- •Бақылау-өлшеу құралдары «Нефрология» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4 курсына арналған
- •Нефротикалық синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық синдром
- •Мембраналық нефропатия
- •Экстракапиллярлы гн
- •Циклоспорин-а
- •Бүйрек биопсиясы
- •Минималды өзгерістер
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық синдром
- •Экстракапиллярлы гн
- •Бүйрек биопсиясы
- •Нефритикалық синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Ana, dsDna-ге антидене
- •Циклофосфамид
- •Фозиноприл
- •Ішек таяқшасы
- •Интерстициалды нефрит
- •Несептас ауруы
- •Тубулоинтерстициалдық нефрит
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Несептас ауруы
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Протеомдық талдау
- •Тәуліктік протеинурия
- •Несептас ауруы
- •Тубулоинтерстициалдық нефрит
- •Бүйрек биопсиясы
- •Ішек таяқшасы
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Цистоскопия
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Цистография
- •Цистоскопия
- •Цистоскопия
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Компьютерлік томография
- •Бүйрек биопсиясы
- •Цистография
- •Цистоскопия
- •Пиелонефрит
- •Симптоматикалық ем
- •Симптоматикалық ем
- •Стероидтар
- •Цитостатиктер
- •Интерстициалды нефрит
- •Фозиноприл
- •Гломерулонефрит
- •Цитостатиктер
Нефротикалық синдром
Нефритикалық синдром
Тубулоинтерстициалды нефрит
Оқшауланған несептік синдром
Тез үдейтін гломерулонефрит
33. 25 жастағы науқас әйел, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Сұрастырғанда анықталғаны, әйелде анда-санда бетінде эритема, жиі стоматиттер, кеудесінде анулярлы бөртпе, сирек жағдайда ірі буындардың артралгиясы мазалайтын болған. Амбулаторлық талдауларда: анемия 2 дәрежесі, тромбоцитопения, лейкопения, жылдамдаған ЭТЖ, СРБ қалыпты, протеинурия 1,5 г/л, микрогематурия 20-25 к/а, оның 50% астамы дисморфты эритроциттер. Қандай иммунологиялық көрсеткіш мейілінше оң болады?
Бүйрек биопсиясы
cANCA, pANCA
Креатинин, мочевина
Стерналді пункция
ANA, dsDNA-ға антидене
34. Науқаста гломерулопатияның морфологиялық нұсқасы – ФСГС, соған байланысты циклоспорин-А және метилпреднизолон алады. Науқасқа жүйелі түрде қандай міндетті тексеру жасап отыру керек?
ФГДС
Бауыр ферменттері
Окулистің кеңесі
Стоматологтың кеңесі
Қандағы циклоспорин А концентрациясы
35. 32 жастағы ер адам бас ауыруына, қабақтары мен аяқтарының ісінуіне шағымданып терапиялық бөлімшеге түсті. Қарағанда: қабақтары мен аяқтары аздап ісінген, АҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, ж. белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; несепте белок 2 г/л, эритроциттер к/а көп мөлшерде, лейкоциттер 2-3 к/а. Қанның бақылаулық талдауында креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Биопсия жүргізгенде гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы анықталуы ықтимал?
Экстракапиллярлы гн
Мардымсыз өзгерістер
Мембранозды гломерулонефрит
Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
Мезангиопролиферативті гломерулонефрит
36. Ауруханаға түскен 24 жастағы науқаста 2 апта ішінде креатинин 75-тен 170 мкмоль/л-ге дейін жоғарылаған, шағымдары: ауру басталғанда несептің түсі өзгерген. Ертеректегі анамнезін жинағанда бүйрек ауруының болмағандығын айтты. Зертханалық мәліметтер: гематурия – басым көпшілігі дисморфты эритроциттер, протеинурия 1 г/тәул, ЭТЖ 45 мм/сағ, УДЗ-де бүйрек ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Емдеу тактикасын анықтауға қандай тексеру әдісі көмектеседі?
NGAL
АНЦА
АСЛ-О
Бүйрек биопсиясы
С3, С4 комплементтері
37. 37 жастағы ер адам ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Бұл шағымдар бір апта шамасында мазалайды. Протеинурияның 3,7 г/л дейін анықталуына байланысты ауруханалық тексеруге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейінгі ауқымды ісіну, АҚ 100/60 мм с.б. Талдауларда: креатинин 70 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәул., эр. 2 к/а. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
Нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром
Тубулоинтерстициалды нефрит
Оқшауланған несептік синдром
Тез үдейтін гломерулонефрит
38. 17 жасар қыз ісінуге, бас ауыруына, несебінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Бұл шағымдар баспамен ауырғаннан кейін 2 апта өткен соң пайда болған. Тексергенде: беті, аяқтары ісінген, АҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қанда: белок 60 г/л, калий 41 ммоль/л, натрий 140 г/л, холестерин 3,7 ммоль/л, креатинин 128 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л; Несепте белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру алаңын тұтасымен алып жатыр. Биопсия жүргізген жағдайда гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?
Мембранозды нефропатия
Мембранопролиферативті ГН
Диффузды-пролиферативті ГН
Мардымсыз өзгерістер ауруы
Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
39. 29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен сәтсіз терапия. Морфология: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресценция– IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электронды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Осы жағдайда қандай ем қолданған мейілінше дұрыс?
Циклоспорин-А
Симптоматикалық ем
Метилпреднизолонмен пульс-терапия
Преднизолонмен емді жалғастыру
Преднизолонның альтернирлеуші курсы
40. 32 жастағы ер адам. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде анықталды: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgA депозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?
Тез үдемелі
Жедел циклды
Әрқашан болжамы қолайлы
Ер адамдарда болжамы жақсы
Бүйректің біртіндеп склероздануымен созылмалы ағым
41. 18 жастағы науқаста жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит болжанды. Төменде көрсетілген клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштердің қайсысы осы патологияға мейілінше тән?
Дизурия мен гематурия
Протеинурия мен жайылған ісінулер
Артериалды гипертензия және гематурия
Қайталаушы ағымы және лейкоцитурия
Гематурия, АСЛО+, С3 төмендеген, циклді ағымы
42. 23 жастағы әйел бетіндегі, аяқтарындағы, бел аймағындағы айқын ісінулерге, АҚҚ 185/115 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Бұл шағымдары баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң көріне бастады. Ауру басталғаннан кейін 3 күн өткен соң ентігу, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүректің соғуы, бас ауруы пайда болды. Аускультацияда өкпеде – көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар. ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөліміндегі систолалық жүктеме белгілері. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай, белок – 4,2 г/л, гиалинді цилиндрлер. Бұл көріністер ЕҢ мүмкін болатын қандай асқынуларды көрсетеді?
Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздікті
Жедел тыныс жеткіліксіздігін
Жедел бүйрек жеткіліксіздігін
Пневмонияның қосарласуын
Жедел дистресс-синдромды
43. 17 жастағы жасөспірім қалалық клиникалық ауруханаға жүрек айнуына, құсуға, кезеңдік тырысуларға шағымданумен түсті. Қарағанда АҚҚ 200/100 мм с.б., зәрі аз, аузынан ацетон исі шығады. Қанда креатинин 1000 мкмоль/л, мочевина 35ммоль/л, калий 8 ммоль/л. Уремияға, гиперкалиемияға байланысты гемодиализ өткізу керектігі шешілді. Алайда, ата-анасы қарсы болып, баланы үйге алып кетті. Науқас жолда қайтыс болды. Науқастың өліміне дәрігерлер кінәлі ме?
Ия, науқас өмірін сақтау үшін аурухана басшылығы ата-анасын гемодиализ өткізуге көндіру керек еді
Ия, дәрігерлер науқас мүддесі үшін сотқа шағымдану керек еді
Жоқ, ата-анасы медициналық көмектен бас тартуға хақысы бар
Ия, дәрігерлер коллегиалды түрде шешу керек еді
Жоқ, науқастың өліміне тек ата-анасы кінәлі
44. 22 жастағы әйел адам, диагнозы: нефротикалық синдром. Биопсия жасалынды, морфологиялық варианты – мембранозды нефропатия. Кешенді емді қажет етеді: глюкокортикостероидтармен және Циклоспорин А-мен. Қымбат тұратын бұл препараттарды қабылдауға науқастың құқысы?
ақылы
тегін
төлемнің 25%-ы
төлемнің 50%-ы
төлемнің 75%-ы
45. ГН-пен науқастың диспансеризацияның тиімділігін қамтамасыз етеді:
Заманауи медициналық технологиялар;
Медициналық көмектің жоғары арнайыландырылған түрлерінің қатысуы;
ҒЗИ клиникалары мен ғылыми орталықтардың қатысуы;
Пациенттің өзі мен жанұя мүшелерінің белсенді қатысуы;
Әлеуметтік қызметпен қызметтес болу.
№2 тақырып: Балалардағы гломерулалық аурулар. Стероид сезімтал НС.
Жедел инфекциядан кейінгі ГН. Тұқым қуалайтын нефрит. Берже ауруы. Нефробиопсияға көрсеткіштер.
1. 7 жастағы ұл бала, ЖРВИ өткерген, ол бактериалды фарингитпен асқынған. Арнайы ем қабылдамаған. Екі аптадан кейін әлсіздік, бас ауруы, шаршағыштық пайда бола бастады. Таңертеңгі уақыттарда бетінде, кешкі уақыттарда балтыр, табандарындағы ісіктерді байқады. Аймақтық дәрігерге қаралғанда АҚҚ 130/90 мм с.б., несеп несеп талдауларында 1,2 г/л-ге дейін протеинурия, 30-40 к/а эритроциттер, 3-4 к/а лейкоциттер анықталды. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
Пиелонефрит
Бүйрек туберкулезі
Гломерулонефрит
Несеп-тас ауруы
Интерстициалды нефрит
2. 5 жастағы бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Мамасының айтуы бойынша, суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ90/60 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 4,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. Қандай диагноз мейілінше дұрыс?
Нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром
Жекелеген несептік синдром
Жедел тубулоинтерстициалдық нефрит
Тез үдемелі гломерулонефрит
3. Қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер жедел постстрептококкты гломерулонефритке мейілінше тән болып келеді?
Артритпен басталуы және гематурия
Протеинурия және массивті ісінулер
Артериалық гипертензия және гематурия
Қайталамалы ағыммен және лейкоцитурия
Жедел басталуы, гематурия, циклдық ағым
4. 12 жастағы қыз ісінулерге, несеп түсінің өзгеруіне және несеп шығаруының сиреуіне шағымданумен қаралды. Анамнезінен бірер күн бұрын ЖРИ-мен ауырған. Қарағанда: ісінулер шамалы, балтырларында тығыз, АҚҚ 135/80 мм с.б., макрогематурия, тәулігіне 600 мл зәр шығарды. зертханалық: ЖНТ Нв 120 г/л, лейкоциттер 9,1х109 г/л, ЭТЖ 34 мм/сағ, ж. белок 60 г/л, креатинин 110 мкмоль/л, мочевина 8,7 ммоль/л, холестерин 3,2 ммоль/л, калий 4,0, натрий 139 ммоль/л; несепте белок 1,8 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер көп мөлшерде. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс?
Преднизолонмен монотерапия
Преднизолон мен гепаринді бурге тағайындау
Дезинтоксикациялық ем, плазма
Преднизолонды цитостатиктермен біріктіру
Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем
5. 12 жастағы қыз, ісінулерге, бас ауруына, зәр түсінің өзгерісіне шағымданумен клиникаға түсті. тексергенде: бетінде, аяқтарында ісінулер, АҚҚ 130/90 мм с.б., макрогематурия. Қан талдауында креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, жалпы белок 55 г/л; несепте белок 2,3 г/л, эритроциттер – жаппай көру аймағында. Аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін болатын патоген болып табылады?
Микоплазма
Стафилококк
Ішек таяқшасы
Көкірің таяқшасы
-гемолитикалық стрептококк
6. 11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ – 1025. Глюкокортикостероидтармен патогенетикалық ем 6 апта мөлшері жүргізілді, ремиссия болған жоқ. Аталған әдістердің қайсысы диагноз қою үшін мейілінше негізделген?
Биопсия
Урография
Цистоскопия
Цистография
Компьютерлік томография
7. 11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ – 1025. Глюкокортикостероидтармен патогенетикалық ем 6 апта мөлшері жүргізілді, ремиссия болған жоқ. Биопсия жасалды. Биопсия кезінде гломерулопатияның қандай морфологиялық варианты мейілінше анықталуы мүмкін?
Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
Мембранопролиферативті ГН
Мембраналық нефропатия
Минималды өзгерісті ауру
Экстракапиллярлы ГН
8. 13 жастағы ұл бала, бас ауруына, еңкейгенде белдегі ауру-сезіміне, аз-аздан зәр бөлетініне шағымданды. Анамнезінен: 3 апта бұрын суықтанғаннан кейін – тамағында ауру-сезімі, емделеген соң жағдайы жақсарды. Кеше күндіз жағдайы нашарлай бастады: қабақтары ісініп, бас ауруы, әлсіздік. Қарағанда қабақтары, балтырлары існген, АҚҚ 150/100 мм с.б., несеп шығаруы ауру-сезімінсіз, аз-аздан. Зертханалық: ЖНТ: Нв 132 г/л, л. 7,9х109 /л, ЭТЖ 42 мм/сағ; несепте: салыст.тығ 1028, белок 1,65 г/л, лейкоциттер 5-6 к/а, эритроциттер 30-50 к/а, цилиндрлер гиалинді және дәнді 5-6 к/а. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?
Нефротикалық синдром
Нефритикалық синдром
Тубулоинтерстициалдық нефрит
Жекелеген несептік синдром
Тез үдемелі гломерулонефрит
9. Науқаста айқын ісінулер, гипоальбуминемия 18 ммоль/л, гиперхолестеринемия 10,5 ммоль/л, ЖНТ-да протеинурия 1,5 г/л болғанда нефротикалық синдром критерийлерін толықтыру үшін қосымша қандай зерттеулер өткізу қажет?
Бүйрек УДЗ-і
Коагулограмма
Липидтер фракциясы
Тәуліктік протеинурия
Несеп тұнбасының микроскопиясы
10. 12 жастағы науқас, аяқтарында ісінулердің пайда болуына, жалпы әлсіздікке шағымданумен түсті. Сұрағанда науқаста кезеңдік бетінде эритема, жиі стоматиттер, терісінде анулярлы бөртпелер, ірі буындарды сирек байқалатын артралгиялар. Амбулаторлы талдаулар мәліметі бойынша: анемия 2 дәрежелі, тромбоцитопения, лейкопения, ЭТЖ жоғарылау, СРБ қалыпты, протеинурия 1,5г/л, микрогематурия 20-25 к/а, 50%-дан артығы дисморфты эритроциттер.
Мейілінше қандай иммунологиялық көрсеткіштер оң болуы мүмкін?
