- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
Билет №_11_
Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді. Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды. Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан — ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан — философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады; Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б
2.Ибн-Рушд философиясындағы «қос ақиқат» ілімі
Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті.
