1

37 Украин халқының ұлттық киім үлгілері 1

38-39 Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері 2

Ұлттық ыдыстар (6 сағат)

40 Ыдыстар туралы мәлімет 1

41-42 Ыдыс жасау (папье-маше) 2

43-44 Шәйнек жасау (папье-маше) 2

45 Ермексаздан тайқазан жасау 1

Сәндік бұйымдар құрастыру (4 сағат)

46-47 Сумоншақтан алқа жасау 2

48-49 Әшекей бұйымдар жасау 2

Ұлттық бұйымдар (6 сағ)

50-51 Сандық жасау 2

52-53 Ойма-нақышты тұскиіз 2

54-55 Кілем тоқу 2

Тоқыма материалдармен жұмыс (3 сағат)

56 Қуыршаққа арналған киімдер 1

57 «Балапан». Матадан аппликация жасау 1

58 «Үй жануарлары». Коллаж 1

Әртүрлі материалдармен жұмыс (8 сағат)

59-60 Ши тоқу өнері 2

61 Сым темір туралы түсінік. Сым темірді түзету 1

62 Сым темірді өлшеп кесу, ию 1

63-64 Биші қыз 2

65-66 Спортшы 2

Өзіндік жұмыстар (2 сағат)

67 Қазақ халқының музыкалық аспаптарын жасау 1

68 Туған күнге сыйлық 1

Билет № 10

1.Бастауыш кластағы еңбек сабағына қажетті құрал-саймандар

2. Еңбек бөлмесіндегі техника қауіпсіздігі журналы, емхана бұрышы

3. 2- сыныптағы еңбекке баулу сабағының «Ілмек тігіс» тақырыбын жоспарлау

1.Оқуға сапалы қатынасты азамат болып қалыптастыруды жеке тұлғаның және интелектуалды дамуын дара білімнің даму тәрбиесі.

2. Еңбек сүйгіштікке, еңбектегі қажеттілігін, еңбек адамына құрметпен қарауға, табиғаттың байлығын ұқыпты қарауын тәрбиелеу.

3. Еңбек дағдыларын және техникалық, техникалық конструкторлық және экономикалық білімдерін қалыптастыру.4. Поли техникалық көзқарастарын кеңейту.5. Еңбек  түріне байланысты жұмыста мамандарды қалыптастыру.   Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарыныда еңбекке баулу сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сүйеніп құралатын оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы мынандай. Негізгі 4 блок бойынша оқытылады.І Өзіне - өзі қызмет ету.ІІ Ауылшаруашылық еңбек.ІІІ Техникалық еңбек.ІV Көркем еңбек.Бұл блоктың бөлімдер мынандай еңбек түрлерінен қамтылған.  І. Өзіне - өзі қызмет ету  1. Киімді күту, жөндеу (жамау)2. Бөлмені, сыныпты тазалау.  ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар  ІІІ. Техникалық еңбек  1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс.  2. Құрастыру, техникалық үлгілеу.  3. Ағашпен жұмыс.  4. Металлмен жұмыс.  ІҮ. Көркем еңбек1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.2. Матамен жұмыс.3. Қолданбалы қолөнер.Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері)  мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысады.Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар  күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.Мысалы: Кластағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін қанттай ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.Күнтізбелік тақырыптың оқу жоспарын тізген кезде бастауыш класс мұғалімдері өзгеріс, қосымша материалдар енгізе алады.2002 жылы оқу жылынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жалпы бастауыш білімінің “Еңбекке баулу” пәні бойынша (І-ІҮ кластар үшін) 1998 жылы қабылданған білім стандартын қайта қарап еңбек бөлімдері қайтадан өзгертілді.Жаңа нұсқада “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай “Еңбекке баулу” пәнінің міндеттерінің желісі түзілді:- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.Стандартта “Еңбекке баулу” пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:

- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.- түрлі материалдармен және басқалармен ерекшеленеді.- техникалық еңбек негіздері.- көркем еңбек негіздері.- тұрмыстық еңбек негіздері.- дизайн негіздері.Еңбекке баулу пәнінің базалық бағдарламасы мына бөлімдермен қамтылды:1. Техникалық еңбек.2. Көркем еңбек.3. Дизайн.4. Тұрмыстық еңбек.Барлық оқу жүктемесінің көлемі 272 сағат көлемінде сақталды.Ауылшаруашылық еңбек бөлімі “Дизайн” бөлімімен өзіне-өзі қызмет ету бөлімі тұрмыстық еңбек, еңбек бөлімімен өзгертілді.Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп өңдеу, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандыру.2. Еңбекке баулу ерекшелігі2.Сабақ барысында тазалықты және еңбек қауіпсізідігін сақтау ережелері  .Жұмыс кезінде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жұмыс барысында олар өлшейтін және тексеретін (бақылайтын) құралдарды пайдаланады (сызғыш, циркуль, үш бұрыш сызғышы т.с.с). Бұйымдар жасағанда олар қағазды өңдеп, арнайы құралдарды қолданып жұмыс істейді. Мұны техникалық өңдеуге арналған құралдар дейді (пышақ, қайшы, біз т.с.с.).Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге және практикалық жұмыс кезінде саусақтарға арналған жаттығулар жасалады.парта /үстел/ үстін қолмен кезек сипау;кезекпен қолдың саусақтарын ашып, жұмып, парта /үстел/ үстін үру;екі қолдың шынашағын парта үстіне параллель қойып, әр саусақты кезекпен алақанға үру сияқты жаттығулар алты жасарларға сергіту үшін пайдалы.Мұғалім сабақта әрбір оқушының қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, жұмыс істеулеріне бағыт беріп отырады. Шамамен мынандай талаптар қойылуы керек:жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.3.Сабақтың тақырыбы: Қол тігіс түрлеріМақсаты: а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмысСабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттеріСабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, матаСабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. а) Сәлемдесу ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу б) Оқушыларды топқа бөлу 2. Сабаққа дайындық. 1,2,3 Бойға жинап күш Жалқаулықты тастаймызЖаңа сабақ бастаймыз.3. Үй тапсырмасын тексеру 1. Маталардың қандай түрлерін білесіңдер? 2. Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай? 3. Кез-келген бұйым тігу үшін матаны қалай таңдаймыз?4. Жаңа сабақ Ой қозғау (жұмбақты шешу) Кірш – кірш етеді Ішіне кіріп кетеді (ине) Бір тышқанда екі құйрық (ине мен жіп) Кіріспе сөз. Көктеу, жөрмеу, тепшу Қиғаш сәндік Ілмек тігіс Таңдай тігіс, түйін тігі Қайып тігу, түгу тігіс тышқан із тігіс, шалық торлау.Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады. Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Қиғаш сәндік. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады. Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады. Ілмек тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.5. Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережесі.Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал. Қайшыны досыңа сілкілемей бер. Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.6. Сергіту сәті7. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны1-гейм. «Бой сергіту» топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді. Тапсырма:1. Қазіргі кездегі қолмен іс тігетін тігіншілер туралы айту?2. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады?3. Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет? 4. Тігістің түрлерін ата?5. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(ілмек) 6. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (қиғаш тігіс) 2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғырлар» топ мүшелері сандықтан нөмірлері конфет алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ капитандары жауап береді. Тапсырма: 2-нөмір. Жұмбақ. Қылыштасты ағайынды екі батыр Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр Аағайынды екеуінің кескілесі Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (қайшы) 4-нөмір. Жұмбақ Жүрген сайын жүйрігім Қысқартады құйрығын (ине) 3-нөмір. Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру. 1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі 2. Жіптің ұзыны жақсы Сөздің (қысқасы) жақсы 5-нөмір. Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру 1. Тігінші кем істейді (Үтік) тегістейді 2. үйренгенің (өзіңе) құт Істегенің еліңе құт 3-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады. 1. Қандай тігіс түрлерін білесің? 2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет? 3. Ине не үшін қажет? 4. Мата түрлерін ата? 5. Қиғаш тігіс қалай орындалады? 8. Үйге тапсырма беру. Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру. 9. Бағалау Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.

Билет № 11

1. Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.

2. Декоративтік аппликацияның технологиясы

3. Еңбекке баулу пәні бойынша «Аппликация түрлері» тақырыбын жоспарлау.

1.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.

Сабақ барысында еңбек дағдылары,іскерлік,төзімділік қалыптасып,кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды,онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді,техникалық білімді игереді.Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру,оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады.Қорыта айтқанда.еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі,олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі.Яғни,оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін,мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.

Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету:оқу-құралдарын,кабинеттерді,сынып бөлмесін,дәліздерді жинау;Қоғамдағы пайдалы еңбек-қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру,жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы.Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетанымы қалыптасады.Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп,денсаулығы жақсарады,саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.

2.Декоративтік аппликацияның технологиясы

Аппликация сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады.Киімді,тұрмыстық заттарды,сәндік паноларды дайындауда қолданылатын кестелердің бір түрі болып табылады.Аппликация латын сөзінен шыққан бейнелеу техникасының бір түрі,кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып,екінші материалдарға,фонға бекіту.Аппликация-әр түрлі материалдан дайындалған көркем шығарма.Материалдардың қасиеттері аппликацияның орындау техникасына әсерін тигізеді.Мысалы:қағаз,сабан,кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса,ал маталар,тері,киіз,әдептен тігіледі.

Аппликация-тек безендіру жұмыстарынада ғана емес,панно,өрнек,картиналар жасауда да қолданылады.Аппликацияның негізгі белгілері:Сұлбалығы,бейненің жазықтығы бейнеленуі,түстік дақтардың біркелкілігі.Аппликация мазмұны бойынша тақырыптық,сюжеттік,сәндік,өрнектік,шрифтік және дайындалу технологиясы бойынша жайпақ,көлемді және тағы басқа болып бөлінеді.Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ,ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданылып келе жатқан киім,аяқ киім,тұрмыстық заттарды,үйді сәндеудің ежелгі тәсілі.Ауданы 30 метр квадрат болып табылатын үлкен ақ шатырлар киіз баулармен әсемделген,бауларда түрлі түсті аппликация тігілген.Аппликация тек Азияда ғана емес,Еуропа елдерінде де,соның ішінде Италия,Испания,Германия,Францияда өркендеген.

3.Еңбекке баулу пәні бойынша «Аппликация түрлері»тақырыбын жоспарлау.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру.

Тәрбиелігі:Оқушының бейнелі ойлау,қол икемділігі қабілеттерін қалыптастырып,жетілдіру.

Дамытушылығы:Оқушыларға форма,көлем,түс жайлы түсініктер бере отырып,олардың бейнелеу,безендіру,құрастыру қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі:Сәндік қолданбалы өнер

Көрнекілігі:Түрлі қағаздан,матадан,табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер.

Керекті құралдар:Түрлі түсті қағаздар,мата түрлері,қайшы,желім,сурет альбомы,қарындаш,т.б.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

II.Жаңа сабақты түсіндіру.

IV.Қорытынды бөлім.

а)Жаңа сабақты қорытындылау.

ә)Оқушыларды бағалау.

б)Үйге тапсырма беру

Билет № 12

  1. Дизайн – іс әрекетінің түрі.

2. Жіптердің пайдалануына байланысты жіқтелуі

3. 3 –сынып бойынша «Кестеленген қайшықап тігу» тақырыбын талдау.

1.Дизайн-іс-әрекетінің түрі.

Дизайн-көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.Дизайн қызметінің ерекшелігі-әсем әрі көркем жаслған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып,ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж АҚШ-та пайда болды.

Терминдік атауы жаңа болғанымен,оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан.Мысалы,қазақ халқының қолөнер бұйымдарының(қобыз,домбыра,сандық,ожау,торсық)қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған.Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады.Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп,дамып отырады.ТМД елдерінде,соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып,дами бастады.1987 ж Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды.Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға ие болуда.Жарнама,плакаттар,кітап безендіру,өндіріс бұйымдарын жасау,жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу,т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты.

2.Жіптердің пайдалануына байланысты жіктелуі.

Жіп-қысқа талшықтардан ширатылған,мата жіне трикотаж тоқуға,киім,кесте,т.б.тігуге,арқан есуге,т.б.пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі.Жіп біртектес талшықтан(мыс,мақта талшығы,зығыр талшығы)немесе әр түрлі талшықтан (мыс,жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан ) иірілуі мүмкін.Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы-жіңішкелілігі мен механикалық қасиеттері (беріктігі,созылымдылығы,ширағыштығы,тазалығы т.б).Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп,иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді.

Қолмен жіп иіру неолит дәуірінен белгілі.Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды.Келе-келе адамзат ұршықты доңғалақ арқылы айналдыру тәсілін,бір мезгілде шүйкелейтін және иіретін құралды ойлап тапты.Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен,ешкінің түбітінен иірілетін.Мұндай жіптер таза,жұмсақ,әрі төзімді,созылмалы да әдемі.Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады,кепкен соң қолмен майдалап түтеді.Түтілген жүн қыл-қыбыр,шөп-шаламынан тазарып,ұйысқаны жазылып,жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады.

3.3-сынып бойынша «Кестеленген қайшықап тігу»тақырыбын талдау.

Билет № 13

1.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері

2. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру жолдары.

3. Папье-маше, муляж, макет, модель тақырыптары бойынша сипаттама жасаңыз.