- •Этика пәні: анықтама беріңіз. Қаламқас әшірәлі
- •Жақсылық пен жамандық: салыстырмалық талдау жасаңыз райхан бәйімбетова
- •Ар мен ұяттың мәнін қарастырыңыз ақниет бекбосын
- •Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз гули жанәділ
- •Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениетті бағалаңыз асыл қанбаева
- •Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау жасаңыз арай тоқтарбай
- •Кадрлық менеджмент эволюциясын бағалаңыз назерке хамза
- •Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Қаламқас әшірәлі
- •Адам ресурстарын басқарудағы қызметкерлерді басқарудың қайта құрылуын бағалаңыз. Райхан бәйімбетова
- •Адам ресурстарын басқарудың екі әдісі: этикалық талдау жасаңыз ақниет бекбосын
- •Кадрлық стратегияны зерттеудің негізгі методологиясына баға беріңіз
- •Біліктілік түрлерін зертеудің негізгі методологиясын көрсетіңіз жания жәнібек
- •Менеджердің этикасы: этикалық талдау жасаңыз сапарайым қалшабек
- •Менеджердің қызметкерлер бойынша жұмысындағы іскери қарым-қатынасқа салыстырмалы талдау беріңіз асыл қанбаева
- •Менеджер кәсіби этикасының тарихи негіздерін көрсетіңіз. Эльмира құрмаш
- •Кәсіби қызмет мақсаттарын дәлелдеңіз. Арай тоқтарбай
- •Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикаға талдау жасаңыз. Назерке хамза
- •Қоғамдағы сәттілік феноменін талдап түсіндіріңіз қаламқас әшірәлі
- •Сәттіліктің өркениетті моделін түсіндіріп негіздеме беріңіз райхан бәйімбетова
- •Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстырып талдау беріңіз гули жанәділ
- •Сәтті адам мінез-құлқын модельделдеуге психологиялық талдау жасаңыз. Жания жәнібек
- •Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологияларына таладу жасап жүйелі ықпалда түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторының маңызын салыстырып талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Іскерлік қарым-қатынас психологиясын талдап түсіндіріңіз.Райхан бәйімбетова
- •Тілдік этикет, кәсіби және іскерлік этикетті жүйелік тұрғыдан талдаңыз ақниет бекбосын
- •Эмоцияны басқару психологиясы мен сәттілік феноменін өзара байланыстырыңыз гули жанәділ
- •Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстауды жүйелік талдап түсіндіріңіз
- •Жақсы (манера) әрекет: қонақ этикеті танымдық жүйеде түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Іскер қарым-қатынастағы конфликтілер талдау жасап түсіндіріп, психологиялық деңгейде өз тұжырымдамаңызды жасаңыз назерке хамза
Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау жасаңыз
Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Қаламқас әшірәлі
Қызметкерлерді басқару мәселелері компания басшылығы тарапынан көп көңіл бөлуді талап етеді. Бұл қазіргі таңда, әсіресе компаниялар басқарудың және жұмыстың тиімділігін арттырудың, соның ішінде еңбек ресурстарына салымдардың, анағұрлым жетілген әдістерін табуға тырысып жатқанда, өте маңызды. Кадр мәселелеріне жан-жақты қарау, соның ішінде еңбек және салық заңнамасын орындау мен қызметкерлерді басқару, компанияның табысты жұмысының айырылмас бөлігі болып табылады.
Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Адам ресурстарын басқарудағы қызметкерлерді басқарудың қайта құрылуын бағалаңыз. Райхан бәйімбетова
Адам ресурстарын басқару дегеніміз — кәсіпорынның, мекеменің адам ресурстарын басқаруы және жоспарлауы болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек түрлерінде «адам ресурстарын басқару» ұғымы кең мағынада, нақтырақ айтқанда, кәсіпорынның, мекеменің адам ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық және оперативтік іс-әрекеттері ұғымында қолданылады. Менеджерлер дүниежүзінде адам ресурстарын басқару проблемаларына тән жалпы ортақ көзқарастарды қалыптастырған. Түрлі кәсіпорындарда, әртүрлі елдерде, түрліше басқарушылық және корпоративті қоғамдарда, көзқарастардың өзара айырмашылықтарына қарамастан, озық кәсіпорындарда біршама ұқсас ортақ көзқарастарды ұстанады. Бұл көзқарастарды сәйкестіктеріне қарай аксиомалар деп қарастыруға болады. Өзінің басқару деңгейіне қарамастан, қызметкерді басқару тежірибесінде әрбір менеджер мына аксиомаларды білуі тиіс: кәсіпорынның кез-келген мәселесі адам рссурстарын басқару мәселесі болып табылады; кәсіпорын қызметкері — бұл тек кәсіпорын қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынға қызметке келушілер және қызметтен кетушілер; қызмет беруші мен қызметкерлердің мақсаттарында мен түсіністік пен жақындықтың болуы, — кәсіпорынның еңбек тиімділігін арттырудың ең қысқа жолы; адам ресурстарын басқару мәселесі — бұл салалық және кадрлық менеджерлер үшін ортақ мәселе; қызметкерлерді басқарудың әр уақытта стратегиялық (адам ресурстарын басқару) және оперативтік (қызметшілерді басқару) жақтары болады. Басқарудың қазіргі заманғы тәжірибесінде адам ресурстарын басқару саласында менеджерлерге бірдей түсінікті негізгі ұғымдар қалыптасқан. Кәсіпорынды басқару қызметінің бір түрі болып табылатын қызметкерлерді басқару жұмысының мазмұнына келесі мәселелер енеді: 1. кәсіпорынның әрбір қызметкерінің қызмет мазмұнына талдау жасау; 2. қызметшіге қажеттілікті жоспарлау; 3. қызметшілерді тандау, іріктеу, кандидаттар жайында мәлімет жинастыру; 4. қызметкерлерді жалдау және жұмыстан босату; 5. жаңа қызметкерлерді оқыту, бейімдеу және бағыт беру; 6. ақы төлеу және қызметкерлерді ынталандыру; 7. қызметкерді бағалау; 8. ұйымдағы қарым-қатынас; 9. оқыту, дамыту және қызметкер мансабын жоспарлау; 10. техника қауіпсіздігі. Менеджменттің бірінші аксиомасын ескере отырып, әрбір салалық менеджер қызметші менеджері де болып табылады деп айтуға болады. Өйткені, ол өзінің қарамағындағыларды күн сайын басқарып отырады. Солай бола түрса да, адам ресурстарын басқару мәселелерінде кадрлық және салалық менеджерлер арасында жауапкершілік пен міндеттерді бөлісуде шектеулер бар. Жалпы алғанда, қызметшілермен айналысатын мамандар жауапкершілігіне олардың арнайы білімдерін, тәжірибелерін және ақпараттық деңгейін ескере отырып, түрлі мәселелерге көзқарас білдіру, саясат, ережелер, стандарттарға талдау жасай білуі жатады деп есептеуге болады. .
