Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азіргі философияны даму жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.56 Кб
Скачать
  1. Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия

Көлемi кең шенбердiң iшiне (дк) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. Мифология –

1)адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы,

2)дүние,табиғат және адам жайында бiртұтас түсiнiк болып табылады,өйткенi онда сыртқы дүние мен адам,ой мен сезiм, бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея,объективтiк және субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады.

Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақал –ойғада,парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк — адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық — ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың,ТМанның,Ч.Айтматовтың т.б.әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған) Дiн-дк шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды,өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және «ғаламат күшке»сенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер — индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.).Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды 2)теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3)онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн шешедi.Алайда олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары да орасан зор,қандай