- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
3.Диалектика және метафизика
Таным тарихындағы ең белгілі жалпылама философиялық әдістерге диалектика және метафизика жатады. Бұлар — жалпы философиялық әдістер.Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады. Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады. ХІХ ғ марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соған сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады.
Билет №_2__
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
