Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын. ажымхан Дипломды жмыс делген.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.86 Кб
Скачать

Қорытынды

Әмір Темір тарихтағы ерекше қарама-қарсылығы көп тұлға. Оның Орта Азия тарихындағы қызметіне қарай отырып біз оның тарихта көптеген із қалдырғанын білеміз, феодалдардың өзара қарқысымен мен феодалдық қырқысуларды жоюда, екінші жағынан сол кезеңде болмаған ірі құрылыстарды салғыздырумен ерекшеленген тұлға болды. Темір өзінің ерекше әскери ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді, күшті жігерімен мемлекет қайраткері ретіндегі ақылдылығымен көрінді. Сонымен қатар ол өз дәуірінің ұлы болды және ол үшін ол еш қашанда қынжылмады, сол дәуірден асып кетпеді. Туып келе жатқан классикалық феодалдық кезеңде өмір сүріп ол соның алға апарушысы бола алды. Әмір Темірдің мемлекетін, егер оның Орта Азиялық және Ирандық жағынан алып қарастырсақ, феодалдық иеліктердің бір орталыққа бірігуінен пайда болған мемлекет болды. Өте қаталдығымен Темір өзінің қол астына басып алған териториясын тегіс бағындырып, ұстады. Соғыс тарихында Темір ортағасырдағы Азиядағы ірі әскери қолбасшылар қатарына қосады. Оның әскери дарындылығы екі бағытта ерекше ашылды: армияны ұйымдастырылушылығы және қолбасшы ретінде. Темір өзі үнемі шексіз билікке ұмтылды, бірақ өзінің алдына қойған нақты мақсаты, белгілі бір жоспары болмады. Әмір Темір-қолбасшы, ірі мемлекет қайраткері XIV-XV ғасырдағы ерекше тұлға, дара тұлға ретінде белгілі. XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатайлар мемлекетінің батысында бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Үзіліссіз соғыстар әскерлердің өлімі елдің эканомикасының құлдырауына әкелді. XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатайлар мемлекетінің батысында бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Үзіліссіз соғыстар әскерлердің өлімі елдің экономикасының құлдырауына әкелді. Сауда жолдары қәуіпті болып ондағы керуендерді тонап және өте көп салықтар салды. Шаруалар өз иелерінен бау-бақшаларды, егіс далаларын тастап қаша бастады. Халық арасындағы наразылық күшейіп күреске шығу қауіпті болды. Осындай саяси қиын жағдайда Маверенахрдың ірі байлары мен көпестері халық-азаттық көтерілісін басатындай, қатал саяси үкімет билігін орната алатын тұлғаны іздеді. Ондай адамды олар барлас тайпасының шыққан бек Тарағайдың баласы әмір Темірден көрде. Өзінің әскери қызметін бастаған кезде Темір бірде бір байдың, екіншісінің соғыс кезіндегі қызметкері болып соларға қызмет етуден бастады. 1360-1361 жылдары Моғолстандағы Тоғлық-Темурға қызметке енді. Ол өзінің қол астындағы адамдардың қолдауымен қаталдығымен, ерлік күресімен билікке ұмтыла берді. 1370 жылы өзінің бақталасын Тоғлық-Темурмен болған шешуші күрестен соң ол Маверенахр жерінің бірден-бір билеушісіне айналды. Өзінің билігін нығайтқан соң ол күзетші жақтан елдердің територияларын басып алу үшін тонаушылық соғыстарын бастады. Оның жаулаушылығының біріншісі Хорезм елі болды. 1370-1389 жылдардың арасында ол Хорезм иеліктеріне төрт рет жорық жасады. Хорезмнің астанасы Үргенч және оның айналасындағы жерлер бос қалды. Темірдің отызбес жылдық билігі кезінде 1370-1404 жж ұлы империя құру үшін ол көрші жатқан облыстар мен територияларды, басқа елдерді жаулап алушылық соғыстарын жүргізді. XIV ғасырдың 70-90 жылдары Темір қазіргі Қазақстанның териториясына, атап айтқанда солтүстік Моғолстан жеріне бірнеше рет енді. Оның армиясы шығыста Шарын өзеніне дейін, Ілеге дейін, ал оңтүстікте Ферғана даласындағы Үргенчке дейін келді. Темірдің соғыс жорықтары жергілікті халықтың арасында үрей тудырды, ол өзінің талабын орындамаған жерлерде қалалар мен селоларды өртеп, әйелдерді балаларды өлтірді. Тұтқынға түскендерді құлға айналдырып Маверенахрге айдап әкеліп отырды, ондағы қала базарларында оларды сатуға кездесті. Моғолстан жерін талқандаған соң Темір енді Тоқтамысқа қарсы Дешті-Қыпшақ еліне жорыққа даярланды. 1391 жылы қаңтарда ол 200 мыңдық армиямен жорыққа атанды: Ясы, Сауран, Сары-Өзек, Ұлытау арқылы өтті. Сол жылдың маусым айында Самара облысының Құндызша деген елді мекенінде ірі шайқас болды. Ол жерде Тоқтамыс толық талқандалды. Ол өте мол байлықпен қайтып келе жатып жолында бейбіт өмір сүріп отырған Ақ Орданың ұлысының жерін талан-таражға салды. 1395 жылы Солтүстік Кавказ жерінде Терек өзенінің жағасында тағы Темір мен Тоқтамыс арасында жаңа шайқас болды. Осы жерде де Тоқтамыс жеңілді. Оны қуып жүріп Темір русь жерінің шетіне дейін барды, одан соң ол Алтын Орданың қалаларын талқандауға кірісті, Алтын Орданың астанасы Сарай Беркені басып алды, Паволжье мен Қырымның бай қалалары – Астрахан, Каффа, Азакты тонады. Әмір Темір мен оның ұрпақтарының тарихышылары кей жерлерде ақиқатты жасырып қалса да, кейбір оқиғаларды баяндауды бұрмаласа да, Темірдің жаулап алған жерлеріндегі озбырлығын бүкпей көрсетеді. Жалпы алғанда, Темір мен оның ұрпақтарына арналған шығармалардың ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеудегі басқа ортағасырлық шығыс мұсылман деректердің арасындағы алатын орны жоғары деуге де болады.