- •Билет №_1_
- •Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
- •3.Диалектика және метафизика
- •Билет №_2__
- •Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •2.Философияның құрылымы.
- •3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •Билет №_3_
- •1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
- •Билет №_4__
- •1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
- •3.Онтология, болмыс формалары.
- •Билет №_5_
- •1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
- •2.Диалектика және метафизика.
- •3.Хүііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •Билет №_6__
- •Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •2.Орыс философияның ұстанымдары
- •3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
- •Билет №_7_
- •1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
- •2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
- •3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
- •Билет №_8__
- •1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
- •Билет №_9_
- •Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы. Билет №_10__
- •1.Марксизм философиясы
- •2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
- •3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_11_
- •Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
- •Билет №_12__
- •1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
- •2.Ренессанс философияның бағыттары
- •3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •Билет №_13_
- •1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
- •2.Хіх ғ иррационализм философиясы: а. Шопенгауэр, с. Кьеркегор.
- •3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
Билет №_1_
Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем,қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан,Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор. Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
2«У-вэй», «есімдерді өзгерту» концепцияларының мәні.
Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин» шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лаоцзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлаудада, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады. Мо-цзы (МоДи) — моистер мектебінің негізін салушы, біздің дәуірімізге дейінгі 479- 400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне қарсы Моцзы «адамды сүю» идеясын басты деп түсінді. Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі — адамдардың бірін-бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке зұлымдық әкеледі.,Ол өз пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте тыныштық орнайды. Моцзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек етуге шақырады, еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады. Оның негізгі тұжырымдары «Моцзы» еңбегінде баяндалған. Мэн-цзы (Мэн Кэ) — Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай тарих-шыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары — біздің дәуірімізге дейінгі 372-289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті және жалпы Қытай философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Оның ілімінің негізі — төрт адамгершілжтік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі. Қытай философиясы туралы ойларымызды қорытындыласақ, өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаган, қазіргі замангы Қытай мемлекетінің қалыптасып-дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алганда мемлекет мүддесін жеке адам мүдесінен жогары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.
