Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч прогр ГЭК ХТОВ каз 15-16++++.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.83 Кб
Скачать

2. 1 Химиялық технология процестерінің теориялық негіздері

Масса мен энергияның сақталу заңдары. Материалдық баланстар. Термодинамиканың бірінші заңы (энергияның сақталу заңы). Жылу және қозғалыс мөлшерінің баланстары. Термодинамикалық тепе-теңдіктің заңдары. Термодинамиканың екінші заңы. Процестердің өту жылдамдығы және қозғаушы күші. Тепе-теңдік теңдеулері.

2.2. Гидромеханикалық процесер мен аппараттар

Сұйық орталарда араластыру. Араластырудың түрлері. Араластырудың қарқындылығы және тиімділігі. Механикалық араластыру. Сұйықтың араластырғышы бар аппараттарда қозғалысы. Араластыруға жұмсалған энергия шығыны. Араластырғыштардың конструкциялары, олардың сипаттамасы және таңдау. Пневматикалық араластыру. Газ шығынын және қысымын анықтау. Циркуляциялық араластыру.

Сұйықтарды тасымалдау. Насостардың классификациясы (көлемдік және динамикалық). Насостардың негізгі параметрлері: өнімділік, тегеуірін, энергия шығыны, п.ә.к. Көлемдік және динамикалық насостар, олардың салыстырмалы сипаттамасы және қолданылу салалары. Сұйық берілуінің графиктері. Ортадан тепкіш насосты жүйе тармақтарына жұмыс істеуі, жұмыс нүктесі. Насостарды іске қосу және тоқтату. Насостардың конструкциялары (поршенді, ортадан тепкіш, өстік, тісті доңғалақты және т.б.).

Газдарды тасымалдау және сығу. Газдарды тасымалдау және сығу машиналарының классификациясы. Сығу дәрежесі. Көлемдік п.ә.к. және өнімділік. Машиналардың негізгі түрлерінің конструкциялары (поршенді, ортадан тепкіш және т.б.).

Газдарды тасымалдау және сығу машиналарының салыстырмалы сипаттамасы, олардың қолданылу салалары.

Сұйықты және газды әртекті жүйелерді ажырату. Әртекті жүйелердің негізгі сипаттамасы және классификациясы. Әртекті жүйелерді ажыратудың негізгі әдістері және олардың экологиялық мәні.

Ауырлық күшінің өрісінде ажырату. Тұндыру. Тұндырғыштардың түрлері және оларды есептеу.

Қысым айырмасының әсері арқылы ажырату. Сүзу. Тұнбалардың түрлері (сығылатын және сығылмайтын). Сүзу жылдамдығы және оның негізгі факторларға (қысым айырмасынан, температурадан, тұнба структурасынан) байланыстылығы. Сүзгілердің түрлері. Сүзгілерді есептеудің негіздері.

Сұйықты әртекті жүйелерді ажырату үшін қолданылатын негізгі сүзгілердің конструкциялары (сүзгі-престер, барабанды және т.б.). Газды әртекті жүйелерді ажырату үшін қолданылатын негізгі сүзгілердің конструкциялары (жеңді, түйіршікті қабат және т.б.). Ортадан тепкіш тұндырғыш және сүзгі.

Циклонды процесс. Ажырату факторы. Центрифугалау. Центрифугалардың түрлері. Негізгі мерзімді және үздіксіз әрекетті тұндырғыш, сүзгіш центрифугалардың конструкциялары. Центрифугалардың өнімділігін және центрифугалауға жұмсалатын энергия шығынын есептеу.

Газдарды электрлі өрісте тазалау. Негізгі электр сүзгілердің түрлері (құбырлы және пластиналы).

Газдарды сұйықтармен тазалау және сұйықты пайдаланатын аппараттардың негізгі түрлерінің конструкциялары (табақшалы, насадкалы және т.б.).

2.3. Жылу процестері мен аппараттары

Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері. Жылу жеткізу әдістерінің классификациясы. Жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптар. Су буымен және жоғарғы температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту. Ыстық сұйықтармен ысыту. Оттық газдармен ысыту. Электр тогымен ысыту.

Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері. Жылуды алып кету әдістерінің классификациясы. Сумен және төмен температуралы сұйық салқындатқыш агенттермен салқындату. Ауамен салқындату. Химиялық өндірістердегі су айналымдарының циклдары.

Жылу алмастырғыш аппараттар. Негізгі бетті жылу алмастырғыштардың классификациясы және конструкциялары (қаптама құбырлы, ирек құбырлы, пластиналы және т.б.). Араластырушы жылу алмастырғыштардың конструкциялары. Жылу алмастырғыштарды жобалау және тексеру мақсатымен, есептеу, олардың оптималды режимдерін анықтау.

Буландыру. Буландыру және оның қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Буландыруды жүргізудің әдістері. Бір корпусты және көп корпусты буландыру қондырғылары. Екіншілей буды термокомпрессиялау арқылы буландыру. Буландыру қондырғыларындағы температуралық шығындар. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғыларының материалдық жылу баланстары. Температуралардың пайдалы айырмасын аппараттарға бөліп тарату. Көпкорпусты буландыру қондырғысындағы аппараттардың шектік және оптималды сандары. Көпкорпусты буландыру қондырғыларын есептеу.

Буландыру аппараттары. Буландыру аппараттарының негізгі түрлерінің конструкциялары (табиғи және еріксіз циркуляциялы, қабықшалы, жанарғы батырылған және т.б.)