- •Бағдарлама мазмұны
- •Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы
- •Көмірсутекті шикізаттарды алғашқы өңдеу технологиясы. Мұнайды өңдеудің бағыттары және ғылыми негіздері
- •Мұнай көмірсутек шикізатын бөлу және алғашқы өңдеудің негізгі әдістері
- •Көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеу технологиясы. Екінші қайта өңдеудің термиялық процестері
- •Мұнай фракцияларын өңдеудің термокаталитикалық процестері
- •Мұнайды өңдеудің ағындық жүйесі және төмен қайнаушы фракцияларын өңдеу процестері
- •Химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары
- •2. 1 Химиялық технология процестерінің теориялық негіздері
- •2.2. Гидромеханикалық процесер мен аппараттар
- •2.3. Жылу процестері мен аппараттары
- •2.4 Масса алмасу процестері және аппараттары
- •3. Хө Еңбекті қорғау
- •Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары
- •3.2 Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы және өндірістік санитария
- •3.3 Қауіпсіздік техникасының инженерлік негіздері
- •3.4 Өрттің алдын алу және өртті сөндіру негіздері
- •3.5 Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік ғимараттар мен үймереттерді жобалағанда еңбекті қорғау талаптары
- •Әдебиет
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Химиялық технология кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Қ.Жұбанова атындағы АӨМУ ректоры
профессор___________КК.Кенжебаев
«_____» _____________20_____ж.
5В072100-«ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
мемлекеттік емтихан БАҒДАРЛАМАсы
Ақтөбе – 20 __ ж.
Бағдарлама 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының үлгілік оқу жоспарының талаптарына сай, пәндердің үлгі оқу бағдарламарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.
Орындаушылар: х.ғ.к., аға оқытушы Убайдулаева Н.А., аға оқытушы Айжарикова А.К., х.ғ.к., доцент Тастанова Л.К., оқытушы Махамбетова Ж.К.
Бағдарлама Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.
Хаттама № 5 «29» 12. 2015 ж.
Сын-пікір берушілер:
Дильмагамбетов С.Н. – х.ғ.к., М. Оспанова атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Химиялық пәндер» кафедрасының профессоры
Орынбасар Р.О. – х.ғ.к., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Мұнайгаз ісі» кафедрасының меңгерушісі
АЛҒЫ СӨЗ
Мемлекеттік квалификациялық емтихан тапсыру кезінде студент келесідей білім көрсету керек:
жалпы химиялық профильді (бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия) базалық пәндерден;
жалпы инженерлік профильді (жалпы химиялық технология, химия өндірістерінің негізгі процестері мен аппараттары, химия өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау) базалық пәндерден;
кәсіптендіру пәндерінен (көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері, органикалық заттардың химиясы мен физикасы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы, жобалау негіздері және кәсіпорын жабдықтары);
технологиялық схемалар құру, қалдықсыз технологиялар жобалау, сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды таңдау принциптерін;
салалық және кәсіпорын экономикасы, өндірісті ұйымдастыру, жобалау және басқару негіздерінен.
Мамандық бойынша мемлекеттік квалификациялық емтихан тапсыру кезінде студент келесідей біліктіліктер көрсете білу керек:
өндірістің технологиялық схемасын таңдау және құру;
өндірістің тиімді технологиялық режимін таңдау;
берілген физикалық-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері бар өнімдер алуға негізгі аппараттар мен қосалқы жабдықтарды есептеу және таңдау;
өндірістің материалдық және жылулық ағындарын есептеу, жеке жағдайларда ЭЕМ қолданумен;
өндірістің экологиялығын бағалау, түзілетін қалдықтарды утилизациялау шараларын қарастыру;
техникалық шешімдердің экономикалық эффективтілігін бағалау;
еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын жобалау.
Бағдарлама мазмұны
Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы
Көмірсутекті шикізаттарды алғашқы өңдеу технологиясы. Мұнайды өңдеудің бағыттары және ғылыми негіздері
Мұнай өңдеу және мұнайхимия өндірісінің даму тарихы, негізгі бағыттары мен келешегі. Мұнай өңдеу және мұнайхимия өндірісінің жаңа, өнімділігі жоғары, үнемді технологиялық процестерін жасау және меңгеру.
Отын өндірісінің даму тарихы. ҚР және шет елдерде мұнай мен газды өндіретін және өңдейтін негізгі аймақтар.
Көмірсутекті заттардың пайда болуының заманауи түсініктері, олардың құрамы мен қасиеті; мұнай, газ, көмірдің пайда болу заңдылықтары; мұнайдың хмиялық және технологиялық классификациясы мен мұнай өнімдерінің тауарлық сипаттамалары.
Мұнай мен газды өңдеуге даярлау процестерінің технологиясы. Табиғи және ілеспе газдардың құрамы. Мұнайдағы қоспалар және оларды тасымалдау мен өңдеуге әсері. Газдарды кептіру және күкіртсіздендіру. Мұнайды газсыздандыру және тұрақтандыру. Мұнай кешенініде мұнайды жинау, сусыздандыру және тұзсыздандыру. Мұнайды сорттау. Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес. Мұнай эмульсиясының түрлері және оларды бұзу әдістері. Мұнайды сусыздандыру және тұрақтандыру процесінің теориялық негіздері.
Мұнай көмірсутек шикізатын бөлу және алғашқы өңдеудің негізгі әдістері
Мұнай мен газды айдаудың теориялық негіздері. Біртіндеп және бір рет буландыру. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтары. Мұнайды бір- және көпсатылы айдау әдістері. Вакуумда, қысыммен, су буының қатысуымен, буландырғыш агентті қолдану арқылы айдау. Азеотропты және экстрактивті айдау. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтар. Алынатын әдістердің қолдану аймақтары.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының сыныптамасы. Мұнайды алғашқы айдаудың бір- және көп сатылы құбырлы қондырғылары. Мұнайды атмосфералық және атмосфералы-вакуумды айдау қондырғыларының технологиялық схемасы. Мазутты вакуумды айдаудың технологиялық схемасы. Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының негізгі аппараттары жылуалмастырғыштар, пештер, колонналар, конденсатор салқындатқыштар, реакторлар, сепараторлар, газгольдерлер, электродегидраторлар, насостар.
Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының аппараттары, олардың түрлері мен негізгі технологиялық көрсеткіштері. Мұнай мен газды алғашқы өңдеу процесінің аппараттары мен жабдықтары.
Ректификациялық колонналар мен қолданылатын табақшалар түрлері. Ректификациялық колоннаның материалдық және жылулық тепе-теңдігі. ИТК, ОИ қисығын тұрғызу. Колоннаның температуралық режимін реттеу әдістері (қысымы, температурасы және төменгі бөлігіне жылу беру әдістері).
Вакуум жасаушы құрылғылар. Адсорбция, десорбция және тұрақтандыру процестерінің колонналарының ерекшеліктері. Колоннаның негізгі өлшемдерін анықтау.
Жылуалмастырғыш аппараттар, классификациясы мен түрлері. Жылу алмастырғыштың түрін таңдау және есептеу. Жылуды регенерациялаудың көрсеткіштері.
Конденсаторлар мен салқындатқыштар, конструкциялық ерекшеліктері мен салқындатушы агенттер.
Құбырлы пештер, классификациясы, температуралық режимі, жылу тепе-теңдігі, технологиялық есептеу элементтері.
Мұнай мен газды өңдеудің заманауи өндірістік қондырғылары; АҚ, ВҚ және АВҚ қондырғыларының түрлері мен қолданылуы; мұнайды алғашқы өңдеуге арналған ЭСТҚ-АҚ, ЭСТҚ-АВҚ құрама қондырғылары, алынған өнімдердің классификациясы мен тауарлық сипаты.
