- •2. Адамға дүниенiн iшкi мәнiн үңiлуге, табиғаттың, қоғамның, тухани өмiрдiң даму заңдылықтарың бiлуге, адам санасының ең жоғары бейнелеу формасы- ғылыми абстракциялық, теориялық ойлау көмектеседi.
- •4. Бiлiм бұл еске түсiру. Платон.
- •Ұғымның мағынасы[өңдеу]
- •3.Конфуцийдің әлеуметтік –адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымды салыстырыңыз
- •4.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •Территория рекламы
- •5.Қайта өрлеу Дәуірі философиясының антропоцентризм және пантеизм ұғымдарына сүйене
- •XVI ғ. Утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті т.Мордың шығармаларымен байланысты.
- •6.Сократқа дейінгі Антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп негізгі ойды түсіндіріңіз
- •Мазмұны
- •[Жасыру]
- •7.Философиялық дүниетанымның мифологы мен діннен айырмашылығы қандай
- •Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •3.Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз
- •8.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігі
- •XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия
4. Бiлiм бұл еске түсiру. Платон.
Бiлiм- күш. Бэкон.
Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды, гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi (эффективность) қаншалықты адам нақты дүниенi барабар (адекватно) бейнелейтiне байланысты болады.
Әдеттей бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық (күнделiктi), көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл ой парассатылыға, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығы мен және абстракцияланау мен, фактiлердi терең түсiну мен зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен (проникновением) ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiн дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.
Таным теориясында дихтомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны онай айыруға болады (эксплицитировать). Бұл бiлiм объективтендiрiлген, интериориалған, әлеуметтiленген юолып келедi. Оны практикалық және теориалық әрекетте онай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген (декларативно) және процедуралық болып табылады: нақтылық туралы белгiлi бiр мәлiметтердi бар болуымен шектелмейдi, сонымен қатар объектiнi қалай және қандай ғып өзгертуге болады. Нақты емес бiлiмдер (неявные) рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiнң иесi мен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнiн белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жұрыс-тұрыс моделi болып табылады (архетиптер т.б.). Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр, көп жағдайда адамның тiршiлiгiн айқындайтың.
Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден (мнение) айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiн аралығында орналасқан бiрдене. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда (предел) тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр- нақты емес, рас емес те болады. Дихтомия “бiлiм-пiкiр” антика кезенiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр (шынайы емес бiлiм ретiнде) адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм шi, тек мүмкiндiктерi шексiз, құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлмегендiк те емес, ол екеуiнiң арасындағы орналасқанның өзi. Бұл-өзгермелi, жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, аойлау- мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болады, солай ойлау пiкiрге қатысты” . Қазырғы заманда, екiншi тәсiлге жақын, бiлiм- растылықпен теңдестiрiледi, пiкiр- расталған емес, дәлелдеудi қажет ететiн мен. Пiкiр- сезiнбегенiшкi тәжiрибенiң, индивидуалды тұлғалы бiлiмнiң, интуицияның салдары болып табылатын субъективтi сенiмдiлiкке негiзделген болып келедi. Сондықтан да, бiр объектiге қатысты әр-түрлi пiкiрлер айтылу мүмкiн. Пiкiр үнемi тұлғалық “түсте” , сипатта болады. Ол, әлi өзiнiн объективтiлiгiн таппаған, субъективтi көзқарас, субъективтi баға деп қаралады.
Философияда дихтомиядаң басқа да “бiлiм-сенiм” деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнеңн айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша сенiм- эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды (положение) қабылдау.
Адам “Мен ананы, мынаны бiлемiн” деп бекiткенде- бұл, айтқаның растылығы эмпирикалық жолмен дәлелденген, немесе бұрын расталынып айтылған негiздерге сүйенiп отырған белгiлi бiр пiкiрлердiн салдарың бiлдiредi. Егер айталған жайында бiреу күмәнданса, оны тексеру арқылы жоюға болады. Бiрақ мұнда келесi мәселе туады: егер рационалды қайта-қарау (переработка) барысында алынған бiлiм басқа бiлiммен дәйектелген болса, онда алғашында алынған бiлiм өзi де басқа бiлiммен дәйектелiну керек. Басқаша айтқанда, әр бiлiмнiң нақты расталған дәйектемесi басы болу керек. Бiрақ бұл “бастаманы” қалай дәйектеуге болады? Оның дәйектiлiгiн растайтын не болады? Жауап бiр: бұл “бастаманың” растылығын тек “бастаманың бастамасы” дәлелдейдi. Солай ол шексiздiкке кетедi. Бұл шексiз процестi тек белгiлi бiр, алдын-ала расталмаған “бастаманы” мойындау арқылы ғана шешуге болады, оңы сенiмге алып. Сонда, егер бiлiмнiң растылығына күмәндәнуға болу мүмкiн десек және оны дәйектеу процестерi арқылы жойюға болады (ол сынға зерек “восприимчивый”) десек, онда сенiм оның ахуалдарың (положения) еш күмәнсiз қабылдауды қажет етедi, мүмкiн болатын күмәндәрдiң өзiн алып тастап, еш сынды қажет етпейдi. Мұнда сенiм бiлiмге қарама-қарсы болып келедi. Тағы бiр олардың айырмашылықтары, сенiм адамның тiршiлiгiнiн эмоционалды-психологиялық мағыналы мәтiне (контекст) өте тығыз байланысты.
Мәселе: “Мен ештене бiлмейтiнiмдi бiлемiн” деген нақыл сөз (афоризм) бәрiне де жақсы белгiлi. Бұл қағида не болып табылады: бiлiм, пiкiр немесе сенiм бе? Өз жауаптарынды дәлелдендер.
|
Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады бұл жағдайда сенiм дiни (догмаларды) қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық ұайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.
Сенiм адамның бүкiл өмiрiнiң серiгi. Адамның мақсатталған әрекеттерiнде: еңбек құралдарың жасауда, олармен жұмыс iстеуге үйренуде, ол үнемi еңбектiн жақсы нәтижесiне, оның практикалық құндылығына сенедi. Адамның “заттық әлем” бар дегенге сенiмi, ол көп түрле деген сенiмi, оны танып бiлуге итермелейдi, өз болмысын жақсартып, игiлiгiне жаратуға мүмкiндiк бередi. Сенiм ғылыми танымның да элементi болып табылады. Бiлiмнiң бастамасы ретiнде кейбiр жайларды сенiмге алу қажет. Математика үшiн бұл- аксиомалар, физикада- қағидаттар (постулаты), гуманитарлық бiлiмде- алғы шартты жүйелер (аксиомалардың бастамасы ретiнде Евклидтiң классикалық геометриясы Ньютонның классикалық физикасына сәйкестелiнедi; ал Лобачевский, Больяи, Риманның аксиомасы- евклидтi емес геометрияға әкелiп, Ньютонның классикалық емес физикасына сәйкестелiнедi).
Таным процесiнде адам әр-түрлi бiлiмдер алады, бiрақ ол әрдайым не бiлетiнiң түсiнеме ? Мысалы, әр адам телевизордың пультiнiң қай кнопкасына басу керек екенiң бiледi, ал әр адам бұл дистанционды процесс қалай өтетiнiң бiлеме? Немесе студен белгiлi бiр қағиданы жаттап алып, оны практикалық жұмыста қолдана алмайды, өйткенi ол оны түсiнбейдi. Және кейбiр жағдайларда “түсiну” терминiң кейбiр бiлiмдерге қатысты қолданған орынсыз, мысалы адам өз қаласын, тұратың көшесiн т.б. жақсыбiле алады; бiрақ мұнда бiлiм туралы айтқан жөн бе?
Соымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну-бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну- дегенiмiз бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiну дi бiлдiредi, бұл аналитикалық философияға тән, жалпы әленiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн түсiну, бұл герменевтикаға тән, текстiнiң жеке элементтерiне жалпы текстi түсiну. Герменевтика ұсынатын тәсiлдер (процедуралар): интерпритация-түсiнiктемелеу (граматикалық- сөздер мен сөйлемдерге анализ жасау, стилистiк- метафоралар, салыстыру, гиперболалар, тарихи- текстiн, автордың пайда болу кезенi, психологиялық- шығарманың авторының сезiмдiк-эмоционалды күйi), реинтерпритация, конвергенция, дивергенция т.б.
Философияда түсiнудiн келесi анықтамасы бар- әлеуметтiк практиканың нормативтi-құндылық жүйелер негiзiнде шындықты түсiну процедурасы. Мұнда түсiну адамның рухани-практикалық тәжiрибесiнiң нәтижесi деп алынады. Сондықтан да түсiну әлеуметтiк процесс болып табылады және онда тұлғанын белсендi қатысуы қажет.
5. Адамның алған бiлiмдерi оныс есiнде “жүк” ретiнде қалабермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүене отарып, адам бағдар (ориентируется) жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терен емес болу да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiнде қауып тудыруда мүмкiн.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.
Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр адамдар пенделi” және “Сократта адам”. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы; “Бiздiн факультетiмiздiң студенттерiнiң кобi мұғалiм болғылары келедi ” бiрнеше топтардаң пiкiртерiм негiзiнде алыңған. Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол белгiсiз бiрдене туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетiге тырысқан пиғыл (намерение) болып табылады, ондаадасушылық әдейi емес бiлiидi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Мысалы, философия мен ғылымдарда көптеген уақыт бойынша геоцентiрлiк теория қолданды, немесе биологияда тұқымдық қасиеттердi жеткiзуде жоғары молекулярлы белок қосындылары алады беп есептелдi (бiрақ сонғы он жылда клеткаларға дейiн тiршiлiктiн алғышарттары нуклейiн қышқылдары (ДНК,РНК) және белок емес, кiшi молекулалардың “динамикалық ойындары”, ол кейбiр металдардың (темiр, мырыш-цинк, алюминий, никель, мыс-медь) иондары, сера-күкiрт, фосфор, азоттың қосындылары, және аминоқышқылдар мен көмiрсутектердiң- углеводы бiраз органикалық молекулалары). Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп. Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.
Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.
3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.
2.Көне үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып “джайнизм”және *будда*ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді. Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер[өңдеу]
Вайшешика[өңдеу]
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя[өңдеу]
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Йога[өңдеу]
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса[өңдеу]
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теориямен қатар қарастырылады.
Санкхья[өңдеу]
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта[өңдеу]
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер[өңдеу]
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
Азаптану.
Азаптанудың себебі.
Азаптанудан босану.
Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм[өңдеу]
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Санат:
