- •Этика пәні: анықтама беріңіз. Қаламқас әшірәлі
- •Жақсылық пен жамандық: салыстырмалық талдау жасаңыз райхан бәйімбетова
- •Ар мен ұяттың мәнін қарастырыңыз ақниет бекбосын
- •Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз гули жанәділ
- •Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениетті бағалаңыз асыл қанбаева
- •Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау жасаңыз арай тоқтарбай
- •Кадрлық менеджмент эволюциясын бағалаңыз назерке хамза
- •Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Қаламқас әшірәлі
- •Адам ресурстарын басқарудағы қызметкерлерді басқарудың қайта құрылуын бағалаңыз. Райхан бәйімбетова
- •Адам ресурстарын басқарудың екі әдісі: этикалық талдау жасаңыз ақниет бекбосын
- •Кадрлық стратегияны зерттеудің негізгі методологиясына баға беріңіз
- •Біліктілік түрлерін зертеудің негізгі методологиясын көрсетіңіз жания жәнібек
- •Менеджердің этикасы: этикалық талдау жасаңыз сапарайым қалшабек
- •Менеджердің қызметкерлер бойынша жұмысындағы іскери қарым-қатынасқа салыстырмалы талдау беріңіз асыл қанбаева
- •Менеджер кәсіби этикасының тарихи негіздерін көрсетіңіз. Эльмира құрмаш
- •Кәсіби қызмет мақсаттарын дәлелдеңіз. Арай тоқтарбай
- •Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикаға талдау жасаңыз. Назерке хамза
- •Қоғамдағы сәттілік феноменін талдап түсіндіріңіз қаламқас әшірәлі
- •Сәттіліктің өркениетті моделін түсіндіріп негіздеме беріңіз райхан бәйімбетова
- •Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстырып талдау беріңіз гули жанәділ
- •Сәтті адам мінез-құлқын модельделдеуге психологиялық талдау жасаңыз. Жания жәнібек
- •Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологияларына таладу жасап жүйелі ықпалда түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторының маңызын салыстырып талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Іскерлік қарым-қатынас психологиясын талдап түсіндіріңіз.Райхан бәйімбетова
- •Тілдік этикет, кәсіби және іскерлік этикетті жүйелік тұрғыдан талдаңыз ақниет бекбосын
- •Эмоцияны басқару психологиясы мен сәттілік феноменін өзара байланыстырыңыз гули жанәділ
- •Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстауды жүйелік талдап түсіндіріңіз
- •Жақсы (манера) әрекет: қонақ этикеті танымдық жүйеде түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Іскер қарым-қатынастағы конфликтілер талдау жасап түсіндіріп, психологиялық деңгейде өз тұжырымдамаңызды жасаңыз назерке хамза
Әділдіктің мәнін ашып көрсетіңіз
Ар мен ұяттың мәнін қарастырыңыз ақниет бекбосын
«Ар-намыс» «қадір-қасиет» «бедел» деген сөздердің мағынасы адамгершілік тобында өзара бір –біріне жақын сөздер екенін анықтайды. Олардың өзара айырмашылығын тек осы қасиеттерге дұрыс баға берілген кезде ғана көруге болады.
Ар-намыс –азаматтың немесе заңды тұлғаның қоғамдағы қатынасын анықтайтын және жеке тұлғаға берілетін әділ баға, бұл моральдік және тағыда басқа қасиеттеріне берілетін әлеуметтік баға
Қадір-қасиет – жеке тұлғаның ішкі өзі-өзін бағалауы, өзінің қасиеттерін, қабілеттерін, дүниетанымын, парызының орындалуын және өзінің қоғамдағы орнын түсіне білу .Өзін бағалау жеке тұлғаның әлеуметтік-маңызды критериясындағы бағалау моральдік және тағы басқа қасиеттерінің негізінде болу керек. Намыс жеке тұлғаның субъекті бағасын анықтайды.
«Ұят - жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.
«ұят кімде болса, иман сонда» деген – Абай отыз алтыншы қара сөзін ұсынады.Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық.
Бақыт ұғымы қалыптасуын көрсетіңіз
Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз гули жанәділ
Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.Бүкiл әлемнiң алтыдан бipiн алып жаткан алып империяға кiрген әр түрлi ұлт өкiлдерi, әрқайсысы өз шаңырағын көтеpiп, өз ошағынан түтiн түтетiп жатқан осы шақта қазақ ата ұрпақтарының қамсыз қалуы, бiрiншiден, өзiңнiң, екiншiден, ұрпағыңның, үшiншiден. ата-баба аруағының алдында кешiрiлмес күнә болар едi.
Парыз деген қасиеттi сөз барлығымызға да өткенге бас июге, тiршiлiк үшiн күресуге, болашақты ойлауға мiндеттейдi.
Парыз алдында адал болайық, ағайын.
Парызға адалдық тәуелсiз ел болып қалуыңды, ұлт ретiнде бостандықта болуыңды қамтамасыз етедi.
Miнe, ағайын, өз елiңдi өзiнiң ұлттық мәдениетi бар, сұратпай танылатын өзiндiк келбетi бар ел ретiнде көргiң келсе, азаматтык парызыцды адал аткар.
Парызына адалдын, ары таза. Адам баласы коғамдық, әлеуметтік, пендешілік өмірде қарыз бен парыздың басқа түрлері көп. Солардың бірін мен «игілік парызы» (игіліктің өтемі) деп атадым. Адамның адамға істейтін жақсылықтарының бәрі – игілік, ізгі тірлік. Қоғамның дамуы да, адамдардың өркендеп өсуі де, мерейі артып алға басуы да – бәрі-бәрі сол адамдардың бір-біріне көрсететін көмегіне, жасайтын қамқорлығына, үйренетін ұстаздығына т.б. толып жатқан игілікті істеріне байланысты. Ондай игілік алдында әр азамат бас иіп, өзін парыздармын деп санағаны абзал.Б. Момышұлының парыз туралы бір топ ойы берілген. Осыны пайдалана отырып, түйіндеме жазу тапсырылады.
● Парыздан жарқын жарық жоқ. ● Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ. ● Парыз – жан рухы, жүректің жүрегі. ● Парыз – арман мен даңқ асқары. ● Парыз – адал берілгендік тамыры. ● Парыз – ержүректің рухы.
