- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Темірдің түзіктері
- •Тоқтамыс ханның талқандалуына арналған шаралар
- •Тоқтамыс - ханның талқандау жобасы
- •Низам-ад дин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
Темір осы ұлы жеңіске қолға түскен сан жетпес байлық пен қазынаны арбалы керуенмен қалдырды, ал шайқастың алдында аттан жығылып қолын сындырған Мырза Мираншахты керуенде қалдырды. Ядғар-барлас пен Қажы-Сейф-ад-дин әмірді олардың қасына қалдырып, таңдаулы әскерімен ол шапқыншылық жасамақ үшін, Тоқтамыс ханның соңынан күні түні асыға жүріп, оның ізіне түседі. Еділдің Тұратур өткелі деп аталатын өткеліне жетіп, ол қасындағы Орыс ханның ұлы Құйыршық оғланға патша сарайындағы нөкерлер сапында өзбек батырларынан тұратын жасақты беріп, падишахқа лайық керек жарақты дайындап, оған алтыннан зер салынған шапан мен алтын белбеу сыйлап, Еділ өзенінен өтуді бұйырып, Жошы ұлысының ханы етіп тағайындайды. Жошы ұлысының ханзадасы бұйрыққа бағынып өзеннің арғы бетіне өтеді де, шашырап кеткен әскерді жинап, ұлысты жөңге келтіруге кіріседі, ал жан алғыш әскер жаудың ізін қуып, Укекке дейін барып біразын қырып тастайды. Сол күні ол бишараларды бір жақтан жойқын қылыш соққысы қысса, екінші жақтан еділдің қанішер тасқыны күтіп тұрды. Олардың басым бөлігін тұтқынға алды, ал кейбірі сәл мініп Еділдің арғы бетіне өтіп кетті. Хандық билігі үй мүлкін, бүкіл жиып тергендері мен жасырғанын тастап, шыбын жанын қимаған Тоқтамыс хан бірнеше нөкерімен Бұлардың орман алқабына барып жан сауғалап, дұшпанының жолбарыстай шеңгелінен әзер құтылады. Темірдің жеңімпаз әскері өзеннің осы бетінен бірінші рет Дешті Қыпшаққа жорыққа аттанып, тонап кеткен арғы бетке келеді. Бұл жер «қараңғы қапас елінен» алыс емес. Жеңімпаз әскер бұл жолы да Дешті Қыпшақтың көлемді бөлігін тонады. Мырза Мираншах өзімен бірге Қурай жағасында арбалы керуенмен қалған әмірлермен бірге Юлуклук-Узуклук жерінде темірге келіп қосылады.
2 tjfvhsdvbfvuishivhosdoivj
2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
Камал ад-Дин Абд ар-Раззак ибн Жалал ад дин Ысқақ Самарканди 1413 жылы Герат қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Маулана Жалал ад Дин Ысқақ сол жерде дүниеге келгендіктен оған Самарқанди есімі берілген. Абд ар-Раззак Тимурлықтар әмірлері Хорасан Шахрух (1404-1447) пен Сұлтан Абу Саидтың (1452-1469) сарайында қызмет етті. 1462 жылы сұлтан Әбу Сейт оны 1410 жылғы Гераттағы Шархух құрған хандықтың шейхі етіп тағайындады. Сол жылы, Гератта 1482 жылы Әбд Ар Раззак қайтыс болды. Әбд Ар Раззак Самаркандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» (Екі бақытты жұлдыздың шығысы мен екі теңіздің тоғысқан мекені) атты тарихи еңбегі екі Әбу Сейттің Әбу Сейт Хулаги мен Әбу Сейт Тимурлықтың патшалық құрған кезіндегі оқиғаларды сипаттауға арналған (1304-1470). Бұл жылдарға дейін ол Рашид ад Диннің «Жылнамалар жинағын» аяқтады. Абд ар Раззак Самарканди шығарманы 1470-1475 жылдары аралығында жазып бітірді. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі Ельхан Әбу Сейттің туғын жылы 1304 жыл мен Темірдің өлімі мен және 1470 жылы оның немересі Мырза Халелдің Самарканда патшалық құрған кезіндегі жүз жылдықтағы оқиғаларды қамтиды. Екінші бөлім Әмір Темірдің төртінші ұлы Шахруқтың таққа келуі мен 1470 жылғы Сұлтан Хусейннің қайта билік еткен аралықтарын баяндауға арналған. Өзінің еңбегінің бірінші және екінші еңбегінде 1426 жылға дейінгі оқиғаларды суреттеу барысындағы ол Хафиз-и-Абру мен Шараш ад дин Али Езди еңбектеріне қысқаша мазмұндама берген. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» 1426 жыллан кейінгі оқиғалардың әрі қарай өруі 45 жылды қамтиды және оны Абр ар Раззак Самарканди өзі жазған. Бұл еңбек үлкен мәнге ие, себебі ол бұл жерде сол оқиғалардың куәгері және әрі қатысушысы ретінде сипаттап жазады. Кейінірек шығарманың бұл бөлімінде барлық мүмкіндіктер қолданылған.
