- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Темірдің түзіктері
- •Тоқтамыс ханның талқандалуына арналған шаралар
- •Тоқтамыс - ханның талқандау жобасы
- •Низам-ад дин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Темірдің түзіктері
Менің мемлекетті жаулап алушы бақытты балаларыма, дүниені билеуші ұлыларым-ұрпақтарыма. Барлығына мәлім болсын, Алланың рақымына үміт артқандардың барлығының, менің ұлы тағыма көз тіккендеріне сенімдімін. Осының барлығы, өзім қолданып жүрген тәсілдерімді қолдануыма итермелейді. Осы ережелерді қатаң сақтай отырып, Мұхамед дінінің игілікті әсерінен, аспаннан маған берілген бақытқа, олар да қол жеткізе алады. Осы ережелердің барлығы, олардың тәртібінде, мемлекет басқаруында қызмет ететін болсын. Ережелердің барлығы он екі. Осы ережелердің барлығы маған үкіметті қолға алуыма, мемлекетті басып алуыма көмектесті. Мен, өзіме сенім білдірген адамдарды 12 топқа бөлдім, олардың кейбіреулері үкіметті басқаруда маған кеңес беріп отырды. Мен оларды өз бақытымның кілті ретінде пайдаландым, олар менің сарайымның сәні болатын.
Мен Алла діні мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарауына барымды салдым, ислам дінін әр кезде, барлық жерде қолдадым.
Дана, данышпандардың кеңестері маған дұшпандардың әскерлерін жойып, көптеген аймақтарды басып алуға көмектесті. Басқаруда мен адамгершілік қасиетпен және төзімділікті басшылыққа алдым, барлығын сырттан бақыладым және достарымның арсында беделді болдым.
Осы тәртіптер мен заңдарға бағыну, менің тағдырыма сүйеніш болды. Басқа нәрселер де, уәзірлер, әмірлер, солдаттар мен қарапайым халық жоғарылауға дәмеленді және өз орындарына риза болатын, осының бәрі менің билігімді одан ары нығайтты.
Офицерлер мен солдаттарды жігерлендіру үшін, олардан мен алтынды да, бағалы тастарды да аямадым; оларды өз дастарханыма емін-еркін отыруға мүмкіндік бердім, есесіне олар шайқастарда мен үшін жанын беруге дайын болды. Оларға, маған деген жақсы көрушілік сезімдері үшін, қиындық туған шақта көмегімді аямадым. Осылайша, айбынды көсемдердің және менің жауынгерлерімнің арқасында, 27 мемлекеттің әміршісі болдым. Мен Иран, Туран, Рум, Магреб, Сирия, Ирак-Араб, Ирак-Аджеми, Мазандеран, Гилян, Ширван, Азербайжан, Кабулистан, Фарс, Хорассан, Четте, Ұлы Татарстан, Хорезм, Хотан, Бактерземин мен Үндістанның патшасы болдым. Бұл мемлекеттердің барлығы менің билігімді қабылдады, ал мен олар үшін заң жазуды бұйырдым.Үстіме патша жамылғысын кидім, бос отырудан, тыныштықтан бас тарттым. 12 жасымнан бастап түрлі аймақтарға барып, бақытсыздықпен күрестім, дұшпан әскерлеріне қарсы түрлі жобалар жасадым, офицерлер мен солдаттардың ызаланған әңгімелерін сабыр сақтап тыңдауға әдеттендім. Ақырында, дұшпандарға қарсы шықтым. Осылайша, түрлі шет аймақтарды басып алып, ол жерлерде өз билігімді жүргізе алдым.
Алланың берген ықыласын әділетті түрде қабыл алдым. Дана саясат пен қатаң әділеттілікте, өз солдаттарымды ұстап тұра алдым. Менің жауынгерлерім түрлі сыйлықтармен көмкерілген болды. Төменгі халықтар мен мемлекеттің бақытсыз сыныбындағыларға рақымшылық білдірдім. Мен езілуші халықты қанаушылардың қолынан құтқардым, жазықсызды жазалау үшін ешқашан үкім шығарған емеспін. Менің ниетіме қарсы қару көтерген қайсыбір адам, өз кінәсін мойындап кешірім сұраса, одан рақымшылық көрсеттім.
Мен пайғамбардың ұрпақтарына, ғалымдарға, дін мамандарына, философтар мен тарихшыларға қошемет көрсеттім. Мен оларды құрметтедім және қадір тұттым. Батыл адамдар менің достарым болды, өйткені, Алла тағала батылдарды жақсы көрген. Мен жандары ізгі ғалымдармен сөзім жарасты. Мен олардың батасын алдым, сол баталар маған жеңіске жетуде көп көмек берді. Дәруіштер мен пақырларды қолдап жақтадым. Мен, оларға қандай да бір қайғы-қасірет беруден аулақ болдым, олардың өтініштерін ешқашан жерге тастаған емеспін. Қандай да бір адам, басқа адам туралы жаман сөйлесе, менің сарайымнан қуылатын. Олардың өсектерін ешқашан тыңдыған емеспін.
Мен өз кәсіпорындарыма өте табанды болдым. Әрбір қабылданған жоба, қандай болмасын, менің назарымнан тыс қалған емес және ол жетістікке жетпейінше оны тастаған емеспін. Мен ғалымдардан Адамнан Мұхамедке дейінгі ежелгі үкімдердің қандай болғанын сұрап қызықтым.
Мен халықтың жағдайын білдім. Мен атақтыларға өз бауырларыма қарағандай, ал қарапайым халыққа балаларыма қарағандай қарадым. Дұшпандардың мінездеріне сай бола алдым. Мен әрбір аймақтың жағдайын жеке-жеке білдім. Әрбір мемлекетке жалықтың, әскерлердің жағдайын ойлайтын адал адамды қойдым. Олардың дұрыс емес әрекеттерін білген болсам, оларды жазаладым.
Қандай-да бір тайпаның, қандай-да бір түрік, араб, парсы немесе басқа мемлекеттердің ордалары менімен кездескісі келсе, олармен міндетті түрде, адамгершілікпен қабылдап алдым. Кімде-кім менімен достық одақтаста болғысы келсе, ешқашан өкінбеген. Оған дәлел ретінде, менің мейірімділігім мен қайырымдылығым болды. Маған көрсетілген әрбір қызмет, марапатсыз қалған емес. Менің дұшпаным да, меннен қолдау сұрап келсе, менің тарапымнан кешіріліп, менімен дос бола алды. Мен, дәл осылай Шир- Бахраммен жасадым. Бұл, менің қасымда еріп жүруші, тайпа басшысы, шайқас кезінде тастап кетті. Ол мен үшін шйқасқа түскен жоқ. Ақырында, ол менің дәм-тұзымды жегені есіне түсіп, меннен рақым сұрап қайтып келді. Мен, оның барлық жасаған істеріне көзімді жұма қарадым, оның алдын жасаған жақсылықтарын ескеріп, оған рақымшылық еттім.
Менімен қандай-да бір, байланыста болған балаларым, немерелерім, достарым мен жақтаушыларым, менің қайыр-шапағатыма ие болды. Менің бақытымның жарқындығы, қандай-да бір адамды ұмытқан емес. Қайырымдылық қасиеті де менің жүрегімде бәр нәрсе. Мен балаларымның қандарында ортақтастық бар екенін білдім, оларды құрметтедім. Менің тағдырымда болған тәжірибелер, достарыммен және дұшпандарыммен өздерін қалай ұстау керек екендігін үйретті.
Мен, үшін өмірін қиып, шайқасқан әскерлеріме құрметпен қарадым. Олар алдарына келген түрлі қиындықтардан мойымай, алға шығып, күресе білді.
12.Мен үшін жанын қиған қандай да бір әскер, менің достығыма ие болды. Бірақ шайқас кезінде, менің көзімше өз қолбасшысын тастап, маған өткісі келген адам, мен үшін ең бишара адам болды. Тоқтамыс ханмен соғысу барысында, оның әмірлері, маған жазбаша түрде бірнеше хат жолдады. Мұндай әрекет, олардың өз княздеріне деген опасыздығын білдірді. Өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған осындай ұсыныстарды көрген мен өзімше: «өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған болса, маған да опасыздық жасауы мүмкін», және мен оларға қарғыс айттым. Тәжірибелерден түсінгенім, дін мен заңдарға сүйенбейтін билік, өз күшін көпке сақтай алмайды. Оны, кез келген уақытта сұмпайы адам кіре алатын, шарбағы және шатыры жоқ үйге теңер едім. Менің жүрегіме ұялаған ең бірінші ереже, дін мен Мұхамедзаңдарын кеңінен тарату болды. Мен дүниеге исламды кеңінен тараттым, ол менің империямның ең әдемі сәні болды. Мұхамед дінін қабылдағандардың санын көбейтуде жетістікке жету үшін, мұсылмандардың үстінен толықтай билік жүргізе алатын, ұлы данышпан адамды таңдадым. Ол өзінің қол астында, қасиетті мүліктер мен мешіттерді басқару мүмкіндігіне ие болды. Ол сонымен қатар, қалаларда жоғары сотта үкім жүргізді, базарларда инспекторларды сайлады. Мен армия мен қазынаға соттарды, ал халық үшін басқаларын сайладым. Әрбір аймақтарға исламды дәріптейтін қария, данышпандарды жібердім. Мен қалаларда мешіттер мен шіркеулер, жолдарда керуен – сарай, ал өзендерде көпірлер салуға бұйрық бердім. Мен, барлық қалаларға мұсылмандарды Құран оқыту үшін діни өкілдерді жібердім. Дінге сенуші және жай адамдар, менің дінге қатысты заңдарымның адал, рас екеніндігіне көз жеткізген соң, мұсылман ғалымдары менің құрметуіме келесі хабарландыруларды ойлап жазды: «Әр ғасырда Алла тағала дінді тарату үшін Мұхамед елшісін жіберіп отырды. Осы VIII ғасырда, дүние жүзінің батыры, бақытты жұлдыз астында туылған Темір, сенімді қайта жаңғырту барысын баршамен бірге есептессін». Ғалымдардың басшысы Мир – Саид – Шериф маған былай деп жазды: дүние жүзінің аймақтарында ислам дінін тарқатуда еткен еңбектенгеніңіз үшін, дінді таратушы лауазымына ие бола аласыз,-деді. Оның жазған хатында «Алла! Мұхамед дінін қолдаушыларға көмекші бол, ал оны қолдамағандарды тастап кет»,-делінген. Ұлы елшінің жоқ болып кеткеніне сегіз ғасыр өтсе де, қазіргі кезде де оны таратушы жан бар. Оны, дүние жүзінің батыры, мемлекет пен қаланы шынайы сенімді қабылдауына ықпал еткен әмір Темірге міндеттелді. Бірінші Хиджра ғасырында сенімнің жақтаушысы Омар Абдул- Азиз болғаны белгілі. Омар сол кездегі жаман әдеттердің барлығын жойған болатын. Ислам халқы зәбір көру, алауыздықтың табысы болды. бірінші ғасырда, дін қорғаушысы әділетті Момын болды. Бұл халиф, жетпіс екі жалған дінді таратушы қалыптарды кінәраттады. Ол Хорасан-Алиядан Мұса-Джафардың ұлын алдырып, оны өзіне мұрагер етті. Үшінші ғасырда, дінді өз қамқорлығына Аббассид Моктадир-Биллях алды. Абутаирдың кереметтері қасиетті Мекке мен отыз мың қажыларды өз қарамағында ұстады. Қағба қабырғасынан қара тас жұлынып алып тасталып, мұсылман жерлерінде зорлық-зомбылық, қарақшылық көбейіп кеткен шақта, дін жоғалудың алдында тұрды. Сол кезде Моктадир-Биллях қарақшыларға қарсы шығып, дінді қайта жаңғыртты. Азадәулет-Дилеми, төртінші ғасырда дін сенушілердің қорғаушысы болды. Аббас ұрпағынан қаһарлы Мотилла Ахтиллах, сарайдағыларға шынайы дінді теріс уағыздады. Азадәулет оны жолдан алып, оның орнына өз ұлы Тал Билляхты қойды. Бесінші ғасырда Малик-Шахтың ұлы Санжардың туылуымен мақтанды. Ол Ахмед Джами мен Хакім-Сенанның замандасы болған. Ол солардың шәкірті атанған. Ол солардың шәкірті болды. Дінбұзарлар мен надандар, исламға соққы жасаған кезде, Санжар сұлтан оларды жоюдың жанды зейінін тапты. Пайғамбардың дінге берілгендігі соншалықты, ол Мұхамед заңдарына қайшы ешқандай әрекет жасаған емес. Алтыншы ғасырда, Түркістандағы опасыздардың басып алуы, исламды есеңгіретті, бірақ Алла, жүз мың түрікке басшы Лар алқабында аса қадірлі Ибрагим Хаммавидің алдында дінді насихаттаған және «Құдайдан басқа-құдай жоқ, ал Мұхамед-оның елшісі» деген сөздерді айтқаннан кейін, құдайға сенушілердің қатарына енген, Хасан-ханды көтерді. Олардың келісімін алғаннан кейін, дінбұзарларды жер бетінен жойдырды, сол арада сенім қалалар мен аймақтарға тарады. Жетінші ғасыр, Мухаммед Худабанд аталып кеткен, Аргун-ханның ұлы, Альджайт сұлтанның сенімімен аталған. Бұл султан ағасының тағына мұрагер болғаннан кейін, қоғамдық жерлерде Аллаға ғибадат еткеннен кейін, пайғамбарға және оның ұрпақтарына сиынуды ұмытқан екен. Сонда, өзі ғибадат болып жатқан жерге барып, Мұхамед пен оның ұрпақтарына сиынудың қажеттілігін сұрады. Олар, Алланың өзі орнатқан сиыну, - деп бірауыздан жауап берді. Альджайт олардан, Мұхаммет басқалардың атына сиынғанда, олар неге ұрпақтары жайлы еске түсірмейді,-деп сұрады. Ешқандай жауап күтпестен ол, «Рұқсат етіңіз, бұл айырмашылықты екі жолмен түсіндіруге болады. Біріншіден, Мұхаммедтің дұшпандары, Отбар деп атаған, Алланың жазасына ұшыраған, ұрпақсыз болған, ал Мұхаммедтің ұрпақтарының көбеюі, тек Алланың әмірімен болып жатты.. Сондықтан, Құдайға сиына отырып отырып олар, ғибадат жасап болғаннан кейін, пайғамбардың атына дұға жасаған. Ал екінші себебі, салт-дәстүрлер. Мұхаммедтің діні өзгеріссіз және ғасырлар соңына дейін мәңгілік жасағанда, ғалымдар мен басқа пайғамбарлардың діни қаулылары өзгеріске ұшырап және жойылып, мәңгілік тіршілікте қалып жатқан жоқ. Міне сондықтан Аллаға сенімі бар, пайғамбардың ұрпақтары, өз ғибадаттарынан кейін, міндетті түрде пайғамбарды еске алып, оған мойын ұсынулар керек. Және баршамыз пайғамбарға сиынуды өз міндетіміз деп санауымыз керек. Сұлтан өз сөзін аяқтағанда, мешітке жиналған мұсылмандар, Мұхаммед (с.а.у.)-ға және оның ұрпақтарына арнап мінажат етті. Халық алдында сөйлеген сұлтанды барша мақұлдады. Содан кейін ол, әр жұма күні пайғамбардың құрметіне және оның ұрпақтарының құрметіне, еске алып намаз оқылуын жария етті. Және оның атына теңге жасап шығаруды бұйырды. Мир-Саид-Шерифтен осы хатты алғаннан кейін, мен Аллаға ризашылығымды білдірдім. Мен пайғамбарымыздан, жарлықтар мен заңдардың бекітілуін тіледім. Бұл хаттың түпнұсқасын мен, дін басқарушысына бердім. Ол астына, «ғасыр қаһарманы, Әмір Темір, дінді қайта жаңғыртуда оған ерекше рақымшылыққа ие. Ол өзінің мейірімді істерін адалдықпен арттырды, Алла, оның Өз ойын одан ары қарай дамытуды бұйыртсын» - деп жазды. Дін басшысынан бұл хатты алғаннан соң, мен пайғамбардың ұрпақтары мен дінге сенушілерге құрметпен қарауға тырыстым. Мен ислам дінінің таратылуына қамқор болдым және хаттың көшірмесін өзімнің шежірелеріме қосуды бұйырдым. Діннің қайта қалпына келуінде, менің мемлекетімнің азаматтық басқаруына заңдар мен қаулылар шығардым. Осы қаулылардың үлгісі:
Мен өз үкіметімді ислам дінінде, пайғамбарға сүйіспеншілікпен құрдым. Менің бұйрықтарым мен ережелерімнің күштілігі сондай, басқаруда өзіне қарсылас болмады.
Мен өз халқым мен жауынгерлерімді қорқыныш пен үміттің арасында ұстадым. Дұшпандарым мен достарымды, данышпан саясат, олардың қимылдарын өте сабырлы, қатты назарда және сақтықпен ұстадым. Менің қол астымнан пана іздеп келгендердің арасында, өзіме дос болып қалғандары да болды, өйткені мен оларға өзім қақор болдым. Өзгеремін дегендерді ешқашан өзімнен алыстатқан емеспін. Мейірімді немесе жауыздар да меннен пана тапты.
Мен ешқашан кекшілдікке жол берген емеспін. Мен өзіме қарсы болған дұшпандарымды, Аллаға тапсырдым. Мен өзімнің қол астымда, қайратты, жігерлі, сенімді жауынгерлерді ұстадым. Менің ортама пайғамбардың ұрпақтары, лауазымды адамдар қабылданды, ал жауыз сатқындарды ол жерден шектеттім.
Алла берген мейірімді пен қайырымды жан үшін, жауыздық пен кері тықсыру, маған сұмдық болып көрінді.
Менің діни кеңесшім маған былай деп жазды: «Темір оны Алла қолдасын, мемлекетті басқару, Алланы басқарған сияқты екенін ұмытпауың керек. Бұл басқаруда түрлі агенттер, қызметкерлер, депутаттар, күзетшілер бар, әрқайсысының өзінің басқармасы бар және олар ешқашан оны аттап баспайды. Әрдайым өз әмірлерің, агенттерің, қолбасшыларың, саған адал жандарды бақыла, олар өз үкіметінің шекарасынан шықпай – ақ, бойсынуға дайын болуы керек. Егер де сен, өзіңе адал жандарды өз тәртібіңмен қатал ұстасаң, бүлік пен қастандықты күт. Сен әрбір жанның және әрбір заттың өз орны бар екенін және әр нәрсенің шекарасы бар екенін ұғындыруың керек. Және олар соны білулері шарт. Сенің құзырыңдағы он екі сыныпқа бөлінген адамдар, сенің мемлекетіңнің сәні мен қолдаушың болады. Сау бол.» Мен дін кеңесшісінен осы хатты ала сала, ішінде жазылғандардың барлығын орындауға асықтым. Қаулылар Менің үкіметімнің негізі мен ұлылығы, он екі сыныпқа сүйенді. Мен оларды жұлдыздардың ортақ аты, Зодиак белгісі мен менің басқаруымның он екі айына теңедім. Бірінші сынып Пайғамбардың ұрпақтары, ғалымдар, ұйымдардың басшылары мен заңгерлерге менің есігім әрқашан ашық болды: олар менің сарайымның сәні болды. Мен, олармен, заң жүзінде тыйым салынған діни тәртіптерге қатысты, ғылым және басқару жөніндегі мәселелермен кеңесетінмін. Екінші сынып Кеңес бере алатын, нақтылыққа ие зиялы адамдар мен менің сеніміме ие болған данышпандар қарияларды өзіммен тең көрдім. Өйткені, олар менімен өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, маған көп рух берді. Үшінші сынып Мен, өзіне жеңілдік алу үшін жасырын түрде ғибадат жасайтындарды құрмет тұттым. Олар менің кеңесіме мұқтаж болды. Олардың бейбіт өмірде де, соғыс кезіндегі тілектері, маған жеңіс сыйлады. Өздеріне қарағанда, саны көп болған Тоқтамыс әскерлерінің алдында, жалтақтаған кездер болды. Сабдуарда тулған Мир Сиеддин, әрқашан Алла алдындағы мінажатын ұмытқан емес. Менің сарайымдағы қатты ауырып қалған әйелге, пайғамбардың он екі ұрпағы келіп, дұға жасағанда, сол әйел одан кейін тағы да он екі жыл аяғымен жүріп жүрді. Төртінші сынып Әмірлер, шайқылар, офицерлер менің алқамнан беделді орын алған, мен оларды лауазымдарына қарай өсіріп отырдым және олармен достық әңгіме құратын. Шайқастарда қылышын жалаңдатқан ер жүрек батырлар, менің достарым болды. Мен олармен соғыста тығырықтан шығу жолдарын кеңесіп, шештім. Оларға әрқашан сенім артып, кеңесіп отырдым. Бесінші сынып Әскерлер мен халық екеуі мен үшін теңдей болды. Ержүрек жауынгерлерге мен, шатырлар, арқан жіп пен қорамсақ бердім. Аймақтар мен патшалықтағы әскери адамдар мен азаматтармен өте жомарт болдым. Армия әрқашан соғысқа дайын болды, және өздерінің талаптарынан алдын-ала қамтамасыз етіліп отырды. Оларға берген сый- сияпаттар негізсіз болған жоқ. Румдармен болған соғыста оларға жеті жылға қамтамасыз еттім. Мен барлық жауынгерлерді сол орнында ұстап отыруға тырыстым, олардың ешқайсысы шекарадан шықпады және өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындайтын. Алтыншы сынып Мемлекетті басқаруда маған кеңес беретін данышпандардың арасынан, өзімнің құпия істерімді бөлісетін кеңесшілерді таңдап алдым. Жетінші сынып Уәзірлер мен хатшылар кеңестің сәні болды. Олар менің империямның айнасы болды. Олар жауынгерлер мен халықтың арасында блып жатқан уақиғаларды маған баяндап отырды. Менің байлығым мен әскерлерімнің қауіпсіздігінің қамын ойлаған олар, өздерінің ақылдылығымен, менің мемлекетіме төніп келетін бақытсыздықтан құтқарып отырды. Мемлеет қазынасын үнемді түрде жұмсай отырып, халық пен жер шаруашылығын қолдауға тырысты. Сегізінші сынып Мен өзімнің қарамағыма дәрігерлер мен астрологтарды шақырдым, өйткені олар мемлекеттің әл – ауқатының жақсаруына ықпал етті. Шебер дәрігерлердің арқасында мен, ауру адамдарға денсаулық сыйладым, ал астрологтар мені, жұлдыздардың бақытты және бақытсыз байланысымен таныстырды. Ал геометрлер (немесе архитекторлар) мен үшін түрлі ғимараттар салу жобаларын құрды. Тоғызыншы сынып Мен өзіме тарихшыларды шақырдым. Олардан пайғамбарлар мен қасиетті адамдардың өмірі туралы білдім. Олар маған дүние жүзіндегі патшалардың тарихын, олардың соғыста жеңіліс табу мен бақытсыздықтарының себептері туралыәңгімелеп берді. Ол билердің жіберген қателері маған үлкен сабақ болды. Олардан өткен ғасырдың тарихы мен жер жүзіндегі өзгерістер туралы білдім. Оныншы сынып Мен өз сарайыма және лагеріме, бейбітшілік және соғыс кезінде, армияға арналған қаруларды өз қалпында сақтап қалу үшін, әр түрлі шеберлерді шақырдым. Он бірінші сынып Мен өз сарайыма және лагеріме, бейбіт және соғыс кезінде әскерлерімнің қарулары өзқалпында болуы үшін, түрлі бағыттағы шеберлерді тарттым. Он екінші сынып Мен барлық мемлекеттер мен аймақтардағы жолаушыларға көмек қолын создым, саудагерлер керуен басыларына Хотанда, Қытайда, Үндістанда, Египет қалаларында, Араб, Сирия, Рума және Франк аралында ғана өте сирек кездесетін заттарды әкелулерін бұйырдым. Олардың маған шетелдіктердің тұрмыс жағдайларын әңгімелеп бергендерін қаладым.
