Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын ШПОР.ПСИХ. КУ.АДИС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.63 Кб
Скачать

60.Топ жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: • Білім алушы тұлғасының Өзін- өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау. • Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық жағдайлар жасау • Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс -әрекетке икемді тұлғаның өзін -өзі анықтауы және өзін іс- жүзінде көрсете білуі

• Өзара бірлескен қарым -қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым -қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіру Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері : • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту • Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру • Оқушылардың шығармашылық Іс- әрекетін қалыптастыру • Сыныптағы жүйелік Жұмысты ұйымдастыру • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру • Салауатты өмір салтын қалыптастыру

• Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :

• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру • Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру

• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру • Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну

• Оқушыларды әлеуметтік қорғау • Ата- аналармен жұмыс

61.Оқытудың белсенді сипаттары

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері Оқытудың негізгі сипаттары: -екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді; -қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі; -танымның ерекше үдерісі; -тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы; -басқарушылық. Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие және педагогиканы оқыту үдерісіне қатысты. Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу. 7-суретте оқыту үдерісінің құрылымы берілген.

62.Психология пәні оқытушысына негізгі қойылатын талаптар

Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар «Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз» (Л.Толстой) Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет. Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

арық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар: • мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі • білім беру жүйесінің сапалылығы • мұғалімнің кәсіби шеберлігі Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]