Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 НЯК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.21 Кб
Скачать

«Спецификалық емес жаралық колиттің диагностикасы және жоспарлы түрде науқасты госпитализациялау»

Клиникалық есебі бойынша жауап эталоны

Қадамдарды бағалау критерилері

Жауап эталоны

1

Анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қамтылды ма?

толықтығы, талдап тексеру, ата аналарының аурулары, тамақтанудағы әдеттері, жаман әдеттері

2

Физикалық тексеру: жалпы қарау

Науқасқа ауру сезім мен геморрагиялық синдромның пайда болу себептері мен оларды басу әдістерін айтты, перкуссия және аускультацияны талдады.

Іші желденген, жиек ішекті, соқыр ішкті, сигма ілмегін пальпациялаған кезде ауру сезіммен, спазмдалған

3

Алдын ала диагнозды қою

Спецификалық емес жаралы колит, активті фаза, ауырлығы орташа дәрежеде.

4

Зерттеу жоспарын тағайындау

ЖҚА, ЖЗА, ҚБХ

Ректороманоскопия

Копрограмма

Тоқ әшектің шырышты қабатының биопсиясымен бірге жүргізілген колоноскопия

5

ЖҚА, ЖЗА, ҚБА көрсеткішін талдау

Нормохромды анемия 1 дәрежеде, ретикулоцитоз, лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған – қан ағудың белгісі болуы мүмкін (ішектік), жедел қабынулық үрдіс.

6

Тік ішекті саусақпен зерттеу

Оң қолға резеңкелі қолқап киіп, вазелинмен сұқ саусақты жағу, ақырындап анусқа кіргізу, науқасқа күшеніп, максимальды босаңсуды сұраймыз, саусақ кезек кезек ішектің жарты шеңберін тексеріп шығады.

7

Ректороманоскопияны талдау

Шырышты қабаттың ісінуі, гиперемия, қан тамырлы сурет жоқ, ұсақ нүктелі геморрагия, контактты қанталау.

8

Копрограмманы талдау

Ішектік қан ағудың көріністері, айқын колит көріністері

9

Колоноскопия және тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясы нәтижелерін талдау

Эрозивті колит.

10

Қорытынды диагнозды талдау

Спецификалық емес жаралы колит, субтотальды түрі, активті фазасы, орташа ауырлықта.

11

Емдеу тактикасы

Асқыну кезеңін ауруханада өткізеді

12

Ауруханаға рәсімдеу

  • Гастроэнтеролог кеңесі

  • АМСК ұйымының статистикалық қызметінен аймақтың науқас таңдаған барлық ауруханаларындағы бос төсек резерві жайлы мағлұмат сұрау

  • Регистрация мен мониторинг мақсатымен электронды немесе қағаз/факсом тасымалдаушыда ауруханаға жатқызуға мұқтаж науқас жайлы госпитализация бюросына мағлұмат жіберу.

  • Бос профильды төсек орын болған жағдайда дәрігер нөмірін және күнін көрсетіп жолдама ресімдейді

  • Ауруханадан күнін растау келген соң, талонды жасап шығарып, науқасқа береді

  • Науқас госпитализация талонынан басқа өзімен бірге алатын құжаттары: науқастың амбулаторлы картасынан көшірме, эпид айналасы жайлы справка, жасалған екпелері жайлы көшірме — мұның барлығы бөлімше меңгерушісің мөрі мен емхананың мөрімен расталу керек. Қосымша осы құжаттарға барлық анализ және барлық жүргізілген зерттеулер қосылуы керек (приложение №1)

  • Баланың құжаттарының көшірмелері

13

Ауруханадан шыққан соң қабылданатын ем

Емдәм –механикалық және химиялық қорғану. СЖК тағам суда немесе әлсіз ет немесе балық сорпаларында әзірленуі керек. Науқас тәулігіне 4-6 рет тамақтануы керек. Жедел кезінде тамақтануында ақуыз мөлшерін көбейту керек, 65-70% ақуыз жануар тағамдарынаналынуы керек. Тамақтануға ішектің моторикасын төмендететін заттар мен тұтқырлағыш заттар бері керек. Ол кисель, қаражидек, кизил, мойыл, алмұрт және айва. Науқас жасыл және қызыл чай ішуі керек, суда қайнатылған какао, шырышты консистенциялы сорпалар мен ботқалар, алайда қарақұмық боткасын беруге болмайды, өйткені ол ішек перистальтикасын күшейтеді. Тағам жылы күйінде берілуі керек.

Емді гастроэнтерологпен бірге бақылау керек

14

Профилактика жөнінде кеңес беру және көмекші терапия

Ем ұзақ уақыт жүргізіледі (бір жыл немесе одан аса)

Консервативті ем тиімді болмаса, ота жасалу тағайындалады, көбінесе – проктоколэктомия.

Диспансеризация

15

Қадағалаудың мерзімі мен жиілігі

Гастроэнтеролог, ЖТД жылына 1 рет, қажет болса жиірек. Өмір бойы қарау

16

Басқа мамандармен қаралуы

Хирург консультациясы, онколог қажет болса

17

Зертханалық және басқа да диагностикалық зерттеулердің атаулары мен өткізу жиілігі

Жалпы қан анализі, копроскопия, жасырын қанға нәжіс жылына 1 рет. Жалпы белок және белок фракциялары, электролиттер, трансаминаза, сілтілі фосфатаза, билирубин, холестерин, бетта-липопротеидтер, қалдық сынама – мүмкүндік болса.

Ректороманоскопия көздемелі биопсиямен және колонофиброскопия жылына 1 рет

18

Диспансеризацияның тиімділігінің көрсеткіштері

Айқын ремиссия. Дисплазия мен малегнизацияны ерте анықтау.

19

Ұсыныстар

Сүт тағамдары, сахароза жоқ, ақуыз, дәрумен, микроэлементтерге бай емдәм. Медикаментозды ем – көрсеткіштермен.

20

Науқаспен қарым-қатынас орнатып қорқыныш сезімін жою.

Стимуляцияның жабдықталуы:

  1. Ректороманоскопияға арналған муляж

  2. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге (науқасқа) арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері

  3. ЖҚА талдауы

  4. Копрограмма

  5. Тоқ ишектин шырыштын колоноскопия мен биопсиямен сипаттау

  6. Фонендоскоп

  7. Аурухана жатқызу талоны

  8. Амбулаторлы картасынан жазбасы

  9. Эпид айналасы жайлы справка

  10. Жүргізілген екпелері туралы жазба

Жағдайы:

Оқу бөлмесі – қабылдау бөлмесі

  1. Ана мен балаға арналған үстел -3.

  2. Кушетка – 1

  3. Дәрігерге үстел-1

Қайта өңдеген: асс. каф. ПМСП Аманкуловой Ж.С.

Рецензенттер атвы жөні: Профессор Бегимбетова Р.С., доц. Карибаева Д.О.

Источники:

  1. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1 / под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с

  2. Протоколы диагностики и лечения МЗ РК https://diseases.medelement.com/

  3. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2009 года № 860 «О создании Республиканского и регионального бюро госпитализации».

  4. Подростковая медицина: Руководство. 2-е изд.\Под ред.Л.И.Левиной, А.М.Куликова. СПб: 2006, - 544 с.

  5. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.

  6. Общая врачебная практика : диагностическое значение лабораторных исследований: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 176 с.

  7. Общая врачебная практика : неотложная медицинская помощь: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 112 с.

  8. Амбулаторная медицина. Б.Мовшович. 2010

  9. Приказ МЗ и СР №183 от 31.03.2015 г. «Правила проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности». 

  10. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года №907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения». 

ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 21.01.2016ж.

Страница 9 из 9