Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГулзадаTesty_4_kurs_Integr_KAZ_Nefro_bez_otv.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507.39 Кб
Скачать
  1. Диуретикалық ем

  2. Симптоматикалық ем

  3. Нефропротективті ем

  4. Иммуносупрессивті ем

  5. Интенсифицирленген инсулинотерапия

18. 18 жастағы жасөспірім, 12 жыл бойы гематурия және нефротикалық синдром жүретін созылмалы гломерулонефриті бар, креатинині тексерілмеген. Тексергенде қан сарысуында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин бірнеше рет 370-240 мкмоль/л, мочевина 17,9 ммоль/л. Несеп талдауларында – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Аталған жағдайлардың қайсысы бұл жағдайға сәйкес келеді?

  1. Транзиторлы азотемия

  2. Бүйректің жедел зақымдалуы

  3. Интерстициалдық нефриттің өршуі

  4. Пиелонефриттің өршуі

  5. Үдемелі бүйректің созылмалы ауруы

19. 18 жастағы жасөспірім, 12 жыл бойы гематурия және нефротикалық синдром жүретін созылмалы гломерулонефриті бар, креатинині тексерілмеген. Тексергенде қан сарысуында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин бірнеше рет 370-240 мкмоль/л, мочевина 17,9 ммоль/л. Несеп талдауларында – белок 0,99 г/л, қанда – 85г/л. Қандай жүргізу тактикасы мейілінше дұрыс?

  1. Диуретиктер

  2. Темір препараттары

  3. Нефропротекция

  4. Иммуносупрессанттар

  5. Симптоматикалық ем

20. Науқас 13 жаста. Бала кезінде туа біткен даму ақауы фонында дамыған қайталамалы НЖИ-мен ауырған. Сол кездері ота жасалған. Қазіргі уақытта несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Бұл науқаста терминалды бүйрек жетіспеушілігінің дамуына және үдеуіне қандай қауіп факторы ықпал етеді?

  1. Несептегі инфекция ұзақтығы

  2. Туа біткен аномалия сипаты

  3. Протеинурия

  4. Жынысы

  5. Жасы

21. Науқас 31 жаста. Бала кезінде туа біткен даму ақауы фонында дамыған қайталамалы НЖИ-мен ауырған. Сол кездері ота жасалған. Қазіргі уақытта несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Егер қосымша зерттеулер жасаса, ШСЖ-ң осындай деңгейінде БСА-на тән қандай бұзылыстар анықталуы мүмкін?

  1. Анемия

  2. Олигурия

  3. Гиперкалиемия

  4. Ig A жоғарылауы

  5. Гипопаратиреоз

22. Науқас 31 жаста. Бала кезінде туа біткен даму ақауы фонында дамыған қайталамалы НЖИ-мен ауырған. Сол кездері ота жасалған. Қазіргі уақытта несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Нв-90г/л. БСА-ның осы сатысында қандай бұзылыстарға коррекция жасау керек екендігі көрсетілген?

  1. Гормоналды

  2. Метаболиттік

  3. Иммунологиялық

  4. Гемокоагуляциялық

  5. Анемия және протеинурияға

23. Науқас 31 жаста. Бала кезінде туа біткен даму ақауы фонында дамыған қайталамалы НЖИ-мен ауырған. Сол кездері ота жасалған. Қазіргі уақытта несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Қанда: ПТГ жоғарылаған (200пг/л), кальций мен фосфор деңгейі қалыпты. Бұл науқас үшін қандай препаратты тағайындау мейілінше дұрыс?

  1. Глицерофосфат

  2. Глюконат кальций

  3. Поливитаминдер

  4. Кальцитриол

  5. Бифосфанаттар

24. 21 жастағы науқас, 7 жылдан бері ҚД 1 типімен ауырады. Пациентке 21 год, с 7 лет страдает СД 1 типа. Қандағы қантты бақылай отырып, инсулин препараттарымен емделеді. Соңғы кездері несепте альбуминурия 100-150мг/тәу анықталды. Бұл жағдайда қандай препарат және қандай мақсатпен тағайындау қажет?

  1. ААФ тежегіштері альбуминурияның төмендету және/немесе ликвидациялау үшін

  2. Гликемиялық профильді қатаң бақылау жеткілікті

  3. Сулодексид альбуминурияны төмендету үшін

  4. Фитотерапия диуретикалық мақсатпен

  5. ҚД 1 типін емдәмдік коррекциялау

25. БСА термианлды сатысымен 30 жастағы науқас. 1 жыл бағдарламалы гемодиализде: 3 рет аптасына 4 рет. Зертханалық: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ, креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон 500 нг/мл. ЭПО препараттарын қабылдайды. Бұл жағдайда қандай ауытқуларды коррекциялау өте маңызды?

  1. Уремия

  2. Ацидоз

  3. Гипергидратация

  4. Гиперпаратиреоз

  5. Реналдық анемия

26. Тек 1г/тәу аз протеинурия және гематуриямен жүретін созылмалы гломерулалық аурулардың үдеуін баяулататын қандай препараттар?

  1. ААФ тежегіштер және ангиотензин рецепторларының блокаторлары

  2. Циклофосфанмен және солимедролмен пульс-терапия

  3. Кешенді антибактериалды ем

  4. Дезинтоксикациялық ем

  5. Циклоспоринмен емдеу

27. Бүйректің созылмалы ауруы кезінде гиперфильтрацияның рөлі қандай?

  1. Бүйрек қызметін жақсарту

  2. Бүйрек қызметіне әсер етпейді

  3. Нефросклероз үдеуінің универсалды механизмі

  4. Тек пиелонефрит кезінде склероздаушы әсері бар

  5. Тек гломерулонефрит кезінде склероздаушы әсері бар

28. 45 жастағы әйел адам. Стационарға түскен кезде: АҚҚ 170/100 мм с.б. ЖҚТ: гемоглобин 115 г/л, ЭТЖ 26мм/сағ. Биохимия: креатинин 0,2 ммоль/л, ШСЖ 50мл/мин. ЖНТ: белок 0,33 г/л, лейкоциттер 10-15 к/а, эритроциттер 10-20 к/а. УДЗ-де: АТЖ деформациясы. Аталған болжам диагноздардың қайсысы емдеу тактикасы үшін мейілінше маңызды болып табылады?

  1. Бүйректің созылмалы ауруы, 1 сатысы

  2. Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы

  3. Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

  4. Бүйректің созылмалы ауруы, 2 сатысы

  5. Созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі сақталған

29. Тіпті протеинурия болмағанның өзінде де нефропротективті ем тағайындауды қажет ететін, шумақтық сүзілу жылдамдығының қандай деңгейі БСА-ң 3-ші сатысына сәйкес келеді?

  1. 90-120 мл/мин

  2. 89-60 мл/мин

  3. 59-30 мл/мин

  4. 29-15 мл/мин

  5. < 15 мл/мин

30. 17 жастағы жасөспірім. Диагноз: созылмалы гломерулонефрит. Бүйрек қызметінің төмендеуі бар: ШСЖ – 78 мл/мин, несепте – 1,32 г/л. Бұл науқасқа нефропротективті емнің қандай алтын стандарты көрсетілген?

  1. Диуретиктер

  2. β-блокаторлар

  3. ААФ тежегіштері

  4. Иммуносупрессорлар

  5. Кальций каналдарының блокаторлары

31. 17 жастағы жасөспірім қалалық клиникалық ауруханаға әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, шағымданумен түсті. Қарағанда АҚҚ 180/100 мм с.б., зәрі аз, аузынан ацетон исі шығады. Қанда Нв-40г/л, креатинин 680мкмоль/л, мочевина 27ммоль/л, калий – 6,8ммоль/л. Шұғыл түрде қан құю қажет болды, алайда ата-анасы қан құюға келісім бермеді. Бала ауқымды қан кетуден қайтыс болды. Жасөспірімнің өліміне дәрігерлер кінәлі ме?

  1. Ия, бала өмірін сақтау үшін аурухана басшылығы ата-анасын балаға қан құюға көндіру керек еді

  2. Ия, дәрігерлер бала мүддесі үшін әрекет жасап, бұл шұғыл жағдай болғандықтан коллегиалды түрде шешу керек еді

  3. Жоқ, ата-анасы медициналық көмектен бас тартуға хақысы болған, дәрігерлер көмек көрсетпеуге тиіс болды

  4. Ия, дәрігерлер бала мүддесі үшін сотқа шағымдану керек еді

  5. Жоқ, бала өліміне тек ата-аналар кінәлі

32. 20 жастағы БСА-ның терминалды сатысымен бағдарламалы гемодиализде жүргеніне 5 жыл. Гемодиализ аптасына 3 реттен 4 сағат қабылдайды. Науқастың әкесі ұлына бүйрек доноры болуға келісімін берді. Донор ретінде әкесінің қандай құқығы бар?

  1. бір жолғы ақша компенсациясын қажет етеді

  2. өмірбақи әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады

  3. ота жасау кезінде мед.қызметкерлерінің денсаулығына залал келтірген жағдайда ақылы ем

  4. алдағы жасалатын отаға байланысты оның денсаулығына әсер ететін мүмкін болатын асқынулары жайында толық ақпаратты қажет етеді.

  5. өткізілген отаға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тек ақылы ем алу, оның ішінде медикаментозды

33. 30 жасар науқаста БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. БЖЗ-ң басқа себептерінен ажырату үшін несептегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ақпаратты-болжамды критерий болып табылады?

  1. Гематурия

  2. Цилиндрурия

  3. Лейкоцитурия

  4. Миоглобинурия

  5. Гемоглобинурия

34. 30 жасар науқаста БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. Брінші кезекте қандай емдеу тактикасы қолданылады?

  1. Диуретиктер үлкен мөлшерде

  2. Ерте инфузиялық ем

  3. Сұйықтықты шектеу

  4. Кальций препараттары

  5. Калий препараттары

35. 56 жастағы науқас кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-9 ммоль/л. БЖЗ-ң ерте сатысында қандай биомаркерді анықтау диагноз қоюға көмектеседі?

  1. IL 10

  2. IL 6

  3. Midkine

  4. NGAL

  5. СD 20

36. Бүйрек трансплантациясынан кейін 1 аптадан соң науқасқа антигипертензивті мақсатта ААФи тағайындалды. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайды. Трансплантатта БЖЗ дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?

  1. Инфекция

  2. Жедел ажырау кризі

  3. Жедел интерстициалды нефрит

  4. Емделуге құлшыныстың болмауы

  5. Трансплантаттағы бүйрек артериясының стенозы

37. Рабдомиолиз мына препаратты қабылдағанда дамиды:

  1. ААФт

  2. Лидокаин

  3. Статин

  4. Бета-блокатор

  5. Калий-сақтаушы диуретик

38. БСА-дан зардап шегетін 20 жасар науқас қыз дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 12,8 ммоль/л, натрий-140 ммоль/л, калий-4,7 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Емдеу реттеу үшін қандай биохимиялық көрсеткіштерді бақылау аса маңызды?

  1. Липидтер, олардың фракциялары

  2. Қант, қант қисығы

  3. Билирубин, АЛТ, АСТ

  4. Амин қышқылдары, фосфор

  5. Натрий, калий, креатинин

39. БСА-дан зардап шегетін 20 жасар науқас қыз дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 500 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін артқан, натрий-140 ммоль/л, калий-6,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,20, рСО2-19 мм с.б., НСО3-17 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Қандай емдеу тактикасы мейілінше оңтайлы болып табылады?

  1. Қанды УКС

  2. Гемодиализ

  3. Плазмаферез

  4. Гемосорбция

  5. Лимфосорбция

40. 56 жастағы науқас кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 7,0 ммоль/л-ге дейін өсті, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-9 ммоль/л. Гиперкалиемия несімен қауіпті?

  1. Өкпе ісінуімен

  2. Тері қышуымен

  3. Тыныс тоқтауымен

  4. Жүректің тоқтауымен

  5. Ауқымды шеткері ісінулермен

41. Қабылдау бөлімшесіне 56 жасар науқас олигуриямен және аяқтарының ісінуімен түсті. Анамнезінен белгілі болғандай, ұқақ уақыттан бері АГ-дан зардап шегеді. Зертханалық мәліметтер бойынша: креатинин 900 мкмоль/л, мочевина 20 ммоль/л, калий 6,9 ммоль/л. Науқасты жүргізу тактикасы қандай болғаны жөн?

  1. Диуретиктер

  2. +Гемодиализ

  3. Плазмаферез

  4. Нефропротекция

  5. Гипотензивті терапия

42. Нефробиопсия бойынша дәлелденген IgА-нефропатия салдарынан дамыған БСА-мен науқасты (ШСЖ 28 мл/мин) емдеудің тактикасының негізінде қандай басты стратегия жатыр?

  1. Гемодиализге дайындау

  2. Бүйрек трансплантациясына дайындау

  3. Нефропротективті ем, БСА асқынуын емдеу

  4. Иммуносупрессивті ем, БСА асқынуын емдеу

  5. Иммуносупрессивті ем, жанама әсерлердің алдын алу

43. 18 жастағы жас жігіт, 12 жылдан бері созылмалы ГН-ң гематуриямен жүретін нефротикалық түрімен ауырады, креатинин тексермеген. Тексергенде, қанда: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин бірнеше рет 370-240 мкмоль/л, мочевина 17,9 ммоль/л. Несепте – белок 0,99 г/л; қанда –

Нв 85 г/л. Қандай жүргізу тактикасы дұрыс?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]