- •Бақылау-өлшеу құралдары «Нефрология» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4 курсына арналған
- •Нефротикалық синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық синдром
- •Мембраналық нефропатия
- •Экстракапиллярлы гн
- •Циклоспорин-а
- •Бүйрек биопсиясы
- •Минималды өзгерістер
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық синдром
- •Экстракапиллярлы гн
- •Бүйрек биопсиясы
- •Нефритикалық синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Ana, dsDna-ге антидене
- •Циклофосфамид
- •Фозиноприл
- •Ішек таяқшасы
- •Интерстициалды нефрит
- •Несептас ауруы
- •Тубулоинтерстициалдық нефрит
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Несептас ауруы
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Протеомдық талдау
- •Тәуліктік протеинурия
- •Несептас ауруы
- •Тубулоинтерстициалдық нефрит
- •Бүйрек биопсиясы
- •Ішек таяқшасы
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Цистоскопия
- •Пиелонефрит
- •Гломерулонефрит
- •Цистография
- •Цистоскопия
- •Цистоскопия
- •Цистоскопия
- •Цистография
- •Компьютерлік томография
- •Бүйрек биопсиясы
- •Цистография
- •Цистоскопия
- •Пиелонефрит
- •Симптоматикалық ем
- •Симптоматикалық ем
- •Стероидтар
- •Цитостатиктер
- •Интерстициалды нефрит
- •Фозиноприл
- •Гломерулонефрит
- •Цитостатиктер
Бақылау-өлшеу құралдары «Нефрология» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4 курсына арналған
2015-2016 о.ж.
№1 тақырып: Нефрологиялық синдромдар: Нефритикалық, нефротикалық синдромдар, оқшауланған несеп синдромы, тез үдемелі нефрит. Синдромдардың патогенезі. Гломерулалық аурулар туралы түсінік. Жіктелу, диагностика және ем принциптері. Нефробиопсияға көрсеткіштер.
1. Төменде аталған әдістердің қайсысы реналды/гломерулалық және экстрареналды/гломерулалық емес гематурияны ажырату үшін қолданылады?
ЖНТ
Протромбин индексі
Протеомдық талдау
Допплерография
Фазалық-контрасты микроскопия
2. 27 жастағы науқас, ЖРВИ өткерген, ол бактериалды фарингитпен асқынған. Арнай ем қабылдамаған. Екі аптадан кейін әлсіздік, бас ауруы, шаршағыштық пайда бола бастады. Таңертеңгі уақыттарда бетінде, кешкі уақыттарда балтыр, табандарындағы ісіктерді байқады. Аймақтық дәрігерге қаралғанда АҚҚ 150/90 мм с.б., эналаприл тағайындалды. Жағдайы жақсармады. Бірнеше күннен кейін несеп несеп талдауларында 1,8 г/л-ге дейін протеинурия, 30-40 к/а эритроциттер, 3-4 к/а лейкоциттер анықталды. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
Пиелонефрит
Бүйрек туберкулезі
Гломерулонефрит
Несептас ауруы
Интерстициалды нефрит
3. 22 жастағы жігіт, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ110/70 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. Қандай диагноз МЕЙІЛІНШЕ дұрыс?
Нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром
Жекелеген несептік синдром
Жедел тубулоинтерстициалдық нефрит
Тез үдемелі гломерулонефрит
4. 20 жастағы қыз ісінулерге, несеп түсінің өзгеруіне және несеп шығаруының сиреуіне шағымданумен қаралды. Анамнезінен бірер күн бұрын ЖРИ-мен ауырған. Қарағанда: ісінулер шамалы, балтырларында тығыз, АҚҚ 140/80 мм с.б., макрогемиатурия, тәулігіне 600 мл зәр шығарды. зертханалық: ЖНТ Нв 120 г/л, лейкоциттер 10х109 г/л, ЭТЖ 34 мм/сағ, ж. белок 60 г/л, креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, холестерин 3,2 ммоль/л, калий 4,0, натрий 139 ммоль/л; несепте белок 1,8 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер көп мөлшерде. Қандай емдеу тактикасы МЕЙІЛІНШЕ дұрыс?
Преднизолонмен монотерапия
Преднизолон мен гепаринді бурге тағайындау
Дезинтоксикациялық ем, плазма
Преднизолонды цитостатиктермен біріктіру
Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем
5. Гломерулонефриттің жедел кезеңінде қандай асқынулар тырысу синдромымен жүреді?
Өкпе ісінуі
ДВС-синдром
Гипертензиялық энцефалопатия
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Жедел жүйрек жетіспеушілігі
6. 19 жастағы қыз, ісінулерге, бас ауруына, зәр түсінің өзгерісіне шағымданумен клиникаға түсті. тексергенде: бетінде, аяқтарында ісінулер, АҚҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қан талдауында креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л, жалпы белок 59 г/л; несепте белок 2,5 г/л, эритроциттер – жаппай көру аймағында. Аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін болатын патоген болып табылады?
Микоплазма
Стафилококк
Ішек таяқшасы
Көкірің таяқшасы
-гемолитикалық стрептококк
7. 22 жастағы жігіт, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ110/70 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. Аталған әдістердің қайсысы диагноз қою үшін МЕЙІЛІНШЕ негізделген?
Биопсия
Урография
Цистоскопия
Цистография
Компьютерлік томография
8. 22 жастағы жігіт, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ110/70 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. Биопсия кезінде гломерулопатияның қандай морфологиялық варианты мейілінше анықталуы мүмкін?
Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
Мембранопролиферативті ГН
Мембраналық нефропатия
Минималды өзгерісті ауру
Экстракапиллярлы ГН
9. 18 жастағы жігіт, бас ауруына, еңкейгенде белдегі ауру-сезіміне, аз-аздан зәр бөлетініне шағымданды. Анамнезінен: 3 апта бұрын суықтанғаннан кейін – тамағында ауру-сезімі, сульфадиметоксин фонында жағдайы жақсарды. Кеше күндіз жағдайы нашарлай бастады: қабақтары ісініп, бас ауруы, әлсіздік. Қарағанда қабақтары, балтырлары ісінген, АҚҚ 160/105 мм с.б., несеп шығаруы ауру-сезімінсіз, аз-аздан. Зертханалық: ЖНТ: Нв 140 г/л, л. 7,9х109 /л, ЭТЖ 22 мм/сағ; несепте: салыст.тығ 1028, белок 1,65 г/л, лейкоциттер 5-6 к/а, эритроциттер 30-50 к/а, цилиндрлер гиалинді және дәнді 5-6 к/а. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?
