- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
2.Ренессанс философияның бағыттары
Ренессанс философиясы - Еуропада (алдымен Италияда) феодализмнің құлдырап және алғашкы буржуазиялық (XV-XVII) қоғамның қалыптасуы кезінде дамығанфилософиялық және социологиялық ілім. Онда негізгі идея --- гуманизм болды. [1]
Гуманизм - адамды жаратылыстың ғажайыбы деп танып, адам құқын, қадір-қасиетін, адамдық ар-намысты, адамның таңдауын, адам еркіндігін, адам шығармашылығын, адам құқықтарын жоғары бағалау, адамға жанашырлық таныту, адамдық сипаттағы қасиеттерді ең жоғары деңгейде әйгілеу. Гуманистер дүние жүзік болса адам сол жүзіктің бетіндегі гауһар деп түсіндірді. Бұл идея шығыс шаһирларында да, Қазақ ойшылы Абайда да айтылады.
Ренессанс философиясының ерекшелігі.
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Ренессанс философиясының көрнекті өкілдері.
Ренессанс философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі Ренессанс термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланд мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты.
3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:1)механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;2)физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;3)химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;4)биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;5)әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз обьективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын ұғым. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды.Қозғалыс-материяның ажырамас мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер етеді. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі күрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс – механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды, тағы басқалары. Ең жоғары әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады.
