Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын ШПОР.ПСИХ. КУ.АДИС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.63 Кб
Скачать

69.Сабақ жоспарының негізгі мазмұны.

Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу. Бір сабақты жоспарлау-мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.

70.Білімгерлердің оқу әрекеті нәтижесін бағалау.

Студенттердің оқу мотивтері олардың бағыттылығына және дәрежесіне байланысты; мотивациялық аймақтың иерархиясына байланысты; жеке мотивтердің өзара келісімділігі мен үйлесімділігі бойынша; мотивтердің тұрақтылығына байланысты; мотивтердің әрекеттері мен олардың мінез-құлыққа тигізетін әсері бойынша сипатталады. Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:

- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;

- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;

- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;

- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;

- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;

- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;

- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;

- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну тенденциясы;

- студенттің өзін-өзі тану үрдісінің адекватты болуы.

71.Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.

Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.

Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

72.Әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасау. Әдебиетпен жұмыс жасау.Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

73.ЖОО-да білім беру процесіндегі дамыта оқытудың маңызы. Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

74.Практикалық сабақтарда тапсырмалар түрлері. Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.

75.Білімгерлердің оқу мотивациясы. Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол – оқыту процесіндегі мотивация. Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.

76.ЖОО-да білім беру процесіндегі белсенді оқыту әдістерін пайдалану.

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.[1]

77.Бірлескен топтық іс-әрекет әдістері Топтық — топішілік қатынас бірлігі, ортақ құндылықтар, өзара қарым-қатынастарды тиімділеу мәселелерін реттеу, құрылымдау процесі. Балалар ұжымында топтық ықпалдастық қоғамдық пікір мен ішкі ұжымдық адами қатынастар көріне бастаған кезден бастап пайда болды. Топтық динамика әлеуметтік психологиядағы зерттеу бағыттылығы: әр түрлі топтардағы пайда болу, функционалдығы және даму үрдістері. Топтық іс-әрекет — адамдардың іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі. Топтық іс-әрекет мақсатына қарай: ұжымдық әрекет, біріккен әрекет, бірге жасалған және бірмезгілдік әрекет деп бөлінеді.[1]

78.Пікір-талас семинар сабағында қолданылатын әдіс ретінде Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде• тиянақты білім;• қиялдау мен шығармашылық;• тез тіл табысу;• белсенді өмірлік көзқарас;• командалық рух;• жеке; дербестік құндылық;• өз пікірін білдіру, еркіндік;• іс - әрекетке ерекше назар аудару;• өзара сыйластық дағдылары дамиды

Әдіс түрлері: Ойын түрлері; Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;  Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау; Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету); Оқыту мәселелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]