- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •Жалпы мәліметтер[өңдеу]
- •Құрылымы[өңдеу]
- •Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты[өңдеу]
- •Гибридома алу[өңдеу]
- •Жалпы мәліметтер[өңдеу]
- •Құрылымы[өңдеу]
- •19.Лимфо-миелоидтық жиынтығы бір жүйе ма, дәлелдеңіздер.
- •20.Бірінші реттік лимфоидты мүшелердің мағынасын дәлелдеңіздер. Лимфа түйіндерінің қызметі
- •Лимфа түйіндерінің дамуы
- •Лимфа түйіндерінің құрылысы
- •5 Сурет. Лимфалық түйіннің жалпы құрылысы.
- •6 Сурет. Лимфа түйінінің қабықтық заты.
- •Паракортикалдық аймақта өтетін жасушалық иммунитет кезіндегі иммундық үрдістердің дәйектілігі
Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты[өңдеу]
Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты – берілген арнайы антиденелерді түзетін шектеусіз көбеюші жасушалар клонын алу болды. Бұл мақсатты 1975 жылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн қалыпты лифоциттер мен миелоидты жасушаларды қоректі орталарда қосып, гибрид алған.
Гибридома алу[өңдеу]
Гибридома алу бірнеше кезеңнен тұрады: миелоидты линиясын алу; көкбауыр жасушаларын организмнен алу; дақыл алу үшін екі жасушаларды бір – бірімен қосу; жасушалар қосылғаннан кейін, клондарды алу. Осы кезеңдерді азоттық сулықта консервациялап, дайындайды.
Селекция арқылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн, керекті арнайылығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқы антидене өндіруші жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары ретінде) қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған. Осылай, гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дәл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуальды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырып клон алуға болады. Бұндай клон in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиделерді көп мөлшерде өндіреді.
Егер гибридома антиденелер синтездесе, оларды моноклонды антиденелер деп атаймыз. Тәжірибелерің көрсетуіне қарай, гибридомалар мен қолданған барлық жасушалар біркелкі антиденелер синтездеуін барлық параметрлер бойыншатбұл антиденелер абсолютті ұқсас, яғни моноклонды антиденелерді тек қана моноклонның өнімі ғана емес, сонымен бірге бұл біркелкі иммуноглобулиндердің таза препараты. Моноклонды антиденелер бір изотипке, бір аллотипке жатады және оларда бірдей өзгермелі аймақтары, құрамы және идиотипі болады. 1984 жылыдың ақпан айында Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн «in vitro» моноклонды антиденелер алудың гибридомдық технологиясын ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған.
Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы жедел лейкоздың түрін дифференциялауында қолданылады. Ісік метастаздарын анықтауда, жасушалық улармен конъюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірнеше түрінде арнайы емдеуде қолданылады. Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған моноклонды антиденелер дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа арнайы дәрілік препараттарды дайындауда өте перспективті.
15.Иммуноглобулиндердің қандай класы лимфада ең биік концентрациясымен кездеседі? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
16.Инфекциялардың қандай түрлерге қабыну белоктар белсенді түрімен қарсы тұрады? Шығу тегі мен қызметтері.
Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.
Инфекциялық үрдістің даму түрлері. Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай. Инфекциялық процесс — қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы. Инфекциялық үрдістің түрлері Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде) жедел созылмалы Бактерия тасымалдаушы: ау адамдар арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы аурудан кейін дамитын жедел (3 айға дейін) созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы) Латенттік ( жасырын, иннапарантты) Баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы, герпес инфекциясы) Инфекциялық үрдістің түрлері Инфекциялық ауру әртүрлі көріністермен байқалатын инфекциялық үрдістің жоғары дәрежесі. Байқалу көріністері клиникалық патоморфологиялық биохимиялық иммунологиялық Жұқпалы аурулардың даму циклі Инкубациялық кезең Клиникалық көріністер кезеңі алғашқы көріністері нағыз клиникалық көріністер Реконвалесценция кезеңі Аурудың соңы сауығуы созылмалы түрінде өту өлім Жұқпалы аурулардың диагностикалық принциптері Болжам диагноз: шағымдары,эпидемиологиялық мәліметтер,клиникалық көріністер Клиникалық диагноз: болжам диагноздың негіздеуімен лабараторлы зерттеу нәтижелері Қорытынды диагноз: клиникалық диагноздың негіздеуі, динамикада бақылау мәліметтер Клиникалық мәліметтерді анықтау. Науқастың шағымдары (субьективті белгілер) Сырқат анамнезі Обьективті көріністер Шағым жинау ерекшеліктері Шағымдар белсенді түрде анықталу керек Сырқаттың дамуын күн сайын, кейде сағат сайын анықтау Сырқаттың алғашқы белгілерінің пайда болу уақыты Сырқаттың басталу түрі ( кенеттен, біртіндеп) Продромалды кезең белгілері Клиникалық белгілердің пайда болуы мен реттілігі. Қолданылған дәрі-дәрімектер.
Қабыну (талаурау). Ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа-қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы. Негізгі белгілері: ісіну, қызу, қызару, ауыру және т. б. [1]
Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрдеазоты бар күрделі органикалық қосылыс.
