Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 НЯК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.21 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

АЛҒАШҚЫ МЕДИКО – САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КАФЕДРАСЫ

2015 ҚБ ЖТД ҮШІН МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯ СЦЕНАРИІ

2015 – 2016 Оқу жылындағы жтд бағытында дайындау үшін 7 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі (2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)

Клиникалық есеп: Спецификалық емес жаралық колиттің диагностикасы және жоспарлы түрде науқасты госпитализациялау (ұзақтығы 15 мин)

Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға анасы 13 жасар баласымен келді.

  • Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеру

  • Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

  • Диагноз қойыңыз

  • Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

  • Сұрастыру және науқасқа физикалық тексеріс жасаңыз.

  • Аурудың клиникалық диагностикасын білу.

  • Ақпаратты диагностикалық әдістерді білу және колоноскопияның нәтижелерін талдау.

  • Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

«Спецификалық емес жаралық колиттің диагностикасы және жоспарлы түрде науқасты госпитализациялау» клиникалық жағдайы бойынша

Бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау белгілері

Балмен бағалау

Дұрыс орындады

Дұрыс орындамады

Орындамады

1

Анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қамтылды ма?

1,0

0,5

0

2

Физикалық тексеру: жалпы қарау

1,0

0,5

0

3

Алдын ала диагнозды қою

1,0

0,5

0

4

Зерттеу жоспарын тағайындау

1,0

0,5

0

5

ЖҚА көрсеткішін талдау

1,0

0,5

0

6

Дұрыс жүргізу

1,0

0,5

0

7

Ректороманоскопияны талдау

1,0

0,5

0

8

Копрограмманы талдау

1,0

0,5

0

9

Колоноскопия және тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясы нәтижелерін талдау

1,0

0,5

0

10

Қорытынды диагнозды негіздеу

1,0

0,5

0

11

Емдеу тәсілі.

1,0

0,5

0

12

Ауруханаға дайындау

1,0

0,5

0

13

Ауруханадан шыққаннан кейінгі ем

1,0

0,5

0

14

Профилактика жөнінде кеңес беру және көмекші терапия

1,0

0,5

0

Диспансеризация

15

Қадағалаудың мерзімі мен жиілігі

1,0

0,5

0

16

Басқа мамандармен қаралуы

1,0

0,5

0

17

Зертханалық және басқа да диагностикалық зерттеулердің атаулары мен өткізу жиілігі

1,0

0,5

0

18

Диспансеризацияның тиімділігінің көрсеткіштері

1,0

0,5

0

19

Ұсыныстар

1,0

0,5

0

20

Науқаспен қарым-қатынас орнату. Медициналық манипуляция орындау кезінде толық өзін ұстау және сенімді көрсету.

1,0

0,5

0

ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ

Максимальді балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: шырышпен іркілген, жиіленген нәжіс. Қан талшықтарымен, үлкен дәрет алдындағы іш аймағындағы ауыру сезімі, тәбеттің төмендеуі, арықтау, температураның жоғарылауы, шаршағыштық.

Сұрақтың мәні

Актер үшін сұрақ құрастыру

Актердің жауабы

Ауру сезімін нақтылау

Ауру сезімі қандай

Іштегі ауру сезім, оң жақта көбірек, тартып, шаншып ауырады, жедел емес.

Тәулік бойындағы ауру сезімінің пайда болуы.

Қай уақытта ауру сезімі пайда болады ?

Көбінесе үлкен дәрет алдында.

Қосымша диспепсиялық бұзылыстар.

Құсу, лоқсу болады ма?

Жоқ.

Ауру сезімі қандай жағдайда басылады?

Ауру сезімі қандай жағдайда басылады?

Үлкен дәреттен кейін 15-20 мин кейін басылады.

Ауру сезімінің пайда болу ұзақтығы.

Алғашқы ауру сезімі қашан пайда болды?

Іш аймағындағы ауру алғаш рет екі ай бұрын пайда болды.

Диареяның ұзақтығы.

Бала қанша рет үлкен дәретке отырады , қанша уақыттан бері іші өтеді?

6 айдан бері бала іркілген,шырышты жиіленген нәжіспен үлкен дәретке отырады, куніне 5-6 рет

Геморрагиялық синдромның пайда болуы.

Нәжісте қан қашаннан бастап пайда болды?

Соңғы 2 аптада нәжісінде кейде қан жолақтары кезіккен, алайда соңғы 2 күнде нәжісіндегі қан ұйынды сипатты және тұрақты.

Жанұялық анамнез.

Ата-анасының біреуінде осындай симптоматика кездеседі ме?

Жоқ.

Емдеудің нәтижелілігі.

Қандай препараттар қабылдадыңыз?

Фуразолидон, бифидум және лакто бактериялары бар дәрілік препараттар қабылдаған – әсерсіз

Дәрілік аллергия.

Дәрілік аллергия болды ма?

Жоқ, байқалмады. Сәбіз, цитрусқа, сиыр сүтініің ақуызына аллергиясы бар.

Қабылдау кезінде

Науқасқа түсіндіру:

  • қойылған диагноз

  • тағайындалған зерттеулердің жүргізілу мақсаты

  • дәрілік препараттарын қалай қабылдауы керек (тағайындалса)

  • диспансеризация не үшін қажет («Д» есепке алынса) және денсаулық мектептеріне бару

Анамнезінде: бала 13 жаста. 2 ай бойы сұйық, жиілеген, тәулігіне 5-6 ретке дейін шырыш қосылған нәжіс мазалайды, соңғы 2 аптада нәжісінде кейде қан жолақтары кезіккен, алайда соңғы 2 күнде нәжісіндегі қан ұйынды сипатты және тұрақты. Оң мықын асты аймағындағы ауру сезімі, жиі үлкен дәрет алдында, тәбеттің төмендеуі, арықтау, температураның жоғарылауы.

Амбулаторлық ем фуразолидон, бактериофаг, пробиотик препараттары – нәтижесіз.

Бала мерзімінде туылған, жанұясында бірінші, 6 айға дейін табиғи тамақтанған. Өсіп жетілуі жасына сай. Күнтізбелік жоспар бойынша проф. егу қабылдаған. Сәбіз, цитрусқа, сиыр сүтінің ақуызына аллергиясы бар.

Объективті: бойы 145 см, салмағы 33 кг. Дене бітімі нормостеникалық. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты және шырышты қабаты таза, бозарған. Өкпесінде тыныс везикуілярлы, сырыл жок. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. Ішінде газ көп, тоқ ішек бөлігі пальрация жасағанда ауру сезімі болды, сигма және соқыр ішек бөлігі спазмалы. Нәжісі тәулігіне 6 ретке дейін, қан мее шырыш қосындыларымен. Кіші дәреті қалыпта.