- •Алматы 2015
- •1. Бөлім. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •2 Бөлім. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •В) Тітіркендіргіш, тұншықтырғыш, наркотикалық, концерогендік, репродуктивтік функциялар-ға ықпал етушілік;
- •3. Бөлім. Техника қауіпсіздігінің негіздері
- •4. Бөлім. Өрт қауіпсіздігінің негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін
СжҚИ директоры
__________ И.Н. Дүйсембаев
"_____"________2016 ж.
Университеттің барлық мамандық студенттеріне арналған
«Еңбек қорғау» пәні бойынша
емтихандық тестілеуге арналған
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
Институт |
СжҚ |
Кафедра |
ТҚжҚОҚ
|
Курс |
2,3,4 |
Семестр |
3,4,5,6 |
Кредит |
2,3 |
Тест сұрақтарының саны |
200 |
Институт директорының ОЖ
жөніндегі орынбасары _____________ Г.Б.Мурзалина
Кафедраның меңгерушісі ____________ Қ.М. Қасенов
Құрастырушылар _____________ Г.С. Бектұрғанова
ТТЖП қабылдауға жауапты адам ____________ Ж.А.Абитханова
Алматы 2015
“ЕҢБЕК ҚОРҒАУ” ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТІЛІК СҰРАҚТАРЫ
1. Бөлім. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
$$$ 1
“Еңбек қорғау” курсы қандай бөлімдерден тұрады?
А) Құқықтық және ұйымдастырушылық, өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі;
В) Ұйымдастырушылық – құқықтық, еңбектің гигиенасы және қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі;
С) Заңбермелік, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы, өрт профилактикасы;
D) Ұйымдастырушылық, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі;
Е) Құқықтық және ұйымдастырушылық, еңбек гигиенасы және қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі.
$$$ 2
Еңбекті қорғау жүйесін басқару дегеніміз не?
А) Өзара ақпаратты тарату арналарымен байланысқан басқару органы мен басқарылатын объектінің бірлестігі;
В) Өзара функционалды байланысқан орган мен басқару объектінің бірлестігі;
С) Өзара басқару функциялары және міндеттерімен байланысқан орган мен басқару объектінің бірлестігі;
D) Өзара басқару функциялары және міндеттерімен байланысқан басқару объекттері мен субъекттерінің бірлестігі;
Е) Өзара функционалды байланысқан басқару объекттері мен субъекттерінің бірлестігі.
$$$ 3
Қалыпты және зиянды еңбек жағдайлары кездеріндегі бір аптадағы жұмыс уақытының ұзақтығы қанша?
А) Сәйкесінше 40 және 36 сағат;
В) Сәйкесінше 42 және 38 сағат;
С) Сәйкесінше 44 және 40 сағат;
D) Сәйкесінше әрқайсысына 40 сағат, егер зиянды еңбек жағдай үшін жұмыскерге жеңілдіктер берілсе;
Е) Сәйкесінше әрқайсысына 42 сағат, егер зиянды еңбек жағдай үшін жұмыскерге жеңілдіктер берілсе.
$$$ 4
Кәсіпорындары мен оның бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге кім жауапты?
А) Кәсіпорынында оның бірінші басшылары, ал бөлімшелерде бөлімше бастықтары.
В) Кәсіпорынында бас инженер, ал бөлімшелерде олардың басшылары;
С) Кәсіпорынында әкімшілік-қоғамдық комиссия, ал бөлімшелерде бас мамандар;
D) Кәсіпорынында еңбек қорғау қызметі, ал бөлімшелерде инженерлік-техникалық қызметкерлер;
Е) Кәсіпорынында бас мамандар, ал бөлімшелерде әкімшілік–қоғамдық комиссиялар.
$$$ 5
Еңбек қорғау жөніндегі жұмыстарды координациялау және басқару шешімдерін жасау, оның мекеме бөлімшелерін жан-жақты бақылау жағдайы кімге жүктелген?
А) Еңбек қорғау қызметіне;
В) Еңбек қорғау инженеріне және бөлімшелер бастықтарына;
С) Еңбек қорғау инженеріне, бөлімшелер бастықтарына және бас мамандарына;
D) Еңбек қорғау инженеріне, бөлімшелер бастықтары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне;
Е) Кәсіпорынның бірінші бастықтары мен еңбек қорғау қызметіне.
$$$ 6
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйелері шифрын шағын жүйелерімен бірге және олардың түрлерін атаңыз:
А) Шифр – 12. (0- 9), түрлері - МЕСТ, ОСТ, АСТ, ӨСТ;
В) Шифр – 12. (0- 6), түрлері - МЕСТ, ОСТ, АСТ, СНжЕ;
С) Шифр – 15. (0- 9), түрлері - МЕСТ, ОСТ, АСТ, ӨСТ;
D) Шифр – 15. (0- 6), түрлері - МЕСТ, ОСТ, АСТ, СНжЕ;
Е) Шифр – 17. (0- 9), түрлері - МЕСТ, ОСТ, СТП, СН.
$$$ 7
Өндірістік үрдістерге, жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын қауіпсіздік талаптары белгіленіп көрсетілген ЕҚСЖ шағын жүйелерін атаңыз:
А) 12.2; 12.3 және 12.4;
В) 12.1; 12.2 және 12.3;
С) 12.5; 12.6 және 12.7;
D) 12.2; 12.5 және 12.6;
Е) 12.3; 12.5 және 12.6.
$$$ 8
Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңбері бойына қалай бөлінеді?
А) Біртұтас, сала аралық, салалық;
В) Жалпы, сала аралық, ведомствалық;
С) Өтпелі, салалық, ведомствалық;
D) Сала аралық, ведомствалық, жергілікті;
Е) Біртұтас, салалық, арнайы.
$$$ 9
Еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен стандарттарды, ережелерді қайтадан қарастыру кезеңділігін, сонымен қатар техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды атаңыз:
А) Ережелер мен нормалар 5 жыл сайын, нұсқау 3 жыл сайын;
В) Ережелер мен нормалар 3 жыл сайын, нұсқау 2 жыл сайын;
С) Ережелер мен нормалар 3 жыл сайын, нұсқау 5 жыл сайын;
D) Ережелер мен нормалар 5 жыл сайын, нұсқау 2 жыл сайын;
Е) Барлығы да 5 жыл сайын.
$$$ 10
Әр түрлі жұмыстар мен кәсіпкерлік үшін техника қауіпсіздігі бойынша ведомствалық деңгейде типтік нұсқамалар және кәсіпорындарында жергілікті нұсқамалар қандай мөлшерлік-құқықтық құжаттар негізінде жасалады?
А) Типтік нұсқамалар ТҚ ережелері мен нормалары, ал жергіліктілер-типтік нұсқамалар негізінде;
В) Типтік нұсқамалар ТҚ ережелері, ал жергіліктілер–типтік нұсқамалар негізінде;
С) Екеуі де ТҚ нормалары мен ережелері негізінде;
D) Екеуі де ТҚ ережелері негізінде;
Е) Екеуі де еңбек қорғау нормалары мен ережелері негізінде.
$$$ 11
Кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасы жағдайын қадағалауды қандай мемлекеттік органдар жүргізеді:
А) ТЖМ-нің мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау департаменті;
В) Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек қорғау департаменті;
С) Салалық министрліктер;
D) ТЖМ-ң мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек қорғау департаменті;
Е) Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау және салалық министрліктері.
$$$ 12
Үш сатылы ведомствалық-қоғамдық бақылау кезіндегі, кәсіпорын цехтарындағы, учаскелерін және жұмыс орнындағы еңбек қорғаудың жағдайын бақылаудың кезеңділігі қандай?
А) Жұмыс орнында күн сайын, учаскеде апта сайын және цехтарда ай сайын;
В) Жұмыс орнында ай сайын, учаскеде апта сайын және цехтарда ай сайын;
С) Жұмыс орнында ай сайын, учаскеде күн сайын және цехтарда ай сайын;
D) Жұмыс орнында ай сайын, учаскеде күн сайын және цехтарда апта сайын;
Е) Жұмыс орнында және учаскеде күн сайын және цехтарда апта сайын.
$$$ 13
Кәсіпорындары, олардың цехтары, учаскелері мен жұмыс орындары деңгейінде еңбек қорғау жағдайын қоғамдық бақылауды кім жүргізеді?
А) Кәсіпорыны мен оның цехтары деңгейінде қоғамдық комиссиялар, ал басқаларында ЕҚ жөніндегі өкілдер;
В) Кәсіпорыны мен оның цехтары деңгейінде қоғамдық-әкімшілік комиссиялар, ал басқаларында ЕҚ жөніндегі өкілдер;
С) Кәсіпорын деңгейінде әкімшілік комиссиясы, цехтар мен бөлімшелер деңгейінде–қоғамдық комиссиялар, жұмыс орындарында ЕҚ жөніндегі өкілдер;
D) Кәсіпорын деңгейінде әкімшілік комиссиясы, ал басқаларда қоғамдық комиссиялар;
Е) Барлық деңгейлерде қоғамдық – әкімшілік комиссиялар.
$$$ 14
Лауазымды адамдардың еңбек туралы заңшығармаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктерінің түрлерін атаңыз:
А) Әкімшілік, тәртіптік, материалдық және қылмыстық;
В) Әкімшілік, заңгерлік, экономикалық, қоғамдық;
С) Әкімшілік, тәртіптік, ведомствалық, сақтандыру;
D) Әкімшілік, қадағалаушылық, ведомствалық, қылмыстық;
Е) Әкімшілік, заңгерлік, тәртіптік, қылмыстық.
$$$ 15
Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі неден тұрады?
А) Мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің айыппұл салуында не есерту жасауында;
В) Мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің айыппұл салуында;
С) Мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің заңды бұзу жайлы істі сотқа беруінде;
D) Әкімшіліктің бағыну тәртібінеше ескертуде, сөгісте, қатаң сөгісте, қызметін төмендетуде, сыйақы бермеуде және жұмыстан шығаруында;
Е) Әкімшіліктің бағыну тәртібінше жүргізілетін А,В,С пункттерінде көрсетілген шаралар.
$$$ 16
Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жұмыскелер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер (ИТҚ) қандай мөлшерлік-құқықтық құжатар негізінде жауапкершілікке тартылады?
А) Жұмыскерлер ТҚ нұсқамалар, ал ИТҚ-ЕҚ ережелері мен мөлшерлемелері негізінде;
В) Жұмыскерлер ТҚ нұсқамалар, ал ИТҚ-ЕҚ қызметтік нұсқамалар негізінде;
С) Екеуі де қызметтік нұсқамалар негізінде;
D) Жұмыскелер еңбек тәртібі, ал ИТҚ қызметтік нұсқамалар негізінде;
Е) Жұмыскерлер қызметтік нұсқамалар, ал ИТҚ-ЕҚ ережелері мен мөлшемерле-мелері негізінде.
$$$ 17
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қандай топтарға жіктеледі:
А) Физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық;
В) Физикалық, химиялық, бактериологиялық, психофизиологиялық;
С) Механикалық, электрлік, химиялық, биологиялық;
D) Техникалық, санитарлық-гигиеналық, психофизиологиялық;
Е) Механикалық, электрлік, химиялық, санитарлық-гигиеналық.
$$$ 18
Физикалық зиянды өндірістік факторларды атаңыз:
А) Шаңдану, газдану, шу және діріл, жағымсыз метеофакторлар, зиянды сәулелену;
В) Шаңдану, шу және діріл, жағымсыз метеофакторлар, зиянды сәулелену;
С) Газдану, шу және діріл, жағымсыз метеофакторлар, зиянды сәулелену;
D) Шу және діріл, жағымсыз метеофакторлар, зиянды сәулелену;
Е) Шу және діріл, зиянды сәулелену.
$$$ 19
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері қандай салдарға әкеліп соқтырады:
А) Қауіпті факторлар сәтсіз оқиғаларға, ал зиянды кәсіби ауруларға;
В) Қауіпті факторлар кәсіби ауруларға, ал зиянды сәтсіз оқиғаларға;
С) Қауіпті факторлар жарақаттандыратын ауруларға, ал зиянды сәтсіз оқиғаларға;
D) Қауіпті факторлар жарақаттануға, ал зиянды кәсіби ауруларға;
Е) Қауіпті факторларда сол сияқты, зиянды факторлар да жарақаттану мен ауруларға.
$$$ 20
Сәтсіз оқиғалардың себептері қалай жіктеледі:
А) Ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық;
В) Ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық, геологиялық, психофизиологиялық;
С) Ұйымдастырушылық – технологиялық, санитарлық-гигиеналық, психофизиологиялық;
D) Ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психоэргономикалық;
Е) Ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, эргономикалық.
$$$ 21
Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді:
А) Өндірісте, өндірістен тыста;
В) Жұмыс орнында, жұмысқа бара жатқан және жұмыстан қайтқан жолда;
С) Өндірістік, жұмысқа бара жатқан және жұмыстан қайтқан жолда, тұрмыста;
D) Қоғамдық міндеттемелерін орындау кезіндегі кәсіпорын аймағында;
Е) Жұмыс орнында, жұмыс орнынан басқа жерде.
$$ 22
Өндірістегі қандай сәтсіз оқиғалар тексеруге және есепке алуға жатады:
А) Жұмыс қабілеттілігін 1-күннен көпке жоғалтқанда;
В) Сондай-ақ 2-ден көп күнге жоғалтқанда;
С) Сондай-ақ 3-ден көп күнге жоғалтқанда;
D) Орташа ауырлықты жарақаттанғанда;
Е) Күрделі ауырлықты жарақаттанғанда.
$$$ 23
Егер жұмысшы командировкада болған жағдайда, сәтсіз оқиғалар қай жерде және кімнің тексерілуімен жүргізіледі:
А) Негізгі жұмысының орны бойынша, зардап шегуші жіберілген ұйымның Н-1 актісіне сүйене отырып, есепке алынады;
В) Негізгі жұмыстың орны бойынша есепке алынады және тексеріледі;
С) Екі ұйымның арнайы комиссиясының шешімі бойынша;
D) Болған сәтсіз оқиғаны, тексеруші ұйымның кәсіподағы және әкімшілігінің шешімі бойынша;
Е) Кәсіподағының техникалық инспекторының шешімі бойынша.
$$$ 24
Ауыр, топтық және өлім мен біткен сәтсіз оқиғаларды комиссия қандай мерзім ішінде тексеру керек?
А) 10 тәулікте.
В) 7 тәулікте.
С) 3 тәулікте.
D) 2 тәулікте.
Е) 1 тәулікте.
$$$ 25
Сәтсіз оқиғалардың ауырлығы қалай анықталады?
А) Медициналық мекемелермен.
В) Жұмысты тікелей істеушілер.
С) Кәсіпорынының комиссиясымен.
D) Адамның жарақаттанған органының жұмыс қабілеттілігін жоғалтқан кезінде.
Е) Жұмыс қабілеттілігі 1-айдан көпке жоғалтған кезде.
$$$ 26
Зардап шеккендердің саны қанша болған кезде, сәтсіз оқиғалар топталынған деп аталады?
А) 2 және одан көп болған кезде.
В) 3 және одан көп болған кезде.
С) 5 және одан көп болған кезде.
D) 10 және одан көп болған кезде.
Е) Бірнеше болған кезде.
$$$ 27
Өндірісте сәтсіз жағдайларды дұрыс және дер кезінде тексеру мен есепке алу жауапкершілігі кімге жүктеледі?
А) Кәсіпорын басшысы.
В) Кәсіпорынның бірінші басшылары.
С) Кәсіпорынның бас инженері.
D) Техника қауіпсіздігі инженері.
Е) Бақытсыз жағдай болған кәсіпорын бөлімшесінің басшысы.
$$$ 28
Сәтсіз жағдайларды (БЖ) арнайы тексеру қашан жүргізіледі?
А) Топтық, ауыр және өлім жағдайындық БЖ.
В) Тек топтық және өлім жағдайындық БЖ.
С) Тек ауыр және өлім жағдайындық БЖ.
D) Топтық және өлім жағдайындық БЖ және зардаптанғанның жұмыс істеу қабілеттілігі 1-айдан артық болғанда.
Е) Топтық және өлім жағдайындық БЖ және зардаптанғанның жұмыс істеу қабілеттілігі 1-жылдан артық болғанда.
$$$ 29
Сәтсіз жағдайларды тексеру материалдары бойынша жасалынатын негізгі құжаты атаңыз:
А) Н-1 қалыпты акт.
В) 7-Т қалыпты акт.
С) Н-2 қалыпты акт.
D) 9-Т қалыпты акт.
Е) 21-Т қалыпты есеп.
$$$ 30
Бақытсыз жағдайларды (БЖ) жалпы тәртіпте тексеретін комиссиясының құрамын атап шығыңыз:
А) БЖ болған жұмыстардың басшысы, еңбек қорғау инженер мен өкілетті адам.
В) БЖ болған жұмыстардың басшысы, еңбек қорғау жөніндегі инженер мен өкілетті адам, дәрігер.
С) Еңбек қорғау жөніндегі инженер мен қоғамдық комиссия, жұмыс басшысы және дәрігер.
D) Еңбек қорғау жөніндегі инженер мен қоғамдық комиссия, жұмыс басшысы және зақымдан-ған адам.
Е) Бас инженер, еңбек қорғау жөніндегі инженер мен өкілетті адам, жұмыс басшысы.
$$$ 31
Өндірістік жарақаттың талдау әдісін атаңыз:
А) Статистикалық, техникалық, монографикалық, жүйелік.
В) Топтық, техникалық, монографиялық, ықтималдық.
С) Топографиялық, жүйелік, корреляциялық- ықтималдық.
D) Статистикалық, динамикалық, корреляциялық- ықтималдық.
Е) Статистикалық, динамикалық, жүйелік.
$$$ 32
Талдау мерзімінде N –еңбекшілердің орташа тізімдік саны, Т- зардап шеккендердің жұмыс қабілетсіздігі күндер саны және n- жұмыс қабілетсіздігінің үш күннен көп сәтсіз оқиғалар саны сүйене отырып, 1000- жұмысшыға келетін, Кч- жарақаттану жиілігінің коэффициентін анықтаңыз:
А) Кч = (n: N)1000.
В) Кч = (Т: N)1000.
С) Кч = (Т: n)1000.
D) Кч = (Т: n) : N.
Е) Кч = (n: N) (Т: n).
$$$ 33
Қауіпсіздік техникасы бойынша еңбекшілерді нұсқауламалаудың түрлерін көрсетіңіз:
А) Кіріспе, жұмыс орнындағы (бастапқы, қайталанбалы, жоспардан тыс, ағымдық).
В) Жалпы, жұмыс орнындағы бастапқы, қайталанбалы, жоспардан тыс, ағымдық.
С) Енгізуші, өндірістік, қайталанбалы, жоспардан тыс, ағымдық.
D) Кіріспе, жұмыс орнындағы (бастапқы, қайталанбалы, жоспардан тыс, оперативтік).
Е) Жалпы, өндірістік, кезеңдік, апаттық, оперативтік.
$$$ 34
Жұмыскерлерді кіріспе және жұмыс орнындағы нұсқамаларды кім жүргізуі керек:
А) Алғашқысын еңбек қорғау инженері, ал екіншісін–жұмыс басшысы жүргізеді.
В) Алғашқысын еңбек қорғау инженері, ал екіншісін - жұмыс мастері жүргізеді.
С) Алғашқысын еңбек қорғау инженері, ал екіншісін - учаскенің кез келген инженерлік – техникалық қызметкерлері жүргізеді.
D) Алғашқысын еңбек қорғау инженері, ал екіншісін – еңбек қорғау жөніндегі өкілетті адам жүргізеді.
Е) Алғашқысын еңбек қорғау инженері, ал екіншісін–нұсқамаланған адам стажировка өтетін тәжірибиелі жұмыскер жүргізеді.
$$$ 35
Жұмыс орнындағы қайталанбалы нұсқау берудің мерзімділігі қандай?
А) өндірістің қауіптілігіне байланысты 3-6 айдан кейін.
В) жарты жылда бір рет.
С) кварталына бір рет.
D) жылына бір рет.
Е) 3-12 айдан кейін.
$$$ 36
Жұмысқа қабылданғаннан кейін қандай мерзімде жұмыскерлерге еңбек қорғау бойынша курстық оқытуды жүргізудің қамтамасыз етілуі міндетті:
А) 3-айдан кеш болмауы керек.
В) 1-айдан кеш болмауы керек.
С) 2-айдан кеш болмауы керек.
D) 6 –айдан кеш болмауы керек.
Е) 4- айдан кеш болмауы керек.
$$$ 37
Қандай мамандықтардың жұмыскерлері және олар қашан өздігінен жұмыс істеуге жіберіледі:
А) Қауіпті мамандықтардың жұмыскерлері 3 ай оқудан соң, ал қалғандары жұмыс орнындағы нұсқаманы және тәжірибиелі жұмыскерлермен 3-7 күндік стажировкадан өткеннен соң.
В) Қауіпті мамандықтардың жұмыскерлері 3 ай оқудан соң, ал қалғандары жұмыс орнында нұсқаманы өткен соң.
С) Қауіпті мамандықтардың жұмыскерлері 2 ай оқудан соң, ал қалғандары жұмыс орнында нұсқаманы өткен соң.
D) Қауіпті мамандықтардың жұмыскерлері 3 ай оқудан соң, ал қалғандары кіріспе нұсқамадан соң.
Е) Қауіпті мамандықтардың жұмыскерлері 3 ай оқудан соң, ал қалғандары кіріспе нұсқаманы және жұмыс орнында 3-7 күндік стажировканы өткен соң.
$$$ 38
Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшылардың және еңбек қорғау бойынша ИТР-дің, білімін тексеру мерзімін айтыңыз:
А) Жұмысшылар жыл сайын, ИТР әрбір 3-5 жыл сайын атқаратын қызметіне байланысты.
В) Жұмысшылар жыл сайын, ИТР атқаратын қызметіне қарамай 3 жыл сайын.
С) Жұмысшылар және ИТР атқаратын қызметіне қарамай, әрбір 3 жыл сайын.
D) Жұмысшылар және ИТР әрбір 4 жыл сайын.
Е) Жұмысшылар және ИТР әрбір 5 жыл сайын.
$$$ 39
Кәсіпорындарда еңбек қорғаудың жағдайын жақсарту шаралары бойынша қандай жоспарлар жасалынады:
А) Келешектік (5-жылдық), кешендік, жылдық және ағымдық.
В) Келешектік, кешендік және жылдық.
С) Бесжылдық, жылдық және ағымдық.
D) Кешендік, жылдық және ағымдық.
