Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20 гост.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.59 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 18

1.Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері. Мемлекеттің функциялары – мемлекеттің қоғамдық істерді басқаруының мәні мен бағытын бейнелейтін қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылады. Мемлекеттің функциялары белгілі бір даму кезеңіндегі мемлекет алдында тұратын негізгі міндеттерінен туындайды және де ол осы міндеттерді жүзеге асыру құралдарынан тұрады. Мемлекеттің ішкі өмірді немесе халықаралық аренадағы басқару мәселелеріне қарай, мемлекеттің басқару функцияларын ішкі және сыртқы деп бөледі. Мемлекеттің функциясын қамтамасыз ететін – мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары:экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқық қорғау, экологиялық, мәдениет, қаржы реттеу функциясы, ғылыми-техникалық прогресті дамыту .Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің халықаралық аренадағы қызметінің негізгі бағыттары:қорғаныстық, дипломатиялық, сыртқыэкономикалық, сыртқы саяси, мәдени-ақпараттық

Мемлекеттік басқарудың негізі - адамның, қоғамның басқарудың объектісі ретіндегі орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы принциптер бойынша демократиялық және авторитарлық басқару түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Демократиялық басқару – адам үшін қызмет, жұмыс табиғи жағдай және де ол өзін-өзі басқаруға, бақылауға қабілетті, жауапкершіліктен қашпайтын жағдайдан туындайды. Басқарудың бұл түрі өкілеттілікті бөліп беру функциясына байланысты өзіндік жауапкершілікті көп беруді, шешімдер қабылдауға тартуды пайымдайды. Демократиялық басқару - адам – қоғам - мемлекет тізбесі арқылы құрылады.

Авторитарлық басқару – орта адамның еңбектен қашатындығынан, мансапқор еместігінен, жауапкершіліктен қашатындығынан өзін басқаруға келісетіндіктен туындайды. Авторитарлық басқаруды жауапкершілікпен бақылау негізінен жоғарғы деңгейде шоғырланған. Жетекшінің өте мол жеке билігі бар, ал оның қарамағындағылар жетекшінің бұйрықтары негізінде қызмет жасайды.

2.Болжаудың негізгі түрлері. Болжамдар типологиясының маңызды белгілері болып болжам масштабы, уақыты, объект кескіні, болжам қызметі табылады

Масштабы бойынша болжамды келесідей ажыратады:

- макроэкономикалық (халықтық шаруашылық) және құрылымдық (салааралық және аймақаралық) болжамдар;

- халықтық шаруашылық кешендерді дамыту болжамдары (жанармай-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, өндірістік инфрақұрылым, халыққақа қызмет көрсету орталықтары және т.б.);

- салалық және аймақтық болжамдар, халықтық шаруашылық жүйелердің, яғни кәсіпорындар, өндірістік бірлестіктердің, сонымен қатар жекеленген өндірістер мен өнімдердің алғашқы түйіндерін болжау.

Алдын-ала уақыты бойынша болжамдар бөлінеді: жедел, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, алыс мерзімді. Жедел болжамның орындалу кезеңі – бір айға дейін, қысқа мерзімді – бір айдан бір жылға дейін, орта мерзімді – бір жылдан бес жылға дейін, ұзақ мерзімді – бес жылдан жоғары болғанда.

Жедел болжамдарбойынша болжанып отырған кезеңде ешқандай өзгерістер болмайды, және зерттелетін объектіде сандық және сапалық өзгерістердің болмайтынынан негізделеді.Оларда күтілетін жайттардың сандық бағалануы басым болады.

Қысқа мерзімді болжамдартек қана сандық өзгерістерге сүйенеді.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар – зерттелетін объектіде сандық қана емес сапалық өзгерістерге де бағынышты болады. Орта мерзімді болжамдарда баға сандық-сапалық болса, ұзақ мерзімді болжамда керісінше сапалық-сандық болады.

Экономикалық болжам болжамның басқа түрлерімен бірігіп жұмыс істейді. олар: әлеуметтік, саяси, демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи ресурстарды болжау. Бұл болжамдардың қорытындылары халықтық шаруашылық және экономикалық болжамның басқа да түрлерінде ескеріледі. өз кезегінде, экономикалық болжам – басқа да барлық қоғамдық үрдістердің дамуының жоспары мен болжамын құрайды.