- •3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
- •1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
- •3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
- •1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
- •1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
- •3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
- •3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
- •Емтихан билеті № 11
- •1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
- •Емтихан билеті № 13
- •3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.
- •Емтихан билеті № 14
- •1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.
- •2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •3.Маслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері. Мәслихатдепутаты
- •Емтихан билеті № 15
- •3.Тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәслихаттыңтұрақтыкомиссияларынұйымдастыружәнеолардыңқызметi
- •Емтихан билеті № 16
- •Емтихан билеті № 17
- •Емтихан билеті № 18
- •3.Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
- •Емтихан билеті № 19
- •3.Маслихаттардың өзара қатынасы: депутаттар және жергілікті әкімшіліктер жиналысы,жеке өкілет функцияларының іске асырудағы бөлініс қағидасы.
- •Емтихан билеті № 20
Емтихан билеті № 1
1.Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Сондықтан, қоғамның дамуындағы басқарудың рөлін бағалау оңай емес болып табылады. Жалпы басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ережелерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.Кең мағынада алғанда, баcқару дегенміз — қоғамдың ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру, басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш комплектісін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуте болады, мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді:
• өлі табиғаттағы басқару процестері (техннкалық жүйелерді басқару),
• тірі организмдердегі (биологаллық жүйелердегі) басқару процестері;
• қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері «Техпикалық жүйелерді басқару дегеніміз — адамның қатысуынсыз өлі табиғатты (станоктармен, механзімдермен) басқару, Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.«Биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді Басқарудың бұл саласы — жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.«Әлеуметтік қоғамдың жүйелерді басқару» дегеніміз — шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты қозғаушы күші ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдың игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады» Зерттеу объектілері — әлеуметтік — экономикалық жүйелер, ал пәні-өндірісті басқару жүйесі болады.Француз экономикасы «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретъеннің (шамамен-1575 -1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналығында саналы көзқараста болып табылады.Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді — олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда, әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің рухани саласын басқару, түрлеріне бөлінеді.Әлеуметтік-экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан экономиканы басқару үздіксіз сипат алады. Бұл жүйелердің факторлары: еңбек бөлшегі, мамандандыру, коноперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын ролдері айрықша. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында оның экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әруақытта өзгеріп отырды. Қазақ ғалымдары мамыров Н.К., Ихданов Ж. Анықтамалары бойынша, мемлекеттік реттеу дегеніміз, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық экономика жағдайында экономиканы мемлекеттік реттелінуі деген, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайға бейімдеу және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.Экономика - бұл сан түрлі халық шаруашылығы салалары мен сфералар жиынтығы, тұтастығы. Ал тұтастық ол бір, ортақ мақсаттылық. Осы орайда қоғам мақсатын анықтау, оның барлық жүйелерінің даму жодарын, бағыттарын белгілеу, олардың іске асырылуын талдау, таразылау, бағалау мемлекеттік реттеуді объективті қажет етеді.Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтаудың тағы бір факторы, ол экономиканың дамуына, жұмыс жасау жағдайына, сфералар араларында үзіліссіз заттай, ақпараттық ағымдар қозғалысын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың кешенді дамуы.
3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
Ғылым мен тәжірибеде «жергілікті өзің-өзі басқару» және «мемлекеттік жергілікті басқару» түсініктерімен қатар «муниципалды менеджмент» (басқару) термині қолданылады.
Жергілікті өзіндік басқарудың өзектілігі Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік бағдарламалық құжаттарында ерекше көрсетілген. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік және жергілікті басқару жүйелерін жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру мен жергілікті өзіндік басқаруды жасақтау есебінен олардың тиімділігін көтеру көрсетілген.
Муниципализация (лат. municipium - самоуправляющаяся община) мемлекеттік билікпен қалалық өзіндік басқару органдарына жерге, құрылыстарға, жергілікті шаруашылық кәсіпорындарына меншік құқығының берілуін білдіреді. Қалаларда муниципальдық меншіктің нысандары болып, ең алдымен, олардың тіршілік әрекеті жүйелері: су және канализациялық жүйелер, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй қоры және т.б. табылады. Көрсетілген қызметтердің қалалық биліктің басқаруында болуы қаланың өзіне де, тұрғылықты халыққа да басымдықтар береді.
Муниципальдық менеджмент тар және кең мағынасында да түсіндіріледі. Алғашқы жағдайда қалалар мен аудандарда, елді мекендерде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күші және қаражаттарымен, олардың қызметі ширегінде реттеу жұмыстары жөнінде сөз болса; екінші жағдайда муниципальдық менеджмент осы территориялық жүйелерде билік пен басқарудың мемлекеттік, аймақтық, муниципальды органдарымен, экономикалық мемлекеттік емес құрылымдармен, саяси партиялармен және басқа да халықтың өздік әрекеттегі қоғамдық ұйымдарымен, бұқаралық ақпараттық құрылымдармен жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың барлық жиынтығы ретінде айқындалады. Муниципальдық менеджмент көмегімен елді мекеннің қажеттіліктері мен тіршілік әрекетінің барлық жағдайлары қамтамасыз етіледі: тұрғын үй, коммуникация, қоғамдық тәртіп, білім беру және медициналық қызмет көрсетулер. Муниципальдық менеджменттің практикалық механизмі қалалар мен аудандардағы елді мекендердің институционалдық (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын право нормаларының жиынтығы) және ұйымдық құрылымдарын, құқықтық және әкімшілік нормаларды белгілеу әдістерін, басқару шешімдерін жасақтау, қабылдау және жүзеге асыруды, басқа да тіршілік әрекетін реттеуіштерді қамтиды.
Емтихан билеті № 2
1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны - қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады.
Басқару – басқару субъектісінің объектіні сапалы жаңа жағдайға аударуға мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті.
Басқару әмбебап құбылыс болып табылады, себебі ол барлық қоғамдарда, елдерде, адамдардың қоғамдық қызметінің барлық салаларында және өркениеттің барлығында бар. Басқару процесінің екі жағы бар: басқарушы және басқарылушы. Басқарушы жақты басқарудың субъектісі десе, басқарылушы жақты объектісі деп атайды.
Басқарудың субъектісі – бұл басқарушылық шешімдерді қабылдау өкілеттілігіне ие (басқаларға интеллектуалды) индивид немесе адамдар тобы, яғни бұл басқару органы және де оның негізгі қызметі мен міндеті басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Басқару объектісі – бұл жұмысшылар, коллективтер, басқа да объектілер, яғни басқару шешімдерін орындайтын, басқару мақсатын жүзеге асыратын адамдар тобы.
2.Мемлекеттік реттеудің әртүрлі модельдері. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік – экономикалық және ұйымдық- құқықтық негізде араласуын білдіреді.Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет. XV-XVII ғғ. капиталдың алғашқы жинақталу кезінде меркантилистер мектебінің өкілдері мемлекет белсенді экономикалық саясат жүргізуі керектігін дәлелдеді. Олардың пікірінше, ақшалай байлыққа мемлекеттің билігі арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ерте (ақша) меркантилизм теориясы (оның өкілдері ағылшын У. Стаффорд, италияндық Г. Скаруффи) мемлекет ақшаны елдің ішінде ұстауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру керектігін ұсынды. Ондай шаралардың ішінде ақшаны шекарадан шығаруға тиым салу, валютаны сатуға мемлекеттік монополияны белгілеу бар.
XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейінгі меркантилизм (мануфактуралық) гүлдене бастады (бұл кезеңнің өкілдері Т. Мен – Англия, А. Серра – Италия, А. Монкретьен - Франция). Бұл сауданың өркендеу кезеңі болғандықтан, мемлекеттің маңызды міндеті белсенді сауда балансы жүйесін құру болып табылды. Белсенді сауда балансын қалыптастыру және сыртқы нарықты жаулап алу үшін үкімет сырттан әкелінген тауарларға кедендік баж салуды және экспортқа шығатын тауарлардың өндірушілеріне сыйақы беруді реттеуге міндетті болды. Осы мақсатпен өнеркәсіптің дамуына жағдай туғызуға ұсыныстар жасалды. Меркантилистер идеясы мемлекеттік саясаттын теориялық базасы болды. Олардың негізгі бағыты протекционизм. ХХ ғасырда неоклассикалық бағыт бірқатар оқымыстыларды алға тартты. Олардың ішінде ағылшындық экономист А. Маршалл, американдық Э. Чемберлин, Л. Мизес, Ф. Хайек, М. Фридмен (соңғы екеуі Нобель премиясының лауреаттары).
Мемлекеттік экономиканы реттеуге тікелей араласуын неоклассиктер нарықтық жүйенің бұзылуы деп түсінеді. Олар мемлекеттің рөлін төмендегілермен шектейді:
тәртіп сақтау;
бәсекені қолдау;
инфляциясыз ақша айналысын қамтамасыз ету;
кәсіпкерлікті ынталандыратын салық саясатын жүргізу. Чикаго университетінің профессоры М. Фридмен, өзінің ақшаның сандық теориясына сүйене отырып, инфляцияны ығыстыру бағдарламасын ұсынды. Оның теориясы экономика ғылымының тарихына «монетаризм» деген атаумен енді. Фридмен концепциясының негізгі ақшаның сандық теориясы. Оған сәйкес айналыстағы ақша массасы баға деңгейіне тікелей әсер етеді. Яғни ақша сұранысты басқару функциясын орындайды, сөйтіп ақша арқылы шаруашылық процесті де, соның ішінде ол өндіріс көлемі мен еңбекпен қамтуға да елеулі түрде әсер етеді. Институционалдық бағыттың өкілдері сияқты француз ғалымдары неоклассиктердің нарықтық теорияларына сыни көзқараспен қарады. Ф. Перру экономиканы жабық, нарық басқаратын жүйе екендігіне қарсы бола отырып, оның әлеуметтік қатынастармен тығыз байланыста дамитынын дәлелдеумен болды. Ф. Перру өзінің концепциясында жалпы экономикалық тепе-теңдікті ұсынды. Онда фирма мен мемлекет басты экономикалық агенттер болып, қоғам дамуына үлес қосады. Ол мемлекеттің рөлін көтеру керектігін нақты дәлелдеді. Мемлекеттің дирижизмінде (экономикалық процесстерді басқару) құрылымдық қайтақұрулар болатынын көрді. Ф. Перру Қолданбалы экономика ғылымы Институтын құрды. 1948 жылдан бастап «Қолданбалы экономика» журналы шыға бастады. Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік - экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл). Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады.Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді.Әлеуметтік-экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.
3.Муниципалдық менеджменттің пәні және әдісі. Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы өте баяу және үздік-үздік болуда.
Муниципалдық менеджменттің ғылыми пән ретіндегі үлгісінде келесідей бағыттар бойынша ғылыми білімнің бар болуын айтуға болады:
- тұрғындардың өздігімен ұйымдасуының қызметтері, қағидалары, құрылымдары, сілтемелері, заңнамалары мен тенденциялары,әр қилы түрдегі мемлекеттік жүйелер;
- мемлекеттің, аймақтардың, қалалар мен аудандардың территориалық шаруашылық ұйымдасуы және оны оптимизациялаудың алғы шартары:
- жергілікті даму ресурстары, оларды көбейту стратегиясы, және оларды әсерлі пайдалану тәсілдері;
- қалалардың, аудандардың және олардың жүйелерінің тұрақты және қауіпсіз дамуының болжануы мен бағдарламалануының технологиялары;
- тұрғындардың, жергілікті биліктің және оларға жауаптылардың экономикалық және әлеуметтік белсендігін сүйемелдеу;
- муниципалды менеджменттің мониторингі, маркетингі, кадрлық сүйемелденуі және т.б.
Муниципалды менеджменте келесідей зерттеу әдістері пайдаланылады.
Нормативтік әдіс, ол жергілікті ерекшеліктерді ескеретін нормалар мен нормативтердің жүйелерінің муниципалдық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары мен маңызды білімдерін негіздейді.
Баланстық әдіс территориялық құрылымдар мен ішкі аймақтық кешендерді қосымшалайтын салалар арасындағы дұрыс қарым-қатынастарды тандауға мүмкіндік береді. Баланстар тиімді ішкі аймақтық және сыртқы аймақтық байланыстарды жасау үшін және де қаланың немесе ауылдық аймақтың территориясында орналасқан жекеленген кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан орналастыруға қызмет етеді,
Жүйелік талдау әдісі – деңгейлілік қағидасын пайдаланылатын жан-жақты талдау түрі, яғни ол мақсаттардан, амалдардан, гипотезалардан басталып, өндірісті орналастырудың оптимум нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен жалғасады.
Өндіргіш күштерді орналастыру мен аймақтардың шаруашылығының дамуының мәселелері өте қиындап кеткендіктен және салалық және территориялық байланыстар қиын басқарылатын болғандықтан экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Экономикалық-математикалық әдісті қолдану аз уақыт ішінде үлкен көлемді мәліметтерді өндеп, қойылған мақсаттарға сай қолайлы шешімді тандауға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдісті индекстерді талқылап, корреляциялық талдаулар жүргізілу үшін қолданылады.
Ұйымдастырушылық әдістер – белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымдастырушылық қарым-қатынастарға (бөліп қарайтын, тәртіптік) әсер ету жүйесі.
Экономикалық әдістер – нақты экономикалық шарттарды құру жолдарына әсер ету тәсілдері (қаржы тетіктері, болжамдары, экономикалық қызығушылықтар мен шаруашылық есептер).
Емтихан билеті № 3
1. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.
Мемлекеттік басқару теориясының пайда болу тарихын әдетте 18ғ. Австрия мен Германия университеттерінде оқытыла бастаған «камералистика» ғылымдар курсы, яғни әкімгершілік және экономикалық пәндер циклымен байланыстырады. Камералистика - әкімгершілік қызметтер құрылымы мен оның жұмысын жақсарту жолдарын, құралдарын зерттеді. Сөйтіп, Германияда 18ғ. бастап 19ғ. дейін министрліктер құрыла бастады. 19ғ. аяғында камералды ғылымдардың ролі төмендей бастады, бұл кезде саяси ғылымдар мен мемлекеттік басқару теориясы ғылымы жоғары қарқынмен дами бастады және де оның орталығы АҚШ болды. Мемлекеттік басқарудың американдық ғылымдарының негізін қалаушы АҚШ-тың 28 Президенті Вудро Вильсон (1856-1924жж.) болды.В. Вильсонның концепциясының негізгі ережелері оның «Әкімгершілікті зерттеу» (1887ж.) мақаласында баяндалды. Көптеген қазіргі зерттеушілердің ойынша, В. Вильсон, Ф. Гуднау, М. Вебердің еңберінің пайда болуымен мемлекеттік басқару теориясының өзіндік ғылыми бағыт ретінде қалыптасуының 1-ші сатысының басталуын есептейді Бұл сатының хронологиялық шегін 1880 жылдан 1920 жылға дейінгі уақыт деп анықтауға болады.
Мемлекеттік басқаруға жүйелеген талдау жасаған алғашқы ғалым неміс социологы Макс Вебер (1864-1920жж.) болды. Оның «Шаруашылық және қоғам» атты еңбегі атқарушы өкімет сатысы мен оның қызметкерлерінің мүдделерін оқып-үйренудегі негіз ретінде әлі күнге дейін құндылығы зор болып отыр [1]. Вебердің пікірі бойынша, идеалды мемлекеттік басқару – бұл бюрократиялық сатының қатаң принциптеріне негізделген басқару: басшының авторитарлық билігі, оның қол астындағыларға бұйрық, тапсырма беруі мен оның орындалуын бақылау.
В.Вильсон, Ф.Гуднау, М.Вебер мемлекеттік басқару теориясының екі негізгі идеясын өңдеді:
- мемлекеттік басқару реформасын жүзеге асыру үшін әкімгершілікті ғылыми тұрғыдан зерттеу;
- мемлекеттік аппарат саясаттан тыс болуы қажет.
Мемлекеттік басқару теориясы өзінің әрі қарайғы дамуын классикалық мектеп пен «адами қатынастар» мектебінің еңбектерінде алды, бұл мектептер 20ғ. басында дамыған «ғылыми менеджмент» бағытын бейнеледі.
Мемлекеттік басқару теориясының дамуындағы екінші сатысы 1920-1950 жылдарды қамтиды. Әсіресе осы жылдары американдықтар үлкен жетістіктерге жетті, сол кезеңдердің өзінде Еуропа елдеріне қарағанда АҚШ-тың жоғарғы оқу орындары оқу бағдарламасын жасауда және оқытушыларды таңдауда үлкен бостандыққа ие болды. Олардың тәжірибе жасау, жаңа курстарды қеңінен енгізу мүмкіндігі болды, сол курстардың біріне жаңа ғылымның кең танылуына негіз болған әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясы жатады.
1920-1950 жылдары мемлекеттік басқару теориясының кең танылған бағыттары болып классикалық мектеп және адами қатынастар мектебі танылды. «Классиктердің» жарқын өкілдері болып А. Файоль, Л. Уайт, Л. Урвик, Д. Муни, Т. Вулси табылады [10].
Классикалық мектептің мақсаты – кәсіби мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы қағидаларын жасау болып табылады. Классиктердің көбі дерлік осы қағидаларды ұстану әртүрлі мемлекеттердегі мемлекеттік әкімшілікте жетістіктерге әкеледі деп тұжырымдады. Классикалық мектебінің бағытын ұстанушылар мемлекет ісінің әлеуметтік аспектілеріне аса мән бермеді. Олар басқарудың ұйымдастырылуына кең перспективалық көзқараспен қарауға тырысты, мемлекеттік ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы мен заңдылықтарын анықтауға тырысты. Француз ғалымы А. Файоль басқарудың осы кезеңіндегі «классиктердің» көрнекті өкілі болып табылады
Классикалық мектептің мемлекеттік басқару жүйесі жоғарыдан төмен қарай иерархиялық ұйымның сызықтық – функционалдық басқару түрі. Мұндай модель тұрақты әлеуметтік ортада және басқару ісінің бірыңғайлығында және жағдайында тиімді. Ол әлі күнге дейін мемлекеттік басқару әртүрлі деңгейінде өз орнын табуда.
Классикалық мектеп өкілдері (А.Файоль, Л.Уайт, Л.Урвик, Т.Вулси) мемлекеттік басқару жүйесі – бұл әрбір қызмет категориясының нақты функциясын анықтау мен тәртіпке келтірілген, сатыланған ұйым, деп қорытындылаған.
«Адами қатынастар» мектебі немесе неоклассикалық мектеп 30 жылдары пайда болды, өкілдері М.Фоллет, А.Маслоу, Э.Мэйо, У.Мэрфи. Олар ұйымдастырудың нәтижелілігін арттырудың негізгі элементі – адами қатынастар деп есептеді, негізгі назар психологиялық факторларға бөлінуі қажет деп айтты [13]. Адами қатынастарға көшу классикалық мектептің қабілетсіздігіне жауап ретінде адами факторды ұйымдастырудың тиімділігінің басты элементі ретінде қабылдауы болды. Бұл мектеп классикалық мектептің қабілетсіздігіне қарсы пайда болғандықтан, оны неоклассикалық мектеп деп те атайды.Адами қатынастар қозғалысының барысында мемлекеттік басқару теориясында қолданылатын әртүрлі мотивациялық модельдер жасалды.Бұл зерттеулерде жеке тұлғалардың және топтардың шынайы әрекеті мемлекеттік шешімдер шығаруда және қабылдауда маңызды екенін көрсетті. Сол кезде саяси басқару саласында кейнстік идея танымал болды. Әйгілі ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты (1936ж.) еңбегінде экономиканы мемлекеттік реттеудің концепциясын ұсынды. Кейнстік ілім бойынша, мемлекеттік саясаттың негізі экономикалық құлдыраумен және жұмыссыздықпен күресуден тұру қажет, - деді. Бұл ең алғашқы дағдарысқа қарсы мемлекеттік саясаттың моделі болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының үшінші кезеңі 1950 жылдары басталып, ХХ ғасырдың соңына дейін жалғасты. Бұл кезеңнің басты бағыттары деп мінез-құлықтық, жүйелік және ситуациялық тәсілдерді атауға болады. Мінез-құлықтық ғылымының мектебі жеке тұлғалар арасындағы қатынасты жақсартуға тырысқан адами қатынастар мектебінен өзгеше болды. Жаңа әдіс мемлекеттік қызметкерлердің өзінің жеке мүмкіндіктерін мемлекеттік құрылымдарда мінез-құлық ғылымының тұжырымдамалары негізінде қолдануға үлкен деңгейде көмектесуге ұмтылумен ерекшеленеді. Бұл мектептің негізгі мақсаты – оның адами ресурстарының тиімділігін арттыру есебінен мекеменің тиімділігін арттыру болып табылады.
2.Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да нарықтың ережесіне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.Мұндай үлгіні алғаш рет А. Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. Автордың өзін-өзі реттеу ұстанымын қолдайтыны көрініп тұр. А. Смиттің пікірінше, жеке тауар өндірушілер мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не қажет, соны сатып алады. А. Смит сөзімен дәлірек айтқанда, нарықты өздігінен реттейтін «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. «Көрінбейтін қол» мен нарықтың автоматтылығы ресурстарды бөлу мен оңтайландыруға қабілетті. Яғни, нарық «айқын және қарапайым табиғи еркіндік жүйесі» идеясын жүзеге асыруға қабілетті. Осыдан шығар қорытынды: мемлекеттің экономикаға араласуы қажет емес, әйтпесе «қалай жүрсе, солай жүрсін» табиғи тәртіп бұзылады.Классикалық үлгі мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында қызмет ететін жеке фирмалар үшін қосымша әрі жанама дамуы тиіс. Классикалық мектептің экономисттері әр түрлі тарифтер жасауды, баға деңгейін тұрақтандыруды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен, классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің нарықтық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді.
3.Муниципалдық басқарудың қызметі мен түсінігі. Муниципалды басқару – бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік–экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару – бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол өзін-өзі басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергіліті деңгейде жүзеге асыру.
Мунципалдық қызмет - жергілікті өзін-өзі басқару тәуелді, тәуелсіз институттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті бюджеттен қаржыландырады.Муниципалдық қызметтің негізгі міндеттері:
1.Муниципалдық құрылым территориясындағы азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ету;
2.Жергілікті деңгейдегі мәселелерді халықтың өз еркімен шешуін қамтамасыз ету;
3.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері шегінде шешімдерді дайындауды, қабылдауды, орындауды және бақылауды қамтамасыз ету;
4.Муниципалдық құрылымның құқығын, заңды мүдделерін қорғау.
Муниципальдық менеджмент келесі функцияларды жүзеге асырады:
• қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын, сценарийлерін, болжамдарын талдау, бағалау, жасақтау;
• муниципальды құрылулардың еңбек потенциалын, олардың ғылыми-техникалық және интеллектуальдық маңызын ұлғайтуға және пайдалануға жағдай жасау, ынталандыру;
• әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдарды қолдау және дамыту;
• халыққа қызмет көрсетулерді ұсыну бойынша бәсекелік күреске ынта көрсету;
• жергілікті бюджетті толтыру және оны тиімді пайдалану;
• бюджеттен тыс ресурстарды алу
Емтихан билеті № 4
1.Басқару үрдісініде ескерілетін табиғат пен қоғам заңдары. Басқару үрдісі белгілі бір нәтжеге жету жолындағы адамдардың жолын іс- әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі.Басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға, өңдеуге және беруге негізделген.
Табиғат пен қоғамның даму заңдары әр уақытта объективтік сипатта болады. Яғни адамның еркінен, санасынан тыс, тәуелсіз, болып өз бетінше, дербес дамиды. Объективтік даму заңдылықтары адамның іс-әрекеті, қызметі арқылы көрініп, субъективтік сипатта болады. Ал, қоғамдағы алуан түрлі нормалар адамдардың саналы, ерікті іс-қызметінің жемісі болады, олар мазмұн жағынан объективті болғанымен, нормалардың дүниеге байланысты, яғни, субъективтік сипатта байқалмақ.
Ғылым заңдары табиғат пен қоғамды алуан түрлі ұғымдарда бейнелей отырып, адамдардың практикалық ережелерін қалыптастырмайды, ал, ережелерді (нормаларды) алатын болсақ, олар адамдардың, олардың алуан түрлі топтарының өмірде, практикалық қызметтерінде белгілі бір негізделген ережеден шықпауын және әр уақытта ережеге сәйкес іс-әрекет етуін қадағалайды.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері. Мемлекеттік реттеудің методологиялық негізін ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды. Солардың ішінде мемлекеттік реттеудің объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер баршылық. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:
1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық дамуымен тікелей байланысты.
2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру.
3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады.
4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр. Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер жатады.Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар: Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылымдары; Экономикалық цикл; Жұмыспен қамту; Өмір сүру деңгейі; Білім беру және кадрларды даярлау; Ақша айналымы; Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар; Төлем балансы; Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау механизмі; Қоршаған орта; Бағалар, антиинфляциялық үдерістер; Экономиканың мемлекеттік секторы; Қаржы ресурстары және бюджетаралық қатынастар; Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау; Экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары; Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т.б.Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады. Қ.Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті, Қ.Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.
