- •Этика пәні: анықтама беріңіз. Қаламқас әшірәлі
- •Жақсылық пен жамандық: салыстырмалық талдау жасаңыз райхан бәйімбетова
- •Ар мен ұяттың мәнін қарастырыңыз ақниет бекбосын
- •Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз гули жанәділ
- •Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениетті бағалаңыз асыл қанбаева
- •Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау жасаңыз арай тоқтарбай
- •Кадрлық менеджмент эволюциясын бағалаңыз назерке хамза
- •Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Қаламқас әшірәлі
- •Адам ресурстарын басқарудағы қызметкерлерді басқарудың қайта құрылуын бағалаңыз. Райхан бәйімбетова
- •Адам ресурстарын басқарудың екі әдісі: этикалық талдау жасаңыз ақниет бекбосын
- •Кадрлық стратегияны зерттеудің негізгі методологиясына баға беріңіз
- •Біліктілік түрлерін зертеудің негізгі методологиясын көрсетіңіз жания жәнібек
- •Менеджердің этикасы: этикалық талдау жасаңыз сапарайым қалшабек
- •Менеджердің қызметкерлер бойынша жұмысындағы іскери қарым-қатынасқа салыстырмалы талдау беріңіз асыл қанбаева
- •Менеджер кәсіби этикасының тарихи негіздерін көрсетіңіз. Эльмира құрмаш
- •Кәсіби қызмет мақсаттарын дәлелдеңіз. Арай тоқтарбай
- •Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикаға талдау жасаңыз. Назерке хамза
- •Қоғамдағы сәттілік феноменін талдап түсіндіріңіз қаламқас әшірәлі
- •Сәттіліктің өркениетті моделін түсіндіріп негіздеме беріңіз райхан бәйімбетова
- •Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстырып талдау беріңіз гули жанәділ
- •Сәтті адам мінез-құлқын модельделдеуге психологиялық талдау жасаңыз. Жания жәнібек
- •Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологияларына таладу жасап жүйелі ықпалда түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторының маңызын салыстырып талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Іскерлік қарым-қатынас психологиясын талдап түсіндіріңіз.Райхан бәйімбетова
- •Тілдік этикет, кәсіби және іскерлік этикетті жүйелік тұрғыдан талдаңыз ақниет бекбосын
- •Эмоцияны басқару психологиясы мен сәттілік феноменін өзара байланыстырыңыз гули жанәділ
- •Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстауды жүйелік талдап түсіндіріңіз
- •Жақсы (манера) әрекет: қонақ этикеті танымдық жүйеде түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Іскер қарым-қатынастағы конфликтілер талдау жасап түсіндіріп, психологиялық деңгейде өз тұжырымдамаңызды жасаңыз назерке хамза
Сұрақтар
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәніне анықтама беріңіз.
Этика пәні: анықтама беріңіз. Қаламқас әшірәлі
Этика пәнінің адам зертттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орны ерекше. Себебеі : Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған
Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
теориялық этика;
нормативті этика;
эмпириялық этика.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Жақсылық пен жамандық: салыстырмалық талдау жасаңыз райхан бәйімбетова
Жақсылық — адамгершілік пен имандьілықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүлдесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігінайқындайды. Бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында жиі қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) өзгешеліктерімен байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соңды шыққан орыс және төл тіліміздегі психологиялық сөздіктерде орын алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғылықты зерттелмегенінің айғағы
Жақсылық пен жамандық — жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. “Мұхаммед (с.ғ.с.): ...кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36). Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас”. Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт Ата, Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Абай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.
