- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Темірдің түзіктері
- •Тоқтамыс ханның талқандалуына арналған шаралар
- •Тоқтамыс - ханның талқандау жобасы
- •Низам-ад дин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
Йезда қаласында дүниеге келген Шараф ад Дин Али Йезди Шахрух сұлтанның сарайында, сондай-ақ Фарста билік еткен (1415-1435) оның ұлы Ибраһим сұлтанның қол астында сарай ғалымы, әдебиетшісі және эпистолярлы стильдің бірегей білгірі ретінде қызмет атқарды. Шахрух өлгеннен кейін Сұлтан-Мұхаммед оған сарайдан кетіп, туған жеріне оралуға рұхсат береді. Шараф ад Дин 1449 жылы Йезд қаласының маңындағы Тафт атты елді мекеніне қоныс теуіп, сол жерде 1454 жылы дүние салады . Зафар-наме – Темір туралы тарихи мәліметтердің толық жинағы болып саналатын, сол заманда кеңінен таралған шығарма. Зафар-наме Шираз қаласында 1424 жылы аяқталады. Шараф ад Дин Йездидің айтуы бойынша, бұл шығарманы хатшылардың көмегімен Ибраһим сұлтан жазған. Одан кейін туынды сол дәуірдің ең мықты стилистерінің бірі болып саналатын Йездиге тапсырылады, Йезди оны «жоғары стилге» сәйкес астарлап әрі көркемдеп, өңдеп шығарады. Қазіргі зерттеушілердің пікірінше, Зафар-намені жазудағы Ибраһим сұлтанның ролін Шараф ад Диннің өзі асырып айтқан. [36, 8] Өз әңгімесін жазуда Шараф ад Дин Йезди Низам ад Дин Шамидің «Зафар-намесінің» жоспары мен компазициясын толығымен қабылдап, шығарма барсында қолданып отырған. Сондай ақ ол Темірдің жеке жорықтары туралы жазулар мен күнделіктерді өзінің ізбасары Шамиге қарағанда кеңірек пайдаланған және Темірдің үнемі қасында болған парсы мен ұйғыр жазушылыры қалдырған мұраларды негізге алған. Сонымен қатар ол «Тарих и хани» атты түрік өлең хроникасы туралы да айтады. Шараф ад Диннің айтуы бойынша, жинақталған материалдардан екі ұшлық пен көмескілік байқалған жағдайды, барлық мәліметтер сол заман адамдары мен жорыққа қатысқандар аузынан шыққан деректер көмегімен толықтырылып отырған. Шараф ад Дин Али Йезди өңдеген «Зафар-наме» - Әмір Темір туралы ең толығырақ әрі нақтырақ деректер жинағы болып табылатын Темір мен Темір әулетінің ресми тарихының екінші редаксиясы. 1419-1428 жылдар аралығында Шараф ад Дин Али Иезди тағы да Ибраһим сұлтанмен бірігіп, «Зафар-наме» шығармасына «Тарих-и-джехангир» атты кіріспе жазды. Ол Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарына арнап жазылған және «Мукаддамэ» - «Алғысөз» деп аталады. Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалдық хандығын құру үшін күресуімен сипатталады. Екінші кезеңде (1386-1402 жылдар), Шарафуддина Али Йезди – юриштің пікірінше, үш жылдық, бес жылдық және жеті жылдық аталатын, Темір жорықтары жүргізілді [37, 40-45].
Зафар-наме
Уақыты бойынша Темір туралы, ресми сипаттағы екінші шығарма, Шереф ад-дин Али Иездидің, дәл осылай «Зафар-Намэ»-(Жеңіс кітабы) аталатын өте үлкен шығармасы болады. Автордың аты айтып тұрғандай, ол Иезда (Батыс Иран) қаласында туып өскен. Шереф ад-дин алдымен Шахрухтың (1405 – 1447) сарайында, кейіннен оның ұлы, Парсының билеушісі болған Ибрахим – сұлтанның сарайында тұрды. Шереф ад-дина Али Иезди өз өмірінің соңғы күндерін, Иездаға жақын жердегі Тафт елді мекнінде өткізді және сол жерде 1454 жылы қайтыс болды. Шереф ад-дин Али Иездидің Темірдің қаза тапқанынан кейін жазған шығармасы, (1424-1425) 828 жылы аяқталды. Шереф ад-Дин, жұмысты бастауды, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан және оның көмекшілері Шираз қаласындағы хатшыларының көмегімен болған дейді. Шереф ад-дин, бұл жұмыстың бастамасын Шираз қаласында, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан, хатшыларының көмегімен басталуы керек болатын. Шереф ад-дин, бұл шығарманы тек қана өңдеп шықты. По-видимому, Шереф ад-дин Али Иезди, «Зафар-намэні» жазған кезде, өз қолдаушысының ролін асыра мақтап жіберген сияқты. «Зафар – намэ» екінші кезеңінің авторы кім болмасын, мәтін негізі, екі кітапты оңай салыстырғанда, Низам ад – Диннің шығармасынан алынғанын білеміз. Бірақ та, Шереф ад-дина Али Иездидің шығармасында, негізін қалаушыға қарағанда, нақты материалдар көп келтірілген, мұны, оның қосымша дереккөздері бар болғанын білдіреді. Шереф ад-дин Низам ад-дин Шамидің тек еңбектеріне ғана жүгініп қоймай, соңғы жорықтардың күнделігінен көптеген деректерді шығарып алды. Шереф ад-диннің қарамағында, Низам ад-Дин Шами ешқашан пайдаланбаған ұйғыр хатшыларының өлең түрінде жазған, ұйғыр тілінде жазылған «Тарих-и-Хани» хроникасы дереккөзі болды. Өкінішке орай, бұл деректер шығыс тарихнамасында бірнеше рет ескертілген, бірақ бізге жетіп келмеген. Шереф ад-дин Али Иезди, ақпараттарды Темір жорықтарында жоғарыдағы күнделікте аты ешқашан аты аталмаған қатысушылардан алып құрастырған. Труд Шереф ад-диннің еңбегі, Темірдің өмірінің растығын дәлелдейтін дерек бойынша, Низам ад – Диннің еңбегіне қарағанда, көптеген жетіспеушіліктерге ие. Біз ең алдымен, оның еңбегі: «Зафар – Намэ» жұмсақ, мәнерлі фразеологияға толы тілде жазылған және көбінесе оның беттерін бірнеше жолмен бірлестірсе болады. Прозалық шығарма, Шереф ад-Диннің өзіне тиесілі өлеңдермен көмкерілген. Автор, барлық жерде Темірмен мақтанады. Оның бұл әрекеті, оның ниетінің түзулігін және оның адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. 1365 жылы Шыршық өзенінің жағасында болған «лайлы шайқаста», Темір әмір Хусейнмен бірге толығымен талқандалған кезде, Шереф ад – Дин, кінәні толығымен, Темірдің серіктесі, аға әмір Хусейнге жауып қояды. Керек десеңіз, 1387 жылы Исфаганда болған көтеріліс немесе сұлтан Махмудтың Үндістанмен шайқасудан алдын 100 мың адамды өлтіргені жайындағы Темірдің қатал әрекеттері де, толығымен ақталып жазылған. Алайда, бұл сұрақтарға, Темірдің басқа тарихнамашысы Низам ад-дин Шами өз пікірін білдірді [38]. Темірдің Тоқтамыс ханға аттануы және құдайдың қуатымен оны жеңіуі туралы әңгіме. Қатал тағдыр Тоқтамыс ханды ақылынан айырып, ол Темірдің жасаған барлық жақсылықтары мен қамқорлығын ұмытып, Темірдің көмегі мен қолдауының арқасында билеп отырған Жошы ұлысы халқынан қалың қол жинады. Өлең жолдарынан: «Орыс, черкес, бұлғар, қыпшақ, алан, Қырым, Кафа және Азақ башқұрттармен қыруар қол жиналды». Осындай ағаш жапырақтарымен жаңбыр тамшылары сияқты сан жетпейтін қолмен, 790-шы қолтырауын жылының қыс бастала ол Темірге қарсы соғысқа аттанады. Оны естіген Темір Самарқан және Кеште жиналған қолмен орталықтан шығып, Сақаржыда өз ордасын тігеді. Темір өзіне қарасты өңірден жеңіске жеткізетін қалың қол жинауды бұйырып көмекшілерін аттандырады. Сол жылы аяздың күштілігі соншалықты, аспан иығына тиын терісін жабылып, жер аң тышқан терісіне оранғандай күйде еді. Сол уақытта Тоқтамыстың қалың қолын бастап келе жатқан Ылығмыш оғланның әскерлері Ходжент өзенінен өтіп, Уджук-Зернук түбінде орналасты деген хабар келеді. Темір бірден сол жаққа бағыт алады. Әмірлер мен нояндар одан өңірлерден жиналатын әскерді күте тұруын сұрайды. Өз дегенінен қайтпаған Темір «бүгінгі істі ертеңге қалдырма» деген нақылды басшылыққа алып, бір жағынан, құдайға құлшылық етіп қалың қолдың жиналуын күтпестен, аттың кеудесіне жететін қалың қарға қарамастан, өзінің жеке жасағымен қарды бұзып, түнделетіп жолға шығады. Андугандық мырза Омар Шейх өз өңірінен жинаған әскерімен бірге Ходжент өзенін бойлап жүріп отырып, Темірдің керуеніне келіп қосылады. Темір Күнче оғлан, Темір Құтлық оғланмен Шейх Али бохадурды әскер жасағымен жаудың жолын кесуге жібереді. Келесі күні, таң атып, күн шығысымен, жеңіс байрағы Анбар төбесінде желбіреді: соғыс ұраны айтылған соң, қызу айқас басталып кетеді. Жүрек жұтқан сарбаздар соғысты жандыра түсіп, теміршілер жағынан жеңіс лебі сезіле бастаған сәттен ақ жау арқасын беріп қаша бастады. Жартысы айқас алаңында мерт болған жаудың тағы бір жартысы найзадан қорқып, Ходжент өзеніне ағып кетеді. Қашып құтылғандардың алдынан жаудың жолын кесуге кеткен мырза Омар Шейхтың жасағы шығады. Жеңіске жетіп, жаудың артынан қуып келе жатқан қалың қолға қосылған олар жауды жан жағынан қоршап алып, садақтың оғын жаудырып, найза мен шоқпар астына алады. Қоршауда қалған әскерлердің жанын Әзрейіл мәңгілікке әкетеді. Қолға түскен Бақшы Айды-бердінің басын шаппақшы болып қатқан кезде, өлімнен қорыққан ол өз атын айтады. Темір одан Тоқтамыс ханның жағдайын анықтап сұрағаннан кейін оған жақсы киім кигізіп, хандық рахымшылдығын білдіріп, сарайға қызметке алады. Темір Ордасын орнынан көшіріп кері қайтады. 791 жылдың қырықтық айында ол Ақарға тұрақтап, сол жерде аз уақыт болды. Көктемнің көк шуағымен жер әсем гүлдерге оранып, бақшалар гүлде» бастаған уақытта, жеңіске жеткен әскер әр жақтан жинала бастайды. Мырза Мираншах патша сарайына Қорасаннан жиналған әскерімен келеді, сондай ақ хан ордасына Балы, Құндыз, Бақлан, Бадахшан, Құтталан, Хисар, және басқа да аймақ пен қалалардан келген әскер де жиналады. Темір Омар Шейх мырзаға, әмір Хаджи Сейф ад Динге және Ику Тимурға Ходжент өзенінде өздерінің кемелері мен салдарынан көпір жасауға ұйғарады. Олар бұйрықты орындап, бірнеше жерге көпір салып, Темірге хабарлайды. Жылан жылына сәйкес келетін 1791 жылы ұлы мәртебелі құдайдың қуатымен жолға шығады. Өзен жағасына жеткен соң ол көкірегі қуанышқа толып , ұлдарымен және бар әскерімен бірге сол көпірлер арқылы арғы жағаға өтіп, Темір Құтлық оғланды, Сүнжек бахадурды Және Осман бахадурды әскердің алдыңғы шебіне шығарады. Бұйрық бойынша олар алдына қарауыл жібереді. Олар жаудың қарауылын көредіде, өз әмірлеріне хабарлайды. Әмірлер алдын ала жасырынып, жаудың әскерін күтіп жатады. Қараңғы түнде ештеңгені сезбеген олар шырт ұйқыға кетеді. Бақытқа бөленген Темірдің жеңімпаз әскері түн ортасында шабуыл жасайды. Жау қолының көп бөлігі сол жерде қырылады, қалғаны қашқан бойы Арыс өзенінен өтіп, Тоқтамыс ханға келеді. Оның әскері Сауран қаласын қоршауды ұстап отырады, ал Чингирче, Ляд және Кушчи қаланы жау қолына бермеу үшін, бар күш жігерімен тойтарыс беріп, тырысып бағады. Сауранға күші жерпеген Тоқтамыс Ясыны тонап, сол маңдағы далаға орналасады. Темірдің жеңіс туын көтерген әскері келіп жетті деген хабарды есіген Тоқтамыстың, оның әскерінің және барлығының қорқыныштан құты қашып зересі ұшады. Өздерінің, қолдарындағы қару жарақтың көптігіне қарамастан, Темір туралы сыбыс естіген сәттен ақ тым тырақай қашып, «қара шегірткедей» жан жаққа тарап кетеді. Жаудың қашқанын естіген Темір Хаджи Сейф ад дин арбалы керуенмен Самарқанға жібереп, өзі шұғыл түрде жаудың артынан қуып кетеді. Қолға тұтқын түсіру үшін ол Ходжа Шейх каучинді, Тублук каучинді, Қарахан бахадурды, Аман шахты және Дәулет шахты таңдаулы қырық адаммен алға жібереді. Сарық өзен атты жерге жеткен кезде олар жау әскерінің артқы шебіндегі күзетші жасағына жолығып, олармен соғысады. Жаудың көбі өліп, біразы қашып құтылады. Жеңіспен оралған бахадурлер шөл далада 100 отбасымен қос құрған Қытба тарханның үстінен түседі. Олармен соғысып, жеңіске жеткен Шанкүл бахадур сол рудың, оның малы мен табындарының иесі Қытба тарханды тұтқынға алып, Ақ сүме жерінде орналасқан жоғары мәртебелі патша ордасына жетеді. Темір бұл жерден жазық дала арқылы Урун Чақыл жолымен Билан деген жерге келеді. Ол жерден Сарық өзен мен Куруджуннан өтіп, Ал Құшынға тұрақтайды. Темір Тоқтамыс ханды артынан өзі қуып жетпек болады, бірақ нояндар мен әмірлер кеңесіп, патша алдына тізе бүге отырып, адалдықпен және тілектестікпен былай деді: «Жоғары мәртебелі патша, алдымен, Хызр қожа оғланға, оның ұлы Тұғлық Темір ханға және Ингатураны қарсы аттанып, оларға екінші рет бізге қарсы шықпайтындай етіп жазалап, содан кейін ғана Тоқтамыс ханға қарсы жорығымызды бастасақ деген ойымызды қабыл алсаңыз екен». Темір олардың пікірін қабыл алады.
