Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын. ажымхан Дипломды жмыс делген.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы

Темірдің шыққан тегі-түркі болып кеткен монғолдың барлас тайпасы; кейбір ғалымдардың болжауынша, бұл тайпаның бір бөлігі Шағатай ұрпағы Мүбаракшах ханмен бірге XII ғасырдың екінші жартысында Жетісудан Мәуеренахрға көшіп келіп, Қашқадария жазығында басқаласы Шахрисабз болған өңірге қоныстанған. Темірдің қашан туғаны жөнінде деректемелерде бір біріне қайшы келетін деректер бар. Бір мұсылман авторлары: «Ол хижраның 728 жылы (1327-1328) туған» десе, енді біреулері: «736 жылы (1335-1336) туған» дейді. Темірдің ресми тарихы-«Йездінің Зафарнамесінің» түпкілікті редаксиясында ғана, нақты туылған күні хижраның 736 жылының 25 шағбаны сейсенбі (1336 жыл – Тышқан жылының 9 сәуірі) деп хабарланады [8, 35]. Йезді оның әкесі Тарағай ноянның және шешесі Текине хатунның аттарын атайды, алайда Темір өмірінің 1360 жылға дейінгі оқиғалары туралы ештеңге айтпайды. Ибн Арабшахтың Темірдің туған жері деп Қожа-Ілгер ауылын атайды. Шахрисабздің оңтүстік-батысындағы бұл ауыл қазір де бар, қаладан он үш шақырым жерде. Оның тұрғындары: «Бұл жерде Темір туылған» деген аңызды естерінде ұстайды [9, 33 ]. Тарағай Кештің билеушісі де, барлас тайпасының басшысы да болмаған. Деректемелерде оның ауылдық жерде тұрғаны, тақуа мұсылман болғаны, ғалымдар мен дәруіштерге дос болып жүргені, сондай ақ Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де бірқатар бекзадалармен достық қарым-қатынас жасағаны туралы хабарланады. Тарағай 1360 жылы қайтыс болып, Кеште ата-баба зиратында жерленген. Өмір деген-тіршілік күнкөрістің бір нысаны ғана емес, әркімнің пешенесіне табиғат өлшеп берген тарихи Уақытпен қарым-қатынас деген де сөз ғой. Адам жарық дүниеге келуі мүмкін сан мың жыл ішінде сол өзінің тағдырына жазылған тарихи уақытта туып, тіршілік кешеді. Адамдардың өз заманымен қарым-қатынасы әрқалай қалыптасады. Біреулер онымен жағаласып арпалысып өтеді. Әдетте, ондайлардың өмірі опынумен тынады. Енді біреулері заманымен үйлесіп, онымен ғажап жарасымды тіршілік құрады. Темір осы аталғандардың соңғылары еді. Ол өз заманының қыр-сырын жете ұғынды, әрбір қалыптасқан жағдайды жіті аңғарып, қапы жіберген жоқ, жеңе де білді, жеңісінің игіліктерін түгел игере де білді. Өздеріңіз ойлап қарасаңыз, Темірдің дүниеге келіп, өмір кешкен уақыты-бастан-аяқ соғыс уақыты. Соғыстар күнбе-күнгі қатал шындық болды, сыртқы дүниемен кереғарлық атаулының бәрі келіссөз арқылы емес, қантөгіспен жойылып отырды. Осыған орай, XIV-XV ғасырлар межесінің авторы Ғийас ад-Дин Әлидің нақыл сөзін келтірсек жеткілікті, онда сол дәуірдің мәні айдан анық аңғарылады: «Қылышы қынында жүргеннің ісінің қыйыуы қашады. Қанға құныққан қылышы жоқ адам биік билікті ұзақ ұстап тұра алмайды» [ 10, 76] . Қиян-кескі қақтығыстардан, шапқыншылықтар, жорықтар тоқтамай, тұрмыстың өзі әскерилердің тіршілігіне ұқсауға айналды. Әскери өнер, соғысқа машықтанғандық, жекелей жаужүректік бәрінен жоғары бағаланды. Бұл орайда ол кездегі әскердің көбіне атты әскер болғанын айта кету керек. Деректемелер Темірдің ат десе жаны қалмайтынын, аттың құлағында ойнағанын, соғыс өнерін үйренумен, қамалап аң аулаумен көп шұғылданғанын, құралайды көзге атқан садақшы болғанын, сол уақыттағы жауынгердің ең қадірлі қаруын жетік меңгеріп, қылыштасуда да алдына жан салмайтынын айтады.Темірдің көсем, басшы ретіндегі қасиеттері жастайынан байқалды. Ибн Арабшахтың айтуында, Темір өжет, батыл, табанды және айлалы болып өсті, уәзірлердің балаларымен дос болды, әмірлердің ұлдарына жақын жүрді. Құрбы-құрдастары арасында өте беделді, олар мұны өте жақсы көретін. Барлас жастары, көрші рулар мен тайпалардың жалаңдаған өжет жігіттері Темірге үйір болып, оның төңірегіне топтасты. Бастапқыда оның қаруланған атты жасақтар секілді төрт-бес нөкері ғана болды. «Оны төрт-бес адамның өзі өздерінің руластарының бірде қойын, бірде сиырын алып кететінді шығарды, бұлары сәтті болған күндері достарымен тойлап қалатын деседі»,-деп жалғастырады Клавихо. Жолы болғыш, өжет те жомарт жас, жетекшілік, атамандық қабілеттері айқын көрінген Темір көп ұзамай Қашқадария жазығындағы барластардың арасында аты шығып, Мәуренахр шағатайлардың басқа рулары мен тайпаларының арасында да танымал бола бастады. Бұған таңдануға да болмайтын. 1360 жылға қарай Темір енді атқұмар, аңқұмар бозбала емес, соғысқа машықтанып алған қарымды батыр жігіт болған еді. Оны өз көзімен көріп білген Ибн Арабшахтың айтуында, Темір батыр тұлғалы адам болған; 1941 жылы Темірдің сүйегін зерттеген профессор М.М.Герасимов та бұл деректі растап берді. Ұзын бойлы, денелі, сымбатты оны «ежелгі алып адамдар-Амиеликиттердің ұрпағы деуге болғандай» болатын [11, 12-14]. Қақпақ жауырынды, кеуделі, бұлшық етті, кең маңдайлы, сопақ жүзді, қызыл шырайлы адам болған. Қол-аяғы әлеуетті адам екенін анық аңғартатындай ұзын, саусақтары жуан, көзі от шашқандай болып жарқырап тұратын. Дауысы зор, өте қарулы, ержүрек батыл, өлімнен қорықпайты, қандай шайқасқа болсын қаймықпай кіріп кететін.