Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
танау жне ерін айнасыны жыртылуы, анытау, емдеу..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323.42 Кб
Скачать

Ауру тарихы №

«05 » сәуір 2016 жыл

Тіркеу

Мал иесі және оның мекен жайы: Сейфуллин Т. С. Шығыс Қазақстан обылысы Тарбағатай ауданы Жәнтікей ауылы 1 квартал 16 үй.

Мал туралы мағлұмат: Ұрықтандыру мақсатында қолданылады.

Жасы: 4 Түрі – түсі: қызыл ала

№ 095789497 Лақап аты: Геркуллес

Тұқымы: герефорд Салмағы : 750кг

Емді бастау мерзімі: 25. 03. 2016 ж.

Емді аяқтау мерзімі: 31. 03.2016 ж.

Болжау : Танау айнасының жыртылуы Емделген күн саны : 7

Толықтырылған диагнозы : танау айнасының жыртылуы.

а) негізгі ауру диагнозы: танау айнасының жыртылуы.

б) қосалқы : диагноз қойылмады.

в) асқыну: жоқ.

Малды емдеуге алдым: 25. 03. 2016 ж

Анамнез. Anamnesis vitae – мал таза тұқымды, тұқым қуалаушылық аурулары жоқ; осы шаруа қожалығында өсірілген; ұсталуы жартылай байлаулы, тұратын жері ағаш бетоннан, зоогигиеналық параметрлері сақталған, норматив көрсеткіштеріне сай; төсеніші опилкалы; нәжісті тазалау жартылай автоматтандырылған, үнемі; күнделікті рацион екі мезгіл, пассивті; күтімі жеке емес; азықтандырылуы егіндік сұлы, егіндік қара бидай, қызылша, сүрлем берілген, негізі сапалы азықтан тұрады, витамин және микроэлементтермен байытылған қоспалар беріледі; суару топтап астаудан беріледі, судың сапасы зоогигиеналық экологиялық нормативтерге сай; етті бағытта пайдаланады.

Anamnes morbi –Мал иесінің айтуы бойынша 24. 03. 2016 ж. Бұқаның танау пердесі жыртылған. Малға бір ай бұрын танау айнасына сақина кигізген. Осы сақина бұқа су ішіп тұрған кезде мал шошып үркіген кезде танауындағы сақинасы науаның ілгегіне ілініп мал басын тартып қалғанда танауын жыртылып кеткен. Малға ешқандай ем шаралары жүргізілмеген.

III. Жалпы зерттеу:

Температура: + 38,5С Тамыр соғысы: 78

Қан қысымы: Дем алысы: 20

Габитус: Дене бітімі қимыл қозғалысы бұзылған. темпераменті жабырқау, мінезі асау.

Қоңдылығы: Жоғары. Денесінің кеңістігі жағдайы: жабырқау, мінезі асау.

Конституциясы: Тығыз.

Тері және тері асты клетчаткасы: Тері: бүтіндігі бұзылмаған; серпімділігі сақталған, беткейі тегіс; температура әр жерде әртүрлі танау айнасы ысыған, ал құлақтары суық, симметриялы; ылғалдылығы қалыпты; иісі спецификалық; әлсіз байқалған; түсі әлсіз қызыл; тері асты майлы клетчаткасы жақсы;

Тері жабындысы: қалың; біркелкі; жылтыр (каудальді бөлігінде нәжіспен былғанған); түлеп тұр; эластикалығы сақталған;

Мүйіз,тұяқ қалыпы: барлық аяқтарының тұяқтарының бүтіндігі бұзылмаған, ауырсыну жоқ;

Лимфа түйіндері :

жауырын алды: ұлғаймаған; серпімдімді; ауырсыну жоқ;

шап безі: ұлғаймаған; серптімді; жергілікті температурасы қалыпты;

жақ асты: сәл ұлғайған; серптімді; жергілікті температурасы сәл байқалады;

Көз конъюктивасы мен шырышты қабықтар:

конъюнктива: ақшыл қызылдан көкшіл қоңырға ауысады; бүтіндігі сақталған; тегіс; секреция сақталған;

танау: пигменттелген; бүтіндігі бұзылған; жыртылған пердесі танау қуысына жабысып қалған, аз мөлшерде серозды қан аралас сұйық аққан;

ауыз: пигменттелген бүтіндігі бұзылмаған; тегіс; бөтен денелер кездеспейді; ылғалдылығы орташа, сілекейдің бөлінуі қалыпты;

V. Жүйелерді зерттеу:

Қан айналу жүйесі: Артерияның соғысы: ырғақты, ырғақсыз, жүйелі емес; жүрек соғысының өзгешелігі: өзгерссіз.

Венаны тексеру: қанмен толуы: толық: жұмсақ; мөлшері: орташа; күші: орташа;

Тыныс алу жүйесі:

Жоғарғы тыныс алу жүйесі:

танау қуысы: танау пердесі жыртылған;

танаудан аққан сұйықтық: екі жақты, аздап қан аралас сұйықтық бөлініп тұр,

ауаның шығуы: екі жақты қиындау, жылы, күші ақырын, иісі спецификалық;

қосалқы қуыстар: терісі қозғалмалы; конфигурация бұзылмаған, симметриялы; пальпация кезінде: жергілікті температурасы көтерілмеген, ауырсыну жоқ, сүйек негізі қатты; перкуторлы дыбыс– тимпаниялық топасталған;

жұтқыншақ: басының ұстауы қалыпты; ұлғаймаған, жергілікті температурасы көтерілмеген; ауырсыну жоқ, шеміршектер деформацияланбаған. Ішкі зерттеу жүргізілген жоқ;

трахея: томпаю, ауырсыну, жергілікті температурасы көтерілмеген; шеміршегі қалыпты;

жөтелу рефлексі: қалыпты, анда санда, қысқа, ауырсынусыз;

қалқанша безі: көлемі қалыпты,ауырсыну жоқ,тегіс.

Кеуде қуысы: симметриялы; пальпация кезінде ауырсыну жоқ, қабырға мен қабырға аралық бұлшық ет зақымданбаған, вибрация, шулар байқалмады; дем алу типі косто-абдоминальді.

дем алу қозғалысы: аритмиялы, минутына 78/мин,, ентігу жоқ;

Өкпе шекарасы. Сол жағынан – 11–і, оң жағынан - 10–і қабырға аралығы; жауырын-иық буыннан екі жақтан – 8-і қабырға аралығы.

Дем алыс шулары: дем алу везикулярлы, жиілеген.

Ас қорыту жүйесі:

Тәбеті, шөл: аздап нашарлаған,су қабылдауы нашарлаған;

Азықты қабылдау, жұтуы, шайнау, ішуі: нашарлау; азықты жасқаншақтап шайнайды, патологиялық дыбыссыз, аздап бар. Жұтыну қалыпты.

Кекіру, құсу, күйіс қайтару: азықты шайнауы қиындаған, азық қабылдағаннан соң 25 мин соң; күйіс қайтаруы нашарлаған;

ауыз қуысы, тісі, еріні: Кілегейлі қабаты зақымданбаған, сілекейдің бөлінуі қалыпты, қызыл еті өзгеріссіз. Тілі қалыпты, зақым жоқ. Тістері қалыпты орналасқан,зақымдары жоқ,ауырсыну жоқ.

Өнеш пен жұтқыншақ: басының ұстауы қалыпты; ұлғаймаған, жергілікті температурасы көтерілмеген; ауырсыну жоқ.Ішкі зерттеу жүргізілген жоқ;

қарын: қалыпты; асимметриялы (сол жағы шығыңқы мес қарын орн.); ауырсыну жоқ.

алдыңғы қарыншақтар:

мес қарын: аш бүйірі қалыпты толған; пальпация кезінде тығыздалған; консистенция жұмсақ; азық массасы бар. Жиырылуы 2-3 рет/мин. Жиырылуы қалыпты .

жұмыршақ: қатты ауырсыну байқалмады

кітапша: қатты ауырсыну байқалмады:

ұлтабар: қатты ауырсыну байқалмады, перистальтиксы ақырындап.

Ішектер:

жіңішке ішек: ауырсыну жоқ,перистальтика қалыпты, периодты.

Тоқ ішек: ауырсыну жоқ,перистальтика қалыпты, периодты.

Бауыр: пальпация кезінде оң жақ соңғы қабырға астынан бірақ шыққан, ауырсыну бар, консистенциясы тығыз;

Дефекация: Нәжіс бөліуі қалыпты, консинтенсиясы қалыпты.

Зәр шығару жүйесі:

Бүйрек тұсы: пальпация кезінде ауырсыну байқалмайды;

Бүйректер: ректальді зерттеу кезінде сол жақ бүйрек түспеген, ұлғаймаған, беті бұдыр, консистенциясы қатты;

Қуық.қалыпты ісіну жоқ; консистенсиясы серпімді;

Зәрді бөлуі: қалыпты позада, аздаған, ауырсынусыз;

Жүйке жүйесі:

жалпы жағдайы: жабырқаулы

Бас қаңқасы және омыртқа жүйесі: пальпация кезінде ауырсыну жоқ, температурасы жоқ; деформация жоқ; сүйектері қатты; контурлы линиялары симметриялы; қисаюы жоқ; сезімталдығы сақталған;

сезімталдығы (беткейлі,терең): тактильді ауырсыну сақталған не өзгерген; рефлекстері сақталған; терең рефлекстері (ахиллов) сақталған.

Қозғалғыш аппарат:

қозғалысы: еріксіз, депрессиялы.

жүйке-бұлшықет тонусы: қалыпты;

Вегетативті жүйке жүйесі: көз – жүрек рефлексі бойынша Даньини- нормотония (пульс төмендеуі 60 уд./мин).

көруі: екі жақтан сақталған; қабақтарының орналасуы қалыпты, бүтіндігі бұзылмаған, ауырсыну жоқ;қасаң қабық кілегейлі қабаты ақшыл бозарған, симметриялы,көз қарашығы өзгеріссіз.

Иіс сезуі: екі жақты қалыпты.

естуі: қалыпты,екі жақты,ауырсыну жоқ, өзгерістер байқалмайды, аққы жоқ.

дәм сезу: сақталған.

Жыныс мүшесі: Ен бауы мен күпегінде ешқандай қанталаулар ісінулер байқалмады.

Арнайы зерттеулер (қанды зерттеу, рентген, УД т.б): Арнайы зерттеулер жүргізілмеді.

IV. Патологиялық ошақты жазу: Ауру бұқаның танау пердесі аймағында қанның іздері ұйындылары байқалды, танау пердесінің жыртылған жері танау тесігінің қабырғысына жабысып қалған, жарақаттанғанына бір күн болғандықтан ешқандай іру, шіру процестері байқалмады. Танау айнасы ісініп домбыққан, танаудың зақымданған аздап жеріннен серозды сұйықтық бөлініп тұр.

V. Диагноз. Танау пердесінің жыртылуы.