- •Курстық жұмыс
- •Жоспары
- •Әдебиттерге шолу.
- •Танау аймағының топографиясы.
- •Ауру тарихы №
- •III. Жалпы зерттеу:
- •Бақылау және емдеу кестесі (курация). Ауруды ағысы мен жасалған емі туралы күнделік.
- •Эпикриз
- •4.Қорытынды және ұсыныс.
- •5. Қолданылған әдебиеттер.
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы
- •Танау пердесіне сақина салынған бұқалар.
- •Танау пердесі жыртылған бұқа.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
«Ветеринариялық медицина» кафедрасы
Хирургия пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бұқалардың танау айнасының жыртылуы, емдеу.
Орындаған: аты – жөні: Советов Ж. Т
Мамандығы, тобы: Ветеринарлық медицина ВМ – 201
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Бағасы __________ Қолы ___________ Күні _____________
Семей 2016
Жоспары
Кіріспе
Әдебиеттерге шолу
Негізгі бөлім (өзіндік зерттеу)
3.1 Аурудың тарихы
3.2 Бақылау және емдеу кестесі (курация)
3.3 Эпикриз
Қорытынды және ұсыныс
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе.
Ел басы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту сапалы мал өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық – түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті. «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса мыңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртартандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарды – сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды жалғастыру» - деп атап өтті. Міне осы тұрғыдан қарағанда болашақта елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселе шешіледі. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге көптеген міндет пен талап қойылуда. [1]
Шет елдерде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін маманға, еңбек өнімділігі ең төмен елдерде жылына бір жұмысшыға 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 – 70 мың долларды құрайды екен. Бұл дегеніміз еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту керектігін меңзейді.[1]
Осы алға қойылған мақсаттарға жету үшін, дамыған , дамыған 30 мемілекеттің ішіне кіру үшін, еліміздің әр саласын дамыту керек, соның ішінде ауыл шаруашылығының алатын орны ерекше. Осы ауыл шаруашылығын көтеруде жоғары білімді, тәжірбиелі мал дәрігерлерінің қосар үлесі өлшеусіз. Сол мамандарды дайындауда оқу жоспарындағы пәндер мен ғылымдарының кез келгенінің алатын орны ерекше, әрі маңызы зор. Соның ішінде хирургия пәнінің алар орны ерекше. Хирургия пәнінен біз операция жасалу жолдарын, күрделілігін, тігу жолдарын, қолданылатын аспаптардың ерекшелігін, оларды залалсыздандыру жолдарын және операция жасар алдында және операциядан кейінгі асқынуларды болдырмас үшін, өзімізге жеңіл болуы үшін қолданылатын анестезия және залалсызданыдратын дәрілердің түрлерін қолдану әдістерін үйретеді. [1, 3, 5 ]
Әдебиттерге шолу.
Бас аумағындағы жарақаттар жылқылар мен иттерде жиі, басқа жануарларда сирек кездеседі. Жарақаттанудың түріне және жарақаттаған кұралға байланысты, олар кесілген, тесілген, соғылған, жыртылған, оқ тиген және аралас түрде (мысалы, соғылған - кесілген және т. с.) болуы мүмкін. [5, 7, 10]
Кесілген жараларда көбінесе бастың жұмсақ тканьдары - тері, шандыр, мускул, тамырлар, нервтер және сүйек қабығы жараланады; тесілген жаралар көбінесе ауыз не мұрын қуыстарына және жақ буындарыныңқуысына қарай өткен түрде болады; соғылған және оқ тиген жараларда сүйек қабығы мен бас сүйектері жарақаттанады; жыртылған жараларда көбінесе танау, езу, еріндер, қабақтар және құлақтар жарақаттанады. [5,7,10, 13]
Барысы. Негізінен болжамы жақсы. Бастың терісі мен бұлшық етерінің аз қозғалатындығынан және қанның жақсы қоректендіретіндігінен бастағы жаралар көбінесе тез жазылады, дегенмен аурудың барысы жарақаттанудың түріне байланысты болады. Бәрінен де кесілген жаралардың барысы қолайлы өтеді, олар көбінесе бірінші жабысу жолымен жазылады, бірақ бет нервісі кесілген кезде оның паралич болып қалуы мүмкін. Тесілген жаралар инфекцияланады, сондықтан олардың барысы қолайсыздау өтеді. Егер сүйек ткані бұзылса, соғылған және оқ тиген жаралар да баяу жазылады. Ми жарақаттанған кезде аурудың барысы қолайсыз өтеді, ондай жануарларды сояды не етке жарамаса өлтіріп, көміп тастайды.[5,7,10,13]
