- •1.Тарихи мектептердің маңызы және тағлымына баға беріңіз
- •Ежелгі дәуір
- •Тарихи ақиқат:
- •Орта ғасыр кезеңде:
- •3. Тарихнамалық мектептердің ерекшеліктерін анықтаңыз
- •4.Жаңа замандағы неміс тарихи мектебі және оның тарихты зерттеуге қосқан үлесіне баға берініз.
- •Немецкая историографическая школа. Малогерманская историческая школа
- •Кеңестік кезеңдегі тарихи мектептердің ғылыми зертханасының ұтымды тұстары мен кемшіліктерін талдаңыз
- •Тарихнаманың жалпы методологиялық зерттеу әдістері
- •Тарихи деректің теориялық-методологиялық және нақты қолданбалық мәселелері
Тарихи деректің теориялық-методологиялық және нақты қолданбалық мәселелері
Бiр жағынан, деректiң пайда болуының және деректер қорының даму тарихын қоғам дамуымен тығыз байланысты заңды процесс ретiнде талдау. Екiншi жағынан, деректердегi салынған қоғам өмiрiнде болған барлык оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы ақпараттарды ала бiлу, оның сенiмдiлiгiн, ғылыми маңыздылығын анықтау, оны пайдалана бiлу.
Осыған 6айланысты қазiргi деректануда eкi проблемалар комплексi қаралады:
1) Теориялық-методологиялық проблемалар:
— тарихи шындыктың дерекке eнyi және бейнеленуi;
— тарихи деректiң әлеуметтiк табиғаты, ондағы субъективтiлiктiң ара қатынасы;
— тарихи деректердi сыныптау;
— деректердiң ғылыми құндылырын анықтау принциптерi мен тәсiлдерi және т.б.
2) Нақты-қолданбалық проблемалар:
— деректердiң нақты түрлерi мен типтерiне шолу жасау және сынау;
— нақты ескерткiштерге деректанулық талдау жасау;
— деректерден алынған мәлiметтердi нақты тарихи мiндеттердi шешуге пайдалану тәсiлдердi және т.б.
3ерттеушiнiң деректермен жұмыс iстеуін негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
1) деректердi iздеу, табу (деректанулық эвристика). Жұмыстың бұл кезiнде проблеманы зерттеудiң ғылыми базасын жасауға мvмкiндiк бepeтін деректер ауқымы айқындалды, оларды түрлi жайдармен iздеу, табу, реттеп алу жұмыстары жүргiзiледi.
2) деректанулық талдау (сын). Ол тарихи деректанудың peтімен шешудi қажет eтетін пIроблемалар тiзбегi: сыртқы ерекшелiктерiн, тұпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерiн, авторын, пайда болу себептерiн айқындау немесе «пайда болуын сынау», сонымен катар деректегi акпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық маңызын айқындау (iшкi сын).
3) деректегі ақпаратты нақты зерттеулерге пайдалану тәсiлдерiн жасау (методика). Бұл тарихи зертгеудiң, бiр бөлiгi болып табылады, өйткенi әңгіме ғылыми-тарихи фактiлер жүйесiн жасауға кажеттi мәлiметтердi өндеу тәсiлi туралы болып отыр. Деректану ең тиiмдi тәсілдерді ұсынады.
1Косолапов В.В. Методология и логика исторического исследования. - Киев: Вища школа, 1977. - 39 б.
2Спирин Л.М. Теория, методология и методика исследований по истории КПСС. - М: Московский рабочий, 1992. - 64 65 бб.
