Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын ШПОР.ПСИХ. КУ.АДИС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.63 Кб
Скачать

58.Психологияны оқыту процесінде бақылау жургізуді ұйымдастыру

Оқу процесін бақылау әдісі – бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.

Сабақ процесін жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі.Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалынды деген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.

59.Психология курсында семинарды ұйымдастыру.

Семинар» сөзі латынның «seminarium» - екпе жер дегенді білдіредң.

Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі (А.М. Матюшкин бойынша):

- кәсіби ойлаудың дамуы; - танымдық мотивация; - оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану; - білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас.

Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас.

Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға, дискуссияларға бағдарлау керек.

Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады.

Семинарға дайындық келесідей жоспарланады:

1. тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау; 2. қосымша әрекеттерді іздестіру;

3. талқылауға арналған сұрақтарды даярлау; 4. жауап беруге арналған тапсырмалар мен тақырыптарды бөліп беру; 5. алдын ала жұмыстар мен кеңес берудің ұйымдастырылуы; 6. жауапты бағалау критерийлерін анықтау; 7. өткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау; 8. көрнекілік құралдарын таңдау; 9. семинарды өткізу жоспарын құрастыру.

Семинар сабақтарының құрылымы түрлі болуы мүмкін, ол талқылайтын сұрақтардың дидактикалық тапсырмалардың, студенттердің өзбетті жұмысқа даярлану деңгейіне тәуелді болады:

1. оқытушының кіріспе сөзөі: міндеттерді алға қою, проблеманы алға қою, семинарды өткізу жоспарымен таныстыру;2. студенттердің жауабын тыңдау;3. талқылау кезінде семинар сұрақтарына мән беру;

4. қорытындыларды шығару.«Эмоциялар және жеке тұлға» атты семинар сабағы.

Әдебиеттер:1. Додонов Б.И. В мире эмоций.Киев, 1987.2. Немов Р.С. Психология. М., 1994.

3. Петровский А.В. Общая психология. М., 1990.Семинар мақсаты: оқушылардың адамға және адамның өмірлік қызметіне әсер ететін эмоция механизмдері туралы білімдерін жүйеге келтіру.

Семинарға даярлық.

Семинарға екі апта бүрын оқушылар үш топқа бөлінеді.

Семинарды өткізу құрылымын келесі сызба түрінде көрсетуге болады:

Оқытушының кіріспе сөзі – топтық жұмыс – 1-топ оқушының жауабы – 2-топ рецензиясы – 3-топ рецензиясы – 2-топ жауабы – 3-топ рецензиясы – 1-топ рецензиясы – 3-топ жауабы – 1-топ рецензиясы – 2-топ рецензиясы – топтық жұмыс бағасы – қорытынды.

«Эмоциялар және жеке тұлға» семинарына сұрақтар:

1. эмоциялар дегеніміз не? олардың физиологиялық механизмдері қандай? Эмоциялардың адам өмірлік қызметіне әсері қандай?

2. сезімдерді сезінудің формалары қандай? махаббат сезімдердің қандай категориясына жатады?

3. Өзіндік сана мен өзіндік танымдағы эмоциялардың рөлі қандай? эмоциялар мен адами дербестіктің арасындағы байлпаныс қандай?

4. Эмоциялар көркемөнер саласында қалайша көрініс табады?

Семинар сабағы психологияны оқыту кезінде жаңа білімдерді алу сабағы ретінде кең қолданылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]