- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
Билет №_6__
Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктер ол өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек.
2.Орыс философияның ұстанымдары
Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған. Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды. XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия дамыды. Оның негізгі мақсаты – сол кездегі қоғамдық саяси және адамгершілік ахуалды сақтап қалу және оған қарсы топтарды сынау. Идеялық кредосы – православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу – Н.Ф. Федоров және К.Н.Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.Федоровтың пікірінше, әлем біртұтас. Табиғат, Құдай, Адам бір – бірімен ерік және ақылдың күшімен өзара байланысқан біртұтастық. Олар бір – біріне әсер етеді, энергия алмасады. Н.Федоров өзінің ілімін өз өмірінен бөліп қарамайды, өте жұпыны қарапайым өмір сүрді, кез келген меншікті күнә деп есептегендіктен идеялары мен кітаптарын да жарияламаған
