- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.Реализм - ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт , ол ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырады. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырады. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом , Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.Схоластика (лат. Shola – мектеп) ортағасырлық Еуропадағыфилософияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді. Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардыңілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логикаболуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы. Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
Билет №_12__
1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін, бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні.Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемшіліктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ дүниетанымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.Қазақ дүниетанымының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ дүниетанымы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негізгі және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа түрлерімен тығыз байланысты.
